Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

12. Өндіріс ж/е ұдайы өндіріс. Жай ж/е ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім б.т. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас ж/е тұтыну. Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Осы кезеңде эк ресурстар – жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет сынды өндіріс факторларының өзара ұштасуы қажет. Оның қоғамдық өнімнің қозғалысындағы орнына қарай экономисттер әр түрлі бағыттар ұстанады. Біреулер, бұл саты шешуші мағынаға ие, материалды ж/е рухани игіліктер өндірілмесе, не бөлініп, айырбасталып, тұтынылар еді десе; екіншілер, экономика тек айырбас болғанда қалыптасады, сондықтан тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айтады. Өндірісті екінші кезекке қою экономикаға орасан зор зиян келтіретіні түсінікті. Еңбек өнімділігінің рөлі, мазмұны мен беделі төмендесе, тұтастай қоғамның жасампаз еңбегінің де құлдырауы. Ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай ж/е ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұд өндіріс - өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы, ал ұлғаймалы ұд өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өндірістің тиімділігі өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады. Ұдайы өндірісті екі тұрғыдан қарастыруға болады: жеке-дара ж/е ұлттық экономика деңгейіндегі ұд өндіріс. Жеке-дара ұдайы өндіріске кәсіпкерлік қызмет ж/е оның дамуы арқылы жүзеге асырылатын өндірісті жатқызсақ; ұлттық эк деңгейіндегі ұд өндіріске мемлекет тұрғысынан қаралатын жиынтық өндірістің қалыптасуы мен даму дәрежесін жатқызымыз.

13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.

Экономикалық жүйе өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады ж/е экономиканы ұйымдастырудың нысаны б.т. Басы міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Эк жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген эк жүйе арқылы өз шешімін табады. Эк жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Эк жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан эк-ның тиімділігін арттыру үшін эк жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Эк жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның эк дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Эк жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) меншік нысаны мен эк әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне б-ты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас эк жүйелер. 2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы эк қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді., либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ., аралас – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады. 3) сыртқы эк байланыстардың сипатына байланысты: жабық, ашық эк жүйелер.