Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арыстан.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.11 Mб
Скачать

3.2 Қазақстанның терістік өңірлеріндегі суарылмайтын жерлерді бағалау және ондағы астық дақылдарының өнімділіктерін арттыру жолдары

Бұрынғы КСРО-да жерді бағалау жұмыстары тек 1958-1959 жылдары басталған болатын.Дегенмен КСРО құрамына кіретін Қазақстан республикасында жерді бағалау жұмыстары біршама ерте басталды деуге әбден болады. Бұл мәселеге 1954 жылғы кезіндегі партиямыздың Ақпан-Наурыз пленумының шешімдеріне сәйкес, Отанымыздың шығыс бөлігінде,негізінен Азиялық аймағында,соның ішінде Қазақстанның терістік облыстарында ғасырлар бойы бос жатқан миллиондаған гектар тың және тыңайған жерлерді астық өндіру үшін игеру жұмыстары бастама болды.

1954-1960 жылдары партияның осы шешімдері натижесінде бүкіл елімізде 42 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді.Бұлардың біршама бөліктері Оралдың шығысы мен Сібірде болғанымен негізгі бөлігі Қазақстанда болды.Дәлірек айтсақ Қазақстанда игерілген тың жерлер көлемі 25 млн. гектарға жетті, яғни бүкіл игерілген тың жерлердің 60%-ы Қазақстан үлесіне тиді.Жалпыға белгілі тың игеру жұмыстары өте асығыс түрде жүргізілді. Сол кездегі одақтық, жергілікті партия тапсырмаларымен қазақ ғылым академиясының топырақтану институты тың және тыңайған жерлерді игеруге таңдап алу үшін топырақтанушылар мен агрономдарға көмек ретінде 1954 жылдың өзінде жаднама(нұсқаулар) шығарды.

Қазақ ССР ғылым академиясының топырақтану институтының директоры,республикамыздағы топырақтану ғылымының негізін салушы, қазақ ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө.О.Оспановтың жетекшілігімен жасалған бұл нұсқаулар ауылшаруашылық министрлігімен бекіп, сол кездегі тың игерудегі алғашқы негізгі құжат болып саналды [25].Астықты егістіктер үшін жерлерді ауадан түсетін ылғалмен қамтамсыз етілген республикамыздың терістік облыстарында игеру көзделген болатын.Ондай топырақтар болып негізінен екі топырақ зонасы ұсынылды. 1) Орманды-дала және дала зонасы,топырақтары шалғынды-қаратопырақ және ортагумусты (кәдімгі) қаратопырақтар.

2) Құрғақ даланың аз гумусты (оңтүстік) қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтары.

Сол кездегі талапқа сай, жерлерді тез игеруді жеңілдету үшін,осы екі зонадағы топырақтар агроөндірістік қасиеттері,құнарлылығы жағынан 1954-1956 жылдары игеру үшін төмендегідей 4 категорияға (топқа) бөлінген болатын.

1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер

2) Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер

3) Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер

4) Жыртуға жарамсыз сапасы нашар жерлер.

Жоғарғы айтылған екі зонаның жыртуға жарамды сапасы жақсы топырақтарға негізінен біркелкі жер бедеріне орналасқан зоналық қара топырақтар мен күңгірт қара-қоңыр топырақтар жатады. Дегенмен бұл топырақтар сапасы көптеген жағдайларда олардың біркелкі орналаспай, басқа сапасыз, зонааралық топырақтардың араласа кездесуімен көп төмендейді. Мұндай араласа кездесетін таңдақтар болып бұл аймақтарда, негізінен сортаң (солонцы) жерлер орналасады. Егер сортаң таңдақтар жалпы алқаптың 10%-нан аспайтын болса және ол сортаңдар сортаң қабаты тереңде орналасқан терең сортаңдар қатарына жатса, олар игеруге аса көп зиян тигізе қоймайды. Егер сортаңдар көлемі алаптың 25-30%-ын жайласа, және сортаңды қабаты топырақтың бетіне жақын орналасқан майда сортаңдар болса, бұл алқаптар тіпті игеруге болмайтын,немесе сапасы ортадан да төмен жерлер қатарына жатады. Сонымен қара топырақты зонада Ө.Оспановтың жүйесі бойынша төмендегідей жер топтары бөлінген.

1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер қатарына мынадай топырақтар жатқызылған:

а) Ортагумусты (кәдімгі) қара топырақтар

б) Аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар.

в) Шалғынды - қара топырақтар

г) Аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар

д) Сортаңданбаған және аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға шейін.

е) Сортаңданбаған және аздап сортаңданған шалғынды-қара топырақтар терең сортаңдармен 10%-ға дейін

2) Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер қатарына:

а) Сортаңданбаған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

б)Сортаңданбаған және аздап сортаңданған шалғынды қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

в) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар.

г) Құмдақ ортагумусты қара топырақтар терең сортаңдармен 25%-ға дейін.

3) Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлерге:

а) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар.

б) Қатты сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.

в) Сортаңданбаған және аздап сортаңданған ортагумусты қара топырақтар сортаңдармен бірге 25%-ға дейін.

г) Қатты сортаңданған шалғынды-қара топырақтар сортаңдармен 25%-ға дейін.

