Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Өмірбаян

Мен _____________________________, 1963 жылы 12 мамырда, Алматы қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «Қызыл-Ту» ғылыми-өндірістік бірлестігінде: әкем – Достанов Омар – инженер–конструктор, шешем – Достанова Гүлмәрия – кадр бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.

1980 жылы мен №33 қалалық орта мектептің 8 сыныбын бітіріп, №9 кәсіптік-техникалық училищеге түстім. Оны 1981 жылы бітіріп, стенографияны, шетелдік машинкада басу және ұйымдастыру ісінің техникасын меңгерген хатшы-машинистка мамандығын алдым. Училищені бітірген соң, Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп министірлігінің машбюросына жолдама алдым.

1983 жылы машина бюросының меңгерушісі қызметіне ауыстырылдым. 1984 жылдың тапсырмаларын табысты орындағаным үшін Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 1985 жылы Министрліктің іс жүргізуші қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі байқауында бірінші орын алдым.

Тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім – Отарбаев Аманжол Отарбайұлы, 1961 жылы туған. «Алматықұрылыс» акционерлік-коммерциялық бірлестігі, стандарттау бөлімінің инженері. Екі баламыз бар. Ұлымыз – Отарбаев Азамат Аманжолұлы, 1989 жылы туған және қызымыз – Отарбаева Назым Аманжолқызы, 1991 жылы туған. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №212 «Ертөстік» балалар бақшасына барады.

Менің мекен-жайым: 480100, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, № 94-үй, № 82-пәтер. Үй телефоны: 61-80-36

 

21.01.94.

5 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Резюме құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Резюме құрастыруды практикалық жолмен меңгерту.

Резюме

Резюме француз тілінен алынған термин. "Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні" деген мағына береді.

Түйіндеме — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіңдеме сіз туралы толық мәлімет беруі үшін, онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз — өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу.

Жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функционалдық.

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрғен жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады.

Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметі жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, оңда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991—1999 жылдар аралыгында Машина жасау заводында экономист, ага экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқардым ".

Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екенідігі түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

Сонымен, типтік түйіндеменің құрылымы төмендегідей болады;

1) құжат аты;

2) ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);

3) ізденушінің мекен-жайы, телефоны;

4) түйіндеме авторы үміттеніп отырған вакансия;

5) істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;

6) қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;

7) кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.);

8) ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөнінде жазу міндетті емес);

9) үміттенген вакансияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі (бұл бөлім де міндетті емес);

10) қосымша ақпарат (ізденуші қалауынша жазылады);

11) кепІлдеме;

12) түйіндеменің жазылған күні;

13) ізденуші қолы.

резюме

Жүнісова Айнұр

Мекен-жайы: Астана қ.

Кенесары көшесі, 225-үй, 72-пәтер

Үй тел. 36-75-92

Жұмыс тел. 32-43-02

Өзім туралы:

Туған күні, айы, жылы: 01.03.73 ж.

Ұлты: қазақ

Отбасы жағдайы: тұрмыста

Білімі: Астана қаласындағы

көлік және коммуникациялар

инженерлерінің институты, инженер.

Жұмыс тәжірибесі: Локомотив депосында инженер болып істеді. 1996-1998 ж.

1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін “Қазақстан темір жолы ” ЖАҚ Ұлттық компаниясында бас маман болып істейді.

Біліктілігі және білімділігі: қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін,ағылшын тілі – сөздікпен аударады, компьютерде жұмыс істей алады.

Қосымша мәліметтер: спортпен шұғылданады, бимен айналысады.

Қызығушылығы: компьютер

6 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Анықтама, мазмұны мен құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Анықтама жазуды практикалық жолмен меңгерту.

Анықтама

Анықтама – белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, отбасы жағдайы, оқу орны туралы мәлімметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді.

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан “Анықтама” деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.

Үлгімен танысыңыз:

Анықтама № 34/1

2 мамыр 2004 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлтты кітапханаға тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде.

М.Ө.

Оқу бөлімінің бастығы

Ж.Сабырова

7 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Кепілхат жазудың тәртібі.

Сабақтың мақсаты: Кепілхат жазуды, құрастыруды практикалық жолмен меңгерту; жіктеу есімдігі, өткен шақ және ауыспалы осы шақ формаларын қайталау; жалқы есімдерді, реттік және есептік сан есімдерді қайталау.

Негізгі сөздік

куәландыру

- удостоверяю

Тараптардың қолы

- подписи Сторон

міндеттенемін

- обязуюсь

пайыз төлеу

- уплатить процент

үш дана етіп жасалған

- составлено в трех экземплярах

келісімшартқа сәйкес

- в соответствии с договором

басқа талабым жоқ

- других претензий не имею

кепілхат

- гарантийное письмо, поручительство

жекеменшік

- собственность

қолхат беруші

- подписывающий

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]