Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1257_zen_gidrometriasy.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
110.83 Кб
Скачать

80 Жәнеодан да артық.

Өзен ағындысының қай сипаттамасын өлшеу кезінде батометр-шөлмек қолданылады.

Су лайлылығын.

Өзен ағындысының қай сипаттамасын өлшеу үшін вакуумды батометр қолданылады.

Судың лайлылығын.

П

Практикада анағұрлым жиi қолданылатын ағыс жылдамдығын өлшеу әдiсiн атаңыз

С2, ГР-100, ГМЦМ-1, ГР-21, ГР-21М, ОТТ С31 құралдарының көмегімен.

Практикада анағұрлым жиi қолданылатын екi су өтiмiн өлшеу әдiсiн атаңыз.

Гидрометриялық зырылдауықпен, қалтқымен.

Р

Рейка нөлiнiң немесе қада басының келтiру шамасы дегенiмiз.

қада басының немесе рейка “0”-нiң биiктiк белгiсiнiң бекет “0”-нiң биiктiк белгiсiнен артық шамасы.

Ресей (қазiргi мемлекеттiк) гидрологиялық институты (МГИ) мына жылы құрылды.

1919 ж.

С

Су өтiмiнiң қисығы дегеніміз.

Өзеннiң көлденең қимасы ауданының, ағыс жылдамдығының су деңгейiне тәуелдiлiгiн, су өтiмi мен су деңгейiнiң арасындағы тәуелдiлiктi көрсететін график.

Су деңгейi жөнiндегi деректер қай жылдан бастап жариялана бастады.

1881 ж.

Су деңгейiнің анықтамасы.

су объектiсiндегi су бетiнiң биiктiк орнын.

Су өлшеу бекетiнің анықтамасы.

өзендегi гидрологиялық өлшеулер мен бақылаулар кешенi жүргiзiлетiн орын, жүйелi түрде (басым бөлiгiнде күн сайын) және белгiлi бiр мерзiмде су деңгейiнiң биiктiгiн анықтайтын құрылғы.

Су деңгейi iлгектi рейканың көмегi бойынша қандай дәлдiкпен анықталады.

0,1 см.

Су деңгейiн өзу жазушыда қандай сағаттық механизм қолданылады.

гiрлiк, серiппелi, электрлiк және электрондық.

Су деңгейiн өзi жазушы “Валдайдың” қаламы бар кареткасы қозғалысқа келедi:

гірлік, электрондық, серіппелі сағаттық механизммен.

Су деңгейiн өзi жазушы ГР-38-де барабан қозғалысқа келедi:

уақыт өлшеуші механизммен.

Су деңгейiн қашықтықтан өлшеушiнiң негiзгi бөлiктерi:

су деңгейi датчигi, байланыс каналы, тiркеушi құрылғы және қоректену көзi.

Су деңгейiн өзi жазушы дұрыс жұмыс жасаған жағдайда қалтқы суға қандай тереңдiкте батуы керек.

өз қалыңдығының 2/3.

Су өлшеу бекетi орналасқан учаскедегi ең төменгi су деңгейiнiң биiктiк белгiсi 125, 75 м Б.Ж. су өлшеу бекетiнiң ең соңғы қадасының биiктiк белгiсi шамамен қандай болуы керек.

125,60 м Б.Ж.

Су деңгейiнiң биiктiк белгiсi 137,65 м Б.Ж. Бақылау 4 қада бойынша жүргiзiлген. Су деңгейiнiң алынған есебi 43 см. 4 қаданың басының биiктiк белгiсi (м Б.Ж.).

137,22.

Су деңгейiнiң биiктiк белгiсi 138,65 м Б.Ж. 2 қада бойынша алынған есеп 43-ке тең. Бекет “0”-нiң биiктiк белгiсi 134,85 м. 2 қаданың келтiру шамасын анықта.

337.