4) Жыртуға жарамсыз жайылымдық жерлерге:қатты сорланған зоналық топырақтар мен қатар олардың сортаңдармен 25%-дан артық кездесетін алқаптар,зонааралық таза сортаң және сорланған жерлер мен олардың күрделі комплекстері орын алған жерлер жатады.

Тура осындай принциптер құрғақ даланың азгумусты қара топырақтары мен күңгірт қарақоңыр топырақтарды бағалап,категорияларға (топқа) бөлген кезде де қолданылады.Есте болатын нәрсе, тек бұл зонада терістіктен оңтүстікке жылжыған сайын құрғақшылықтың көбейе түсетінін ескеру қажет.Сондықтан да олардың жалпы өнімділігінің,соған сәйкес бағаларының да төмендей түсетіні күмәнсіз.

Сонымен Қазақстан шындығында тың игеру науқанының алғашқы үш жылы өтті.1956 жылы Қазақстан тыңы елімізге алғашқы миллиард пұт астық беріп,республика туына бірінші Ленин ордені қадалды.Республика халқы тың игеруде біршама тәжірибе жинады. Қазақстан ғалымдары да,оның ішінде қазақ ғылым академиясының топырақтану институты да алғашқы тың игерудегі тәжірибелерді ескере отырып,1958 жылы терістік Қазақстан топырақтарының сапасын бағалаудың жаңа нұсқасын ұсынды. [26] Институт директоры Ө.Оспановтың жетекшілігімен ұсынылған бұл жаңа нұсқада тың аймағындағы жерлер сапасы жөнінен төмендегідей 6 топқа бөлінді.

1)Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер.

2) Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер.

3) Жыртуға жарамды сапасы орташадан төмен жерлер.

4) Механикалық құрамы жеңіл жерлер.

5)Игеруге қиын жерлер.

6)Игеруге,жыртуға тіпті жарамсыз жерлер.

Келтірілген тізімнен көрініп тұрғандай, бұрынғы бағалау нұсқасына қосымша тағы екі топ қосылғаны көрініп тұр,олар 4- және 5-топтар; яғни механикалық құрамы жеңіл жерлер мен игеруге (жыртуға) қиын жерлер. Бұл топтардың пайда болуы да тегін емес еді. Баршаға белгілі,тың игерудің алғашқы кезеңінде жоспарды артығымен орындау мақсатында көптеген жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл,құмдақ топырақтар да жыртылып кеткені практикада кездесті. Соның нәтижесінде тың өлкесінде топырақ эрозиясы да көп өріс алды. Міне сондықтан жаңа ұсынылған топырақты бағалау жүйесінде механикалық құрамы жеңіл топырақтар арнайы жаңа топқа бөлінді. Сөйтіп бұл топырақтарды кәдімгі агротехниканы қолданған кезде жыртуға жарамсыз,оларды жырту үшін арнайы агротехника(топырақты қайырмасыз етіп жырту т.б.) қажет екені айтылды. Ал игеруге (жыртуға) қиын жерлер қатарына топырақ комплекстері ішінде сортаң жерлер көлемдері 25-50%-ға дейін жететін алқаптар жатқызылды. Бұл алқаптарды игеру шынында қиын екені түсінікті. Оларды игеру тиімді болу үшін сортаң,ақтаңдақтарды әртүрлі әдістермен жақсарту (мелиорациялау) қажет екені ұсынылды. Міне осы жүйе бойынша Қазақстан тың жерлерін пайдалану көп жылдар бойы жүргізілді.

Жылдар өтіп жатты. Уақытпен бірге тәжірибе де жиналды,ғалымдар да зерттеулерін жалғастырып,ғылыми жұмыстар жүргізді. Осы жылдар аралығында топырақтану институтының ғалымдары республикамыздың барлық облыстарының орта масштабты топырақ карталарын жасап, әр облыс топырақтарының химиялық, физикалық қасиеттерін терең талдау арқылы оларды агроөндірістік топтарға бағалап бөліп,сипатталынған облыстық топырақ монографиялар "Ғылым" баспасынан жарық көрді. Міне осы жағдайлардың нәтижесінде 1975 жылы қазақ ғылым академиясының топырақтану институтының Ө.Оспанов бастаған ғалымдары Қазақстанның жерлерін түгелдей бағалаудың жаңа жүйесін ұсынды. [27]

Бұл топырақтарды бағалап топтастыру жүйесі негізінен топырақтардың зоналық принциптеріне сүйене отырып жасалды.Мұнда жер категориялары,жартылай категориялары,оларға кіретін зоналық топырақтар және олардың агроөндірістік топтары жіктеліп бөлінді.

Агроөндірістік маңызы мен басты пайдалану бағыты жөнінен Қазақстан жерлері төмендегідей 5 категорияға бөлінді.

А - Жыртуға сөзсіз жарамды басым түрде егіншілікке пайдаланылатын жерлер;

Б - Басым түрде шабындыққа жарамды жерлер;

В - Басым түрде жайылымдық жерлер;

Г - Басым түрде ормандық жерлер;

Д - Ауыл шаруашылығына да және орман шаруашылығына да пайдалануға болмайтын жерлер.

Сонымен А,Б және В категориялары ауылшаруашылық жерлерін әртүрлі салада пайдалануларына дөп келеді. Осыған қоса Б және В жер категорияларында Б” және В” жартылай категориялары, яғни егіншілікке таңдап пайдалануға болатын жерлермен қатар, Б” және В” - егіншілікке жарамсыз немесе өте аз пайдаланылатын жерлер бөлінді.

