Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-Политология.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
44.31 Кб
Скачать

Саяси көшбасшылық ұғымы

Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады. Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді». Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс. Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түіне жатады. Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с. Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура т.б. жатады. Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.

Биліктің белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]