Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
киын сурактар.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
181.76 Кб
Скачать

5. Вирусқа қарсы бағдарламалары туралы жазбаша баяндаңыз

Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама - вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.

Интернетте қызықты жерлер мен пайдалы дерек көп, алайда қауіп-қатері де жетерлік. Компьютер электрондық пошта арқылы немесе веб-тораптан қотарылған бағдарламамен бірге келген компьютерлік вирустан зақымдалуы мүмкін. Вирусқарсы бағдарламалардың болмауы вирустардың басқа компьютерлерге таралуына мүмкіндік жасайды.

Көптеген вирусқарсы бағдарламалар өздіктік түрде жаңартылу жетесімен жабдықталған. Вирусқарсы бағдарламалық жасақтама жаңартылған кезде жаңа вирустар туралы мәлімет вирустарды тексеру тізіміне үстеледі де, бұл компьютердің жаңа шабуылдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер вирусқарсы бағдарлама өздіктік түрде жаңартылмайтын болса, жаңа вирустар күн сайын пайда болып отыратындықтан, жаңартуды үнемі қолдан жасап отыруға кеңес беріледі. Егер Сіз қолданатын вирусқарсы бағдарлама жазылуды қажет етсе, жаңартуларды жүйелі түрде алып тұру үшін жазылымды белсенді күйде үзбей сақтауға кеңес беріледі. Егер вирустар тізімі ескірген болса, компьютер жаңа қатерге осал болады.

Егер компьютерде вирусқарсы бағдарламалық жасақтама орнатылған-орнатылмағаны анық белгілі болмаса, төмендегі қадамдарды жасау арқылы мұны анықтап алуға болады. Көптеген ірі компьютер өндірушілер компьютерлерді вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың ең болмағанда сынақтама нұсқасымен жабдықтайды. Алайда, вирусқарсы бағдарламалық жасақтаманың компьютерде болуы оны белсенді екеніне және жүйелі түрде жаңартылып отыратынына кепіл болмайды.

6. «Интернет - ақпарат алмасудың ең танымал құралы»

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.