Топырақ жамылғысының ерекшеліктеріне, табиғи өнімділігіне байланысты әртүрлі зоналар мен зонашаларда А,Б,В категориялары зоналық топтарға бөлінді.Осы категориялардағы зоналық топтар топырақтарының сапасы мен олардың өнімділігін арттыруға бағытталған шараларға сәйкес агроөндірістік топтарға,топшаларға бөлінеді.Төменде Ө.Оспановтың Қазақстан бойынша келтірілген топырақтарды бағалап топтастырудың жалпы схемасын келтіреміз.

Категориялар мен жартылай категориялар

А - егіншілікке басым түрде жарамды жерлер. Зоналық топырақтардың біркелкі алаптары және олардың басқа топырақтармен комплекстері мен тіркестері кездеседі.Дегенмен сортаң топырақтар таңдақтары 30%дан аспайтын болып кездеседі.Негізінен табиғи жағдайларда ауадан түсетін ылғалдармен қамтамсыз етілетін дала топырақтарының жазық алқаптары,тауетегі жазықтары,тауаралық ойпаң жерлер.Басым жерлері егіншілік үшін жыртылған.Жерді пайдалану коэффициеті 50%-дан көп.

Сурет 3- Қазақстанның егін шаруашылық аудандары

Б- басым түрде шабындық жерлер.Шалғынды,шалғынды-далалы топырақтар мен солардың тіркестері сортаң таңдақтар 30%-дан аспайды.Біртектес сорланбаған,сортаңданбаған алаптар таңдалып егіншілікке пайдалануға жарамды. Ондай жартылай Б’ категорияға жататын жерлер көлемі шамалы,олардың егіншілікте пайдалану коэффициенті 50%-дан көп төмен. Ал топырақтары күрделі алаптары Б” - жартылай категорияға,яғни бұл шабындықтар жалпы егіншілікке жарамсыз немесе өте аз көлемде жарамдыларға жатады.

В-басым түрде жайылымдық жерлер. Негізінен құрғақ, шөл-дала, шөл зоналарының, таулы аймақ топырақтары, жөнді дамымыған, сорланған, құмды, сортаң топырақтар және құрылымы күрделі кешенді барлық зоналар топырақтары. Мәселен,бұл категорияға ылғалмен табиғи күйде қамтамасыз етілген қаратопырақтар мен ылғалмен жартылай қамтамсыз етілген қара-қоңыр топырақтардың 50%-на дейін сортаң таңдақтары бар алаптары,тауетегі мен тауаралығы ойпаң жерлерінің сапасы жақсы болғанмен жер бедері ыңғайсыз алқаптары жатады. Ескеретін тағы бір жағдай, құрғақ, шөл және шөл-дала зоналарының көп жерлері суарылып, мелиоративтік шараларды қолданған жағдайда егіншілікке жарамды.Бірақ,өкінішке орай,ондай мол жерлерді суаруға су көздері жоқ.

В’ -бұл категория жерлер арасында да егіншілікке жарамды жартылай категорияға жататын жерлер болып табылады. Бірақ,олардың көлемі өте аз, себебі оларды игеру су көздерінен басқа да күрделі мелиорация шараларына байланысты. Азда болса бұл категория жерлері арасында В” - жартылай категорияға жататын,яғни егіншілікке тіпті жарамсыз немесе өте аз көлемде жарамды жайылымдар да орын алады.

Г- басым түрде орман шаруашылығына жарамды жерлер. Таулы алқаптардағы және жазықтағы орманды жерлер,оған қоса өзен бойларындағы тоғайлы ормандар жатқызылады. Бұл алқаптардың біршама жерлері шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Ал шөлдегі бұташалар мен сексеуілді ормандар түгелдей В-категориясына,яғни жайылымдарға жатады.

Д-Ауыл шаруашылығына да және орман шаруашылығына да пайданылмайтын жерлер.Бұл категория жерлер қатарына таза сорлар,батпақтар,жылжымалы құмдар,тау жыныстарының көріністері,мұздықтар т.б. топырақ емес құрылымдар жатады.

А -Категорияларындағы зоналық топырақтар топтары.

1.Тұрақты суарылмайтын егіншілік жерлері-орманның сұр топырағы,сілтісізденген қара топырақтар,орманды-дала,таулы-дала,аласа-таулы және Алтай,Тарбағатай тау етектері топырақтары.

2. Салыстырмалы тұрақты суарылмайтын егіншілікті жерлер - құрғақшылығы шамалы даланың кәдімгі қара топырақтары.

3. Құрғақтау даланың аса тұрақты емес суарылмайтын егіншіліктің оңтүстік қара топырақтары.

4. Құрғақ даланың тұрақсыз суарылмайтын егіншіліктің күңгірт қара-қоңыр топырақтары.

5. Құрғақ даланың өте тұрақсыз суарылмайтын егіншіліктің қара-қоңыр топырақтары

6. Тау баурайлары мен етектеріндегі (негізінен Тянь-Шань тауларының) суармалы және суарылмайтын егіншіліктегі сұр топырақтары,қара-қоңыр және ашық-қоңыр топырақтары.