Су деңгейi тәулiгiне екi рет бақыланды және бекет “0”-нiң үстiндегi су деңгейi тәңертең сағат 8-де 145 см, кешкi сағат 20-да 205 см болды. Бекет “0”-нiң биiктiк белгiсi 1000 м Б.Ж. Орташа тәулiктiк су деңгейiнiң абсолюттiк биiктiк белгiсiн табыңыз (м Б.Ж.)

1001,75.

Су өлшеу бекетiнде су деңгейi бiрқалыпты көтерiлген кезеңде, яғни 1996 жылдың 15-17 маусымында су деңгейi өлшенбей қалған. Бекет “0”-нiң үстiндегi су деңгейi 14.06 күнi 65 см, ал 18.06-күнi бекет “0”-нiң үстiндегi су деңгейi 85 см болды. Маусымның 15, 16, 17 жұлдыздарында су деңгейi қандай мәнге ие болды (см).

70, 75, 80.

Су бетi ашық болған жағдайда судың салқындауының нәтижесiнде су қабатында және судың түбiнде түзiлетiн мұз:

су iшi мұзы.

Судың бетiне қалқып шыққан, құрамында көбiнесе шарбы мұз, көксоқта, майдаланған мұз бар болатын су iшi мұзы:

Анжыр.

Су деңгейi көтерiлген кезде мұздың су түбiне дейiн шайылып немесе жағадан ажырап кеткен кезiнде бiр немесе екi жағаның бойында пайда болатын су жолағы қалай деп аталады.

Кемерсу.

Су бетiнде де, су қабатында да ешқандай мұз жоқ болған кездегi өзеннiң жай-күйi қалай деп аталады.

Таза.

СДӨЖ “Валдай” таспасындағы ирек тәрiздес жазбаның себебi неде.

лимниграфтық құдықты өзенмен байланыстырып тұратын құбыр қимасының үлкендiгi.

Су өлшеу бақылауларын алғашқы өңдеу жұмыстарының құрамына қандай жұмыстар кiредi (барлық негiзгi жұмыстарды көрсетiңiз).

КГ –1М (ж) кiтапшасын, СДӨЖ-ның таспасын өңдеу, КСД, “Күнделiктi ауа температурасы”,“Қардағы су қоры” кестелерiн құрастыру және гидрометеорологиялық элементтердiң кешендi графигiн тұрғызу.

Су өлшеу бақылауларын арнайы өңдеудiң құрамына қандай жұмыстар кiредi? Барлық негiзгi жұмыстарды атаңыз.

су деңгейi тербелiсiнiң типтiк қисықтарын тұрғызу; сәйкес су деңгейлерi графигiн тұрғызу; сипаттық су деңгейлерiн анықтау; су деңгейiнiң қайталанғыштық және тұру ұзақтығы қисықтарын тұрғызу; көпжылдық кезең үшін қамтамасыздығы әртүрлi су деңгейлерiн есептеу.

Су өлшеу бекетiнiң “0” графигi ретiнде не қабылданады.

су өлшеу бекетiнiң тұстамасында болады деп күтiлетiн ең төменгi су деңгейiнен 0,5 м кем емес шамада төмен алынатын шартты жазықтық.

Су деңгейiн өзi жазушы “Валдайдың” ақаулы баспалдақты жазбасының себебiн көрсетiңiз.

қалтқы немесе қарсы салмақ-гир құдықтың қабырғасын жанап тұрады.

СДӨЖ “Валдай” жазбаларының масштабтарын атаңыз.

1:1, 1:2, 1:5, 1:10.

Су өлшеу бекетiн ұйымдастыру үшін түзу сызықты учаскенiң ұзындығы қандай болуы керек.

өзеннің 4-5 еселенген еніндей

Су деңгейiне, су объектiсiнiң жай-күйiне, су мен ауа температурасына, жауын-шашынға және мұздық құбылыстарға жүргiзiлетiн бақылау жазбаларын жазуға арналған кiтапшаның индексi.

КГ -1М(ж).

