- •1.Қазақстан туризм географиясы. Пән мақсаты және міндеттері
- •2. Қазақстан туризм географиясының зерттелу тарихы
- •3.Қазақстан туризм тарихының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •4. Туризм дамуына әсер ететін факторларды анықтап, сипаттамасын жасаңыз.
- •5. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларға талдау жасаңыз
- •6. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін саяси факторлар және қр имиджінің рөлі
- •7.Қазақстан туризмінде демографиялық факторлары
- •8. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін ғылыми және техникалық факторлар
- •9. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін экологиялық факторлар және олардың туризмдегі қолайлық себебі
- •10.Туризмнің теориялық негізгі терминологиясын атаңыз және түсініктеріне сипаттама беріңіз
- •11.Туризм дамуындағы территорияны аудандастырудың маңызы. Аудандастыру әдістері.
- •12.Танымдық-рекреациялық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •13.Діни туризмді дамытуға себеп болатын жағдайларды анықтап, сипаттама беріңіз
- •14.Қазақстанның емдік және сауықтыру туризм дамытуына қажетті мүмкіндіктерге сипаттама беріңіз
- •15.Қазақстанның іскерлік туризм географиясының жағдайы және даму болашағы
- •16.Қазақстан туризм географиясының зерттеу тарихы, қандай ғалымдар үлесін қосты?
- •17 Туризм географиясының зерттеу мақсаты мен әдістерін сипаттаңыз
- •18.Территорияны рекреациялық бағалаудың қағидалары және әдістері.
- •19 Қазақстан туризмін жоспарлау және туристік саясат ерекшеліктері
- •20. Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму бағыттарын анықтайтын факторларын сипаттаңыз.
- •21. Спорттық сауықтыру туризмі дамыған аймақтарға сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан туризмінің арнайы түрлері және даму болашағы.
- •23. Қазақстан туризмінің тарихи және мәдени мүмкіншіліктері.
- •24. Қазақстанның табиғи және рекреациялық мүмкіншіліктері.
- •25. Әлеуметтік, экономикалық, рекреациялық мүмкіншіліктеріне баға беріңіз.
- •26. Қазақстан ерекше қорғалатын табиғат территорияларының түрлерін анықтаңыз біріне сипаттама берңіз.
- •27. Қазақстан территориясының әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша аудандастыру.
- •28. Қазақстан туризмінің дамуына себеп болатын маңызды туристік рекреациялық потенциалына сипаттама беріңіз.
- •29. Қазақстанның белгілі бір аймақтың туризм дамуының ерекшеліктері.
- •30. Солтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •31. Оңтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •32. Орталық Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •33. Шығыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •35. Қазақстанның танымдық туризм орталықтарын атаңыз және біреуіне сипаттама беріңіз.
- •36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.
- •37. Қазақстанның іскерлік туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •38.Қазақстанның діни туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •39. Қазақстан қалаларының рекреациялық географиясы.
- •40. Туризмді жоспарлау түрлері және әдістері
- •41.Оңтүстік Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •42. Солтүстік Қазақстанның туризмнің даму мүмкіншіліктері мен болашағы
- •43. Орталық Қазақстанның туризм мүмкіншіліктері және болашағы
- •44. Шығыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •45. Батыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •46. Қазақстандағы дамыған туризмнің түрлерін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.
- •47. Қазақстанның бір аймағы бойынша турды құрастырыңыз және калькуляциясын анықтаңыз.
- •48. Қазақстан туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •49. Қазақстан белгілі бір ауданның табиғи рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •50. Қазақстан әлеуметтік экономикалық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •51. Солтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •52. Оңтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •53. Орталық Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •54. Шығыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •55. Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •56. Қазақстан территориясы бойынша танымдық маршрутты құрастырыңыз.
- •57. Қазақстан территориясы бойынша спорт-сауықтыру маршрутын құрастырыңыз
- •58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.
- •59. Қазақстанның қай аймақтарының емдік туризмді дамытуға мүмкіншілігі жоғары, не себепті?
58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.
Оның 78-і - экологиялық турлар (ұлттық парктер, қорықтар және т.б.), 126 - сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно-курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем деушілерге 18 бағыт бар. Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жерiндегi Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орталықта Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсететін фирмалар агентіктері түрлі саяхаттар ұйымдастырады.
Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6-3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай ауданының Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристiк нысандарға жатады.
Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, тағыда б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жер Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысан Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба-Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай қаласы жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады.
Енді бірнеше туристік маршруттарға тоқталып өтеміз!!
Орал қаласымен танысу!
1-ші күн- топтың Орал қаласына келуі. Таңдалған қонақ үйге орналасу.Кешкі ас. “Кешкі Орал” атты экскурсия.Бос уақыт.
2-ші күн- таңғы ас. Автобустық экскурсия “ Оралдың шіркеулері мен мешіттері” немесе “Орал әмәдениеті”. Түскі ас. Бос уақыт. Музейді таңдау бойынша аралау: С.Гумаров музей-үйі, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, “Ескі қала” музейі.Кешкі ас.Бос уақыт. Таңдау бойынша облыстық театрға немесе сауда- ойын-сауық орталығы “Атриум” бару.
3-ші күн- таңғы ас. Қаланың сыртына автобустық экскурсия жасау: “ Шолохов және біздің өлке”. Түскі ас. Топтың шығуы.
Бөкей хандығына саяхат
1-ші күн-Орал қаласынан 06.00 шығу. Жол бойында экскурсавод қазақтардың тұрмысымен, өмірі, кіші жүз туралы айтып өтеді. Чапаево ауылына 09.00-де келу. Таңғы ас. Экскурсия “ Азаматтық соғыс 1919ж”. В.И.Чапаевтың музейіне,ескерткішіне,қайтыс болған орына бару. Чапаевтан сағ.11.00-де шығу. Одан соң, 14.00-де Жнангалға келу,жолда Бөкей далалары мен нарын құмдары туралы әңгімелеу. Түскі ас. Жанғалдан сағ.16.00-де шығу. Орда ауылына сағ.21.00-де жетеді. Кешкі ас. Қонақүйге орналасу.
2-ші күн- таңғы ас. Орда ауыланда жаяу экскурсиялар. Түскі ас. Жәңгір хан мавзолейіне бару. Кешкі ас. Бос уақыт.
3-ші күн- таңғы ас.таңғы сағ.07.00-де Орда ауылынан шығу.Жанғалға келу. Түскі ас. Чапаевтан Орал қаласына қайту. Кешкі ас. Орал қаласына сағ.22.00-де келу.
Осы тур құны – әр адамға 4000тг. Топта 20 адамнан аз емес.