7. Тянь-Шань аймағындағы таулы-далалы,тау аралығы ойпаттары мен тауетегі далалы топырақтары.Тұрақты суарылмайтын таудың қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақтары.Тәлімі тау егістік (богара) жерлері.

Б - Категорияларындағы зоналы топырақтар.

1. Қара топырақты зонаның ойпаң жерлеріндегі шалғынды,шалғынды-далалы топырақтары.

2. Қара-қоңыр топырақты зонаның ойпаң жерлеріндегі шалғынды,шалғынды-далалы топырақтары.

3. Құба және сұр-құба топырақты шөл зонасының шалғынды топырақтары.Көлтабанды ойпаң жерлер мен өзен бойлары.

4. Таулы аймақтардың шалғынды және шалғынды-далалы шабындықтар топырақтары.

В-Категориядағы зоналы топырақтар.

1. Шамалы құрғақтау және құрғақтау далалық жайылымдар топырақтары.

2. Шамалы құрғақ және құрғақ далалық жайылымдар топырақтары.

3. Шөл-дала зонасының жайылымдық топырақтары.

4. Шөл зонасының жайылымдық топырақтары.

5. Тау етегіндегі шөл-дала белдеуінің жайылымдық топырақтары.

6. Тау етегі мен тауаралық дала зонасының (белдеуінің) жайылымдық топырақтары.

7. Таулы жайылымдар,бұған негізінен таулы субальпілік,альпілік белдеулер жатады.

Агроөндірістік топтарға сол топырақтарды игеру үшін қажетті негізгі шаралар бағыты бойынша бөлінсе,агроөндірістік топтар бөлімшелеріне топырақтарды игеру үшін нақтылы қандай шараларды қолдану қажеттілігіне қарай бөлінеді. Төменде әртүрлі категория,жартылай категориялар бойынша топырақтардың агроөндірістік топтары мен топтар бөлімшелері келтірілген.

А-категориясы бойынша

1. Арнайы жақсарту шараларын керек етпейді.

а)кәдімгі зоналық агротехника қажет.

б)бөлектенген,арнайы агротехника қажет.

2. Топырақты жел эрозиясынан сақтауды қажет етеді.

3. Топырақты су эрозиясынан сақтауды қажет етеді.

4. Топырақтың сортаңдануымен күресті қажет етеді.

а)сортаңданудың зиянды қасиеттерімен күресу.

б)сортаң таңдақтармен күрес.

5. Топырақ эрозиясымен және сортаңданумен күресу.

6. Суаруды және екінші рет тұзданумен күресу қажет.

Б - категориясы бойынша

Б1- егіншілікке таңдаламалы жарамды жерлер.

7. Топырақтың ылғал тәртібі реттеуді қажет етеді.

а)топырақтың артық жербеті немесе жерасты ылғал болған жағдайда.

б)топырақты су эрозиясынан қорғау қажет.

8. Суаруды және екінші тұзданумен күресу қажет.

Б2 - егіншілікке өте аз немесе тіпті жарамсыз жерлер.

9. Басым түрде жер бетін жақсартуды қажет етеді

10.Басым түрде күрделі жақсартуды қажет етеді.

В - категориясы бойынша

В1 - егіншілікке таңдамалы түрде жарамды жерлер.

11. Топырақты жел эрозиясынан қорғау қажет.

12. Топырақты су эрозиясынан қорғау қажет.

13. Топырақтың сортаңдануымен күресу қажет.

14. Топырақ эрозиясымен және сортаңданумен күресу қажет.

15. Суаруды және екінші сорланумен күресуді қажет етеді.

В2- егіншілікке жарамсыз немесе өте аз жарамды жерлер.

16. Топырақ бетін жақсартуды қажет етеді.

17. Топырақты күрделі жақсартуды қажет етеді.

18. Топырақ бетін және күрделі жақсартуды қажет етеді.

Міне сонымен Ө.Оспановтың бұл негізінен суарылмайтын егістіктер мен басқа да халық шаруашылық салаларындағы жерлерді кең масштабта бағалаудың және жерді қажет бағытта пайдалануға жасаған жалпы жүйесі. Бұл материалдарды жер кадастрын жасаған кезде,тікелей пайдалануға болмайтыны түсінікті жағдай. Себебі жер кадастрын жасау үшін,яғни топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық бағалау үшін нақтылы топырақ түрлері мен нақтылы эталонды шаруашылық материалдары қажет. Бұл саладағы алғашқы ізденістер,бастамалар 1968 жылы Одақта алғашқы шыққан жер кодексіне сәйкес бүкіл елімізде, әрбір одақтас республикаларда басталып,1990 жылдары Одақ тарап әр республикалар егемендік алғанда бұл жұмыстар тез өріс алды. Қазақстанда нарықтық экономикаға сәйкес жер кодексі қабылданып, жер кадастры жасалды. Ол жайында төменде айтылады.

Қазақстанның қара топырағының тың және тыңайған кезеңде игерілуінің маңызы мен нәтижелерін қарастырсақ

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны.

Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы – республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.

Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас, ортақ.