Су бетiнiң еңiстiгi қандай өлшем бiрлiкпен өрнектеледi.

салыстырмалы бiрлiк есебiмен немесепромиллмен.

Су бетi еңiстiгiн өлшеудiң қателiгi.

10-15 %.

Су өтiмi дегенiмiз өзеннiң көлденең қимасы арқылы.

бiр өлшем уақыт аралығында ағып өтетiн су мөлшерi. м3/с өлшем бірлігімен, кіші ағынсуларда л/с өлшем бірлігімен өлшенеді.

Су өтiмiн суағармен өлшеудiң қателiгi қандай (%).

2-4.

Су өтiмiн есептеудiң араластыру әдiсi неге негiзделген.

ағынға жiберiлген ерiтiндi шоғырының (концентрациясының) араласу дәрежесiн анықтауға, колориметриялық, жылулық, электролиттік.

Су өтiмi қарқынды көтерiлген кезеңде су өтiмiн гидрометиялық зырылдауықтың көмегiмен нақтылығы бойынша қандай тәсiлдi пайдаланып өлшейдi.

Қысқартылған.

Су өтiмiн гидрометриялық зырылдауықпен негiзгi тәсiл бойынша өлшеген кезде жылдамдық тiктемелерiнiң саны нақты тәсiлмен өлшеген кездегiге қарағанда жуықтап неше есе азайады.

2 есе.

Су өтімі үлгісінбөліктері бойынша тігінен дискретеген жағдайдағы өлшенген су өтімінің қатаелігін анықтауға арналған формуланың дұрыс нұсқасын табыңыз

Су өтiмiн өлшеудiң анағұрлым дәл әдiсiн атаңыз.

Көлемдiк тәсiл.

Су өтiмiн қалтқылармен өлшеудiң қателiгi.

10-15%.

Су өтiмiн көлемдiк әдiс бойынша өлшеу кезiнде сыйымдылығы 65 л ыдысты толтыру уақыты 40 секунд. Су өтiмiн анықтаңыз (л/с).

1,62.

Су өтімін араластыру әдісімен өлшегенде суға қосылатын ерітіндінің температурасы 900С, өзеннің табиғи жағдайдағы температурасы 50С, тексеру тұстамасында 5,50С; суға қосылатын ерітінді өтімі (шығысы) 0,1 м3/с. Өзеннің су өтімін (м3/с) анықтаңыз

16,9.

Су өтiмiн қалтқылармен өлшеу кезiнде жалған су өтiмi Qж=10 м3/с болды. Нақты су өтiмi Qн=8,5 м3/с. Жалған су өтiмiнен Qж нақты су өтiмiне Qн көшетiн өту коэффициентiн табыңыз.

0,85.

Су өтiмiн беттiк қалтқылармен өлшеу кезiнде жалған су өтiмi 10 м3/с тең болды. Жалған су өтiмiнен нақты су өтiмiне өту коэффициентi 0,69 тең. Нақты су өтiмiн табыңыз (м3/с).

6,9.

Су өтiмi 10 м3/с, ағынның орташа жылдамдығы 1 м/с және өзеннiң енi 20 м болса, ағынның орташа тереңдiгi қандай болады (м).

0,5.

Су өтiмi қисығын экстрополяциялау деп ненi атаймыз.

өлшенген су өтiмдерiмен қамтылған су өтiмi қисығының бөлiгiн ең жоғары, ең төменгi су деңгейiне дейiн немесе бiр мезгiлде ең жоғары және ең төменгi су деңгейiне дейiн созу.

Су өтiмi қисығының тұзақ тәрiздес пiшiнi ненiң әсерiнен туындайды.

арнадағы судың бiрқалыпсыз қозғалысынан.

Стивенсен қисығына арналған формуланың дұрыс нұсқасын табыңыз.

Су өтiмi қисығын төмен қарай экстрополяциялау тәсiлiдерiн атаңыз.

Қисықты графиктