Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор Аук151.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
208.87 Кб
Скачать

13. Канлы мем

Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да болған. Сырдария және Талас өзенінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігіндегі 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған.

Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.

14.Гундардын саяси тарихы Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.

Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

15.Гундардын согыс онери. Ғұн тайпаларының ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда ғұндар түркше сөйлеген. Ғұн тайпаларына: қыпшақтыр, қаңлылар, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар жатады.Әскери өнері жағынан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Соғысты алыстан, арнайы жасалған ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян — қолтық шайқаста олардай ешкім қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін, олар арқан мен тұзақ алып жүреді, сол арқылы ұстап алады.Өздеріне қауіп төнсе, соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеберлеріне құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады, жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, бірақ майдан шебін бұзбаған күйі, жауларын оп — оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес сияқты.Олар қас қағым сәтте-ақ дүниенің астан — кестеңін шығарады.Тарихшылардың айтуы бойынша, Аттила әскер басы болуға, саясаткерлікке қабілетті адам еді. Мұны Римдіктер мойындаған болатын.

16.Гун тайпаларынын коныс аударуы.Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.

17.Түрик каганаты. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Бұқрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұкан-қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми (Естеми) бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.

Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.

581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.

604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар сайланды.

18.Туриктердин когамдык курылысы. Әлеуметтік және басқару құрылымдары.Түрік қағанатындағы әлеуметтік таптарды көбінесе үшке бөлі қарастырады: 1)ашина руның өкілдері құратын ақсүйектер; 2) еркін адамдардан тұратын халық – «қара бұдұн»; 3) «таттар» - құлдар.Әлеуметтік және билік иерархиясының басында ашина руының өкілі - қаған тұрған.Ең жоғарғы басқару билігі тиесілі болған қаған титулы 551 жылы түркілердің саяси ұйымының егемендік алуымен бірге орнықты.Қаған титулы дәрежесіне қарай екіге бөлінсе керек: «үлкен қаған» және «кіші қаған»Мемлекеттегі қағаннан кейінгі екінші лауазым иесі жабғу болып табылды.Жабғу қағанның орынбасары қызметін атқарды деуге болады әрі үстем ру өкілдерінен сайланды.Түрік қоғамындағы еркін адамдардан тұрған «қара бұдұн» әлеуметтік табы қоғамның негізі болып табылды.Басқа сөзбен айтқанда, бұл тапты кең қолданылатын «бұқара халық» атауының ұғымына қатысты алып түсінуге болады. Өз кезегінде бұл туралы анығырақ айтылады.Түрік қоғамында ақсүйектер және еркін адамдармен қатар әскери тұтқындар қатарынан болған жеке басының еркіндігі жоқ құлдар да белгілі болды.Олардың басым көпшілігі әйелдер болған.Оны айғақтайтын тарихи жәйттар жиі кездеседі.

19.Турки мадениети. Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б.1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстары жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған. Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған,11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенулерінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған.Түріктер қаза болған адамның мәйітін, атын, заттарын қоса өртеген. Түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып,тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.

20.Коне турик жазуы. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тон-к Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы құрылды.

21.Батыс турик каганаты. Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты ( Жамбыл облысының Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып,;он-оқ бұдун; жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған - жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты; қара бұдундар; деп атаған. Түрік қоғамында;тат; сөзі құл деген мағынаны білдіреді. Қағанаттағы негізгі шаруашылық - маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады. Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы; Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.

22.Батыс турик каганаты «Он ок будун». Қағанаттың өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерінде өмір сүретін «10 тайпа» құрады. Шу өзенін 5 тайпа – Дулу, ал бат-қа қарай 5 тайпа – Нушиби жайлады. Астанасы – Суяб(қазіргі Тоқмақ маңы). Жазғы орталығы – Мыңбұлақ. Қағанаттағы бірінші адам қаған – жоғарғы билеуші, әскербасы, жердің иесі болып есептелді. Қағанаттағы жоғарғы шен – жабғу, шад және елтебер атағы тек қаған руына жататын адамдарға ғана берілді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын еркін малшылар(қара бодан) құрады. Жеғұй қаған(610-618) және оның кіші інісі Тон-жабғұ қаған(618-630) билігі тұсында қағанат құдыреттілігі ең жоғарғы дәрежесіне көтерілді. 16жылға созылған(640-657) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретті. Осыны күткен Таң имп-ң әскері Жетісуды басы алды. Түріктер Таң имп-на карсы үздіксіз күрес жүргізіп, ол ақыры 8ғ-ң басында түркештердің жеңісімен аяқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]