Тіліміз бен мәдениетіміз, тіршілік ету салтымыз көрші орналасқан қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ сияқты түркі тілдес халықтармен ғасырлар бойы ұқсас, өзектес болып келсе, Қазақстанның территориясы осы аталған халықтар мекен еткен республикалар мен Тәжікстанның жер көлемін қоса есептегенде 2 есе үлкен екен. Жер көлемі мен шекарасының айнала алғандағы ұзындығы жөнінен әлемдегі ең ірі деген жеті мемлекеттін қатарынан орын алатын Республикамызда мыңғырған мал өсірдік, егін салып, әр жылдарда миллиардаған пұт астық жинап келдік. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп те дамыды.

Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндлеті қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде – тың игеру) жетістіктері мен жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың іргетасын қалауымыз қажет. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің сөзімен айтсақ: «Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды». Сол себепті, тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын зерттеу мәселесі қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны дау туғызбайтын мәселе.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс, барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп, ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе жатқан кезде ғана қолға алынды. [28]

Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи-ауыл шаруашылық аймақтар мен басымдық топырақ таратылуының 2-схемалық картасы

I-1

Орманды дала аймағы

(Солтүстiк Қазақстан шалғай ауданы)

II-2

Дала аймағы

Дағдылы аймақты қара топырақ

(Солтүстiк Қазақстан шалғай ауданы)

II-2

Оңтүстiк өңiрдегi аймақты қара топырақ

(Солтүстiк Қазақстан шалғай ауданы)

III-2

Қуаң дала аймағы

(Орталық Қазақстан шалғай ауданы)

Қазақта “Елу жылда – ел жаңа” деген сөз тіркестері бар,бұл тегін айтылмаса керек.Шындығында 50 жыл деген біршама уақыт,ғасырдың жартысы,ал ғасыр деген бүкіл халық түсінігінде өте көп уақыт көрінетіні көптен белгілі.Қазіргі ғылыми-техникалық үдеудің кезінде елу жылдың ішінде көптеген өзгерістер болып,жаңарып жататыны түсінікті жағдай.

Сонымен өзіміздің көз алдымызда өткен,біршама уақыт тікелей қатысып ортасында жүрген тың игеру ерлік эпопеясына да 50 жыл болып қалыпты.Ескеретін жағдай,әлемдік егіншілік практикасында, осындай аз уақыт ішінде соншалықты мол жерді ірі масштабта бір мемлекеттің игеруі бұрынды-соңды болмаған оқиға екен.Әдетте, мұндай ірі тірліктерді дұрыс бағалау дер кездерінде емес, біршама уақыттар өткеннен кейін болатыны заңды нәрсе.Міне,осы уақыттар ішінде игерілген тың жайында оны мақтаған да,тіпті даттаған да мақалалардың біршамасы жарық көрді [29]. Мұндай көлемде жүргізілген ірі істерде жалпы жетістіктері мен қатар кейбір кемістіктерінің болуы заңды дей келе ,бұл мәселеге байланысты осы саладағы маман, тың игеруге біршама қатысушы ретінде өз көзқарасымызды білдіруді жөн көрдік.

Тарихтан белгілі 1950-жылдарға дейін КСРО-да игерілмеген тың және тыңайған жерлеріміз бола тұра оларды кең көлемде игеруге мүмкіндік болмады.1940-жылдарға дейін сыртқы және ішкі жаулармен күресіп,“социолизмді құрумен” айналысқан халық, 1941-1949 жылдары бүкіл Кеңес халқының күш қаражаты Ұлы Отан соғысынан қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге бағытталды.Соғыстан кейінгі халықты қамтамасыз етуден карточкасын жою, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүкіл әлемдегі,соның ішінде КСРО-да халықтың үдемелеп өсуі ел алдында өте жауапты міндеттері өсіп келе жатқан халықты барлық азық-түлікпен, оның ішінде бірінші кезекте астықпен қамтамасыз етуді қойды.Міне,осы түбегейлі мақсатты орындау үшін еліміздің шығыс аймақтарында негізінен ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген жерлерді арзан астықты өндіру үшін жырту қолға алыңды [30]. Ескеретін тағы бір жайт,бұл мәселе Одақ бойынша 1950 жылдың ақпанында көтерілгенімен ,ал шындығында Қазақстанда 1950- жылдардың бастарында аздап та болса жүзеге аса бастағанын еске салғымыз келеді.Мәселен,сол жылдары Қазақстанда министрлер кеңесінің бастығы қызметін атқарушы білгір ауыл шаруашылығының маманы Е.Тайбековтың орталық баспасөздерде Қазақстан тыңын игеру жөнінде бастамасын көтеріп, Қазақстанның солтүстік аудандарында біршама тың игеру жұмыстары басталған.Мысалы, соғыс, еңбек ардагері С.Боранқұловтың мәліметтеріне қарасақ 1953 жылдың өзінде Қостанай облысының колхоз-совхоздары өздерінің жағдайларының келгеніне қарай, дөңгелек трактормен , ат, өгіз күшімен 100-200 мың га, ал басқа солтүстік облыстарды қосқанда 300-400 мың га тың жерлер жыртылған, негізінен жаздық бидай егістіктері егілген болатын [31].

Ал1954 жылғы ҚОКП-ның ақпан-наурыз пленумының шешімдерінен кейін кеңбайтақ еліміздің шығыс аймақтарында тың және тыңайған жерлерді игеру аса масштабта жүргізілді.Аз уақыттың ішінде елімізде 42 млн га тың және тыңайған жерлер игерілді,оның 25 млн .га, яғни игерілген жерлердің 60%-ы Қазақстан үлесіне тиді.Мұндай аз мерзім ішінде соншалықты көп жерді игеру әлемдік практикада кездеспеген оқиға.

Сонымен,1953-ші жылы республикамыздың бүкіл егістік жер көлемі 10,6 млн га болса тың игеру нәтижесінде жалпы жыртылған жер көлемі 36 млн гектарға жетіп, Одақтың шығысындағы ірі мал шаруашылықты аймағына қоса,ірі астықты жерге айналды.Осы жылы С.М.Киров атындағы

мелекеттік университетінің биология-топырақтану факультетінің топырақтану бөлімшесін бітірген топ жас мамандар,орталығы Петропавл қаласында орналасқан тың жерлерді таңдау экспедициясына жұмысқа барып ,экспедицияның жұмасуымен Көкшетау облысының Қызылту ауданында жаңа құрылған “Бидайық”, “Озерный” кеншарының топырақтарының сапаларын анықтап каратаға түсірумен айналысты.Әр картаға кеншараларда кездесетін барлық топырақтардың зертханаларда анықталған химиялық сипаттамалары,бағалары қоса берілген.

Тыңды бүкіл Одақ болып игергені баршаға аян.Соншалықты мол жерді және өте аз уақыттың ішінде игеру- Одақтың күшінсіз мүмкін емес еді. Отанымыздың шығыс аудандарында ,соның ішінде Қазақстанға негізінен жас мамандар ,комсамол жолдамасымен ,өте мол жаңа техникалар ағылды.Кезінде Одақ тың игеру ісіне өте мол қаржы,дәлірек айтсақ Республикамыздың премьер-министрінің орынбасары- ауыл шаруашылығы министрі А.Есимовтың соңғы мәліметіне сүйенсек, 40млрд кеңестік рубль жұмсалыпты.Бұл өте көп қаржы [32].

Қазақ ғылым академиясының топырақтану институты жаңа кеңшарларға жарамды жерлерді таңдауда жалпы ғылыми әдістемелік жетекшілікті жүргізді.Ө.Оспанов басқарған институт ғалымдары жаңа астық кеңшарларын ұйымдастыру үшін Солтүстік Қазақстан аймақтарында қара топырақты зона мен күңгірт қара қоңыр топырақты зрнашада кездесетінтоырақтарды сапасына қарап төменгі төрт топқа бөлді:1) жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер; 2) жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер;3) жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер; 4) жыртуға жарамсыз жерлер.Бұл жұмыс ауылшаруашылық министрлігінен қолдау жасап,арнайы “Нұсқаулық” ретінде басылып шығып ,Солтүстік Қазақстанда астықты шараларды таңдап, орналастыру үшін негізгі құжат болды.Ал ұйымдастырылған жаңа астық шараларының ірі масштабты топырақ карталарын жасау тың игерудің екінші кезеңінде, яғни 1955-1956 жылдары басталды [33].

Ал, тың игеру кездеріндегі егіншілік жүйесін көп жылдар бойы ізденістер жүргізіп қалыптастырған , тыңның бас аграномы атанған, Социалистік Еңбек Ері,атақты академик А.И. Бараев болды. А.И.Бараев дүниеден өткен соң оның ұлағатты ісін тың өлкесінде, өзінің тікелей шәкірттері Э.Ф.Госсен, М.И.Сүлейменовтар жалғастырды.

Әдетте тың туралы сөз болғанда ,негізінен тек Солтүстік Қазақстандағы астықты жерді еске аламыз.Бұл жалпы дұрыста шығар.Себебі,негізгі тың игерілген аймақтар осы аймақтарға жатады.Дегенмен , есте болатын нәрсе,тың игеру аумағы тек Солтүстік Қазақстанмен байланысты.Қазақстанда өсірілетін бидай сорттары аса бағалы болатынын ескеруіміз керек.Жалпы,бидайдың құрамы ұлпа мен ақуызға неғұрлым бай болса ,оның құны соғырлым қымбат.Дәл осындай бидай Қазақстанның тыңында өседі,оған бұл аймақтың құрғақтау климаты мен сортаңдау топырағы қолайлы.Мұнда өсетін бидайдың қатты және күшті сорттарының құрамы ұлпа мен ақуызға бай келеді де,барлық рынокта сұранысқа ие болып,қымбат бағаланады.Бұл бидайдың қамырлық ,нандық сапалары өте жоғары болады.Сондықтанда Қазақстан бидайын басқа ылғалы мол аймақтарда өсетін бидйларға қосып,олардың қамырлық ,нандық қасиеттерін жақсартады.Міне, осы жағдайлардың барлығы тойланған – тың игерудің 50 жылдығын өткен ғасыр тарихындағы ‘өте бір жемісті оқиға’ деп атауға әбден болады [34].

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі піскіш сорттарының тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері

Белгілі жаздық жұмсақ бидайдың тамыр жүйесі ұрықтық, колеоптильдік және түптену тамыршаларынан құралатыны. Бұл себепте айта кету керек, әр тамырлардың түрлеріне тән ерекшеліктері бар, олар өсе бастауы, дамуы және қоршаған ортаға қойылатын талаптары О.Г.Грамматикатидің дәлелдеуінше, құрғақшылық жағдайларда өнімнің негізгі бөлігі ұрықтық тамырлардың дамуымен байланысты[35].

