Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

52.Ұлыбританияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстары.

Ұлыбритания - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландияаралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығынБритан Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады. Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетінСеверн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батысШотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.

53.Ұлыбритания шаруашылығының даму ерекшеліктері. Өнеркәсібінің жетекші салалар географиясы.

Ұлыбритания —постиндустриалды мемлекет.Қызмет көрсету саласы басым, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кемуде.Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экон. рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады.Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге — көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар — Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Көліктік машина жасаудың орт-тары — Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын, дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар басым өсіріледі. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]