7 кесте

Жаздық бидайдың пісу мезгілі әртүрлі сорттарының ауа райы өзгеруіне байланысты өнімділігі / ц/ га/ Шортанды, Қазақ, АШҒЗИ, алғы дақыл-сүрі жер/

Стандарттан ауытқу

-8,8

-3,1

+0,0

+0,5

+1,5

+1,5

+2,3

+2,8

+3,0

Орташа 6 жылда

9,7

15,4

18,6

19,0

20,0

20,0

20,8

21,3

21,5

Мамыр-маусым-дымқыл, шілде-тамыз құрғақ-шылық

20,8

27,0

31,2

35,8

37,0

37,6

38,0

39,8

38,8

2,1

Маусымның құрғақшылығы

6,0

8,0

11,9

11,0

15,1

13,2

15,5

14,4

15,2

1,6

Тамыздың құрғақшылығы

7,3

15,9

18,7

19,2

18,4

18,0

17,9

20,2

19,6

1,8

Мамыр-маусымның күшті құрғақшылығы

1,7

7,2

9,3

9,7

10,0

10,3

11,5

11,3

11,3

1,3

Шілденің құрғақшылығы

10,5

15,7

19,2

16,7

18,6

17,9

20,6

20,1

20,1

0,5

Тамыздың құрғақшылығы

11,6

18,4

20,5

21,8

20,6

20,1

21,4

22,0

23,9

1,0

Сорттың типі

Ерте

Орташа ерте

Орташа

Орташа

Орташа

Орташа кеш

Орташа кеш

Орташа кеш

Орташа кеш

Сорттар

Эритроспермум 841

Альбидум 24

Саратовская 29-ст

Шортандинская 25

Уральская 52

Акмолинка 1

Целиноградка

Сибирячка 4

Пиротрикс 28

НСР 0,95

Құрғақшылық жылдары, топырақтың үстіңгі қабаттары кеуіп қалғандықтан түптену тамырлары толық дамымай немесе құрастырылмауы мүмкін, сол себептен жаздық бидайдың өсімдіктерінің өсіп және өнім беруі ұрықтық тамырларымен байланысты [36,37].

Сонымен , көп зерттеушілердің ойынша өнімді құрастырғанда ұрықтық тамырлардың маңызы зор, әсіресе жауын-шашын болмаған жылдары. Бірақ бидайдың әр түрлі сорттарының жоғары өнім беру үшін ұрықтық тамырлардың дамуымен қатар түптену тамырларының жақсы дамығаны керек [38].

Жаздық жұмсақ бидайдың ұрықтық тамырлары ерте көктемде дамуын бастайды, топырақтың ылғалдылығы жоғары уақытында. Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттары мен түрлерінің тамырлары дамуында көп өзгешілік байқалады, өйткені тамыр жүйесінің дамуы, ұзындығы және топыраққа тереңдеуі сорттық ерекшеліктеріне байланысты, сорттық ерекшелік ретінде жаздық бидайдың тамыр жүйесінің күшті дамуы үш жапырақ мерзімінде айқын байқалады[39,40]. .

Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағының жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың өсімдіктері ерте даму кезінде өте қолайсыз жағдайларға түседі, ауаның төмен қатынастық дымқылдығына, топырақ бетінің жоғарғы температураларына, аңызақ желге және т.б., осының бәрі егісті сиретеді. В.Е.Писаревтің ойынша, осындай экстремальдік жағдайларда өсімдіктердің өсіп келе жатқанында тамыр жүйесі ұзын және жақсы дамыған түрлер жоғары өнімді және өміршіл болады, тамыр жүйесі нашар дамығандармен салыстырғанда.

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесін салыстырып зерттегенде, Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында, біздің байқағанымыз, кешірек пісетін жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидайдың сорттары тез пісетін өнімі төмендеу сорттарға қарағанда, өсіп-дамуының бастапқы кезеңінде жылдамырақ және күштірек тамыр жүйесін құрастырады. Ол айырмашылықтар әрі қарай өсіп - дамыған сайын тіпті көбейе береді/8-9 кестелер/.

8 кестедегі келтірілген эксперименттік көрсеткіштер айқындағанындай, үш жапырақ мерзімінде кеш пісетін Пиротрикс 28 сорты, тез пісетін К-47455 күрделі қысқа сабақты буданмен / Мексика/ және орташа пісетін Саратовская 29 сортымен салыстырғанда, өте терең кеткен басты ұрықтық тамырмен және бір өсімдікке келетін тамырлардың ұзындығымен көзге түседі.

Тамыр жүйесінің дамуының әжептәуір екендігі, жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарында Солтүстік Қазақстанның масақтану мерзімінде тамырларын өлшеп есептегенде, ең көп масса кеш пісетін Пиротрикс 28 сортына келгені, бұл көрсеткішті пайыздап көрсетсек, ол Саратовская 46 сортынан 51,1 % , ал күрделі қысқа сабақты буданнан К-47455 /Мексика/ 61,7 % көп.

8 кесте

Жаздық жұмсақ бидайдың әртүрлі пісетін сорттарының бастапқы өсу мерзіміндегі тамыр жүйесінің жалпы дамуы (Шортанды, Қазақ АШҒЗИ)

Сорттар

Шығу тегі

Піскіштік тұрі

Бір өсімдіктің тамырларының ұзыңдығы

Бір өсімдіктің тамырларының топыраққа тереңдеуі, см

Ұрықтық тамырдың топыраққа ең терең кетуі, см

Ұрықтық тамырларының саны, см

Бір жапырақ кезеңі

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

35,0

10,2

13,2

3,6

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

38,0

11,5

14,5

3.4

Пиротр икс 28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

48,2

10,8

15,3

4,5

пісетін

Бкі жапырактар кезеці

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

69,1

20,4

28,8

3,4

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

71,9

15,7

29,8

4,6

Пиротр икс28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

80,4

17,7

36,4

4,5

пісетш

Үш жапырақтар кезеңі

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

98,6

30,2

39,6

3,3

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

98,0

22,2

33,4

4,4

Пиротр икс28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

121,6

27,4

47,0

4,4

пісетш

Солтүстік Қазақстанның аймағының жағдай жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесінің сортты ерекшеліктері дамуының жылдамдығы мен күштілігінде ғана емес, ол морфологиялық құрылысына да байланысты. Жаздық жұмсақ бидайдың Пиортрикс 28 сорты орташа кеш пісетін топқа жатқандықтан күшті және тарамдалған ұрықтық және түптену тамырларын дамытады. Тез және ерте пісетін сорттар бұл жағдайлардан әлдеқайда қалып қояды.

9- кесте

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының 0-60 см топырақ кесіндісіндегі тамырлардың құрғақ массасы

/Шортанды ,Қазақ АШҒЗИ, суармалы жер/

Сортгар

Піскіштік типі

Топьрақ кесін-дісіңцегі бір өсіццік тамырының құргақ массасы

Бір өсімдік тамырының құрғақ массасының сортқа қаты-настығы (%)

Пиротрикс 28

Орташа кеш пісетін

311,1

100

Саратовская 46

Ерте пісетін

151,5

48,9

Күрдепі қысқа сабақты будан К-47455

Тез піоетін

119,2

38,3

Жаздық бидайдың тез пісетін сортының теориялық үлгісін құрғанда біз қазіргі уақытта бидайға жақын, осы аймақта, тез пісетін және жоғары өнімді түрлер барлығын байқадық.Солтүстік Қазақстанның аймағында өндірілетін астық дақылдарының көптеген түрлерін талдай отырып біз жаздық арпа дақылына тоқтадық. Жергілікті климаттың жағдайында бұл дақылдың тез пісетіні және жоғары өнімділігі - ең басты қасиеті. Алты жыл ішінде салыстырмалы егістіктерде жаздық жұмсақ бидай сорты Саратовская 29 20,4 ц/га өнім берсе,арпаның сорттарының өнімділігі, бір алғы дақылда,21,5-22,8ц/га болды /10-кесте/

Станция аралық сорт сынаудагы жаздық жұмсақ бидаймен арнаның салыстырмалы өнімділігі (Шортанды п., Қазақ АШҒЗИ)

Сорт

6 жылдың орташасы

Саратовская 29 аутқу, ц/га

сүрі жермен

Бидаймен

бидай сүрі жерден кейін

Саратовская 29 Ең жақсы сортгар

22,4

25,5

бақылау +5,1

+2,0 +5Д

бидай бидайдан кейін

Саратовская 29 Ең жақсы сорттар

20,4 23,2

-2,0 +0,8

бақылау +2,8

арна бидайдан кейін

Целинный 5 Омский 13709 Европеум 353/133

21,5 21,6 22,8

-0,9 -0,8 +0,4

+ 1Д

+ 1,2 +2,4

Зерттеу жүргізген жылдардың мәліметтеріне қарасақ, Саратовская 29 сортының өсу мерзімінің ұзақтығы, орта есеппен 79 күн, ал арпа сорттарының көрсеткіштері 72-74 күн,яғни 7-5 күнге қысқа /11-кесте/.

11-кесте

Арпаның әр түрлі сорттарының және жұмсақ бидайдың Саратовская 29 сортының өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы /Шортанды п. Қазақ АШҒЗИ/

Сорт

6 жылдық орташасы

Целинный 5

72

Омский 13709

72

Европиум 353/133

74

Саратовская 29

79

Сонымен жаздық бидайдың тез пісетін сорттарын жоғарыда айтылған қасиеттермен, селекциялық жолмен күшейтсек, мүмкін жаздық бидайдың сорттарында, Солтүстік Қазақстанның аймағындағы арпа сорттарының өнімділігі пайда болар.

Сонымен, айтылғандардан өте қажетті қорытынды жасауға болады, жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін түрлерін іздегенде, жергілікті климаттың жағдайында өнімді болатын, зерттелетін материалды бұл аймақта мамырдың аяғында және маусымның басында себу керек /12-кесте/.[41].

12 кесте

Жаздық жүмақ бидайдың сорттарының егу мерзіміне байланысты өнімділігі (ц/га)

Піскіштік түрі

Сорттар-дың саны

Егу мерзімі

10 мамыр

20 мамыр

30 мамыр

Тез пісетін

3

8,6

13,7

18,4

Орташа пісетін

4

23,6

25,3

30,7

Орташа кеш пісетін

5

32,3

34,7

35,8

НСР 0,95

4,0

3,8

4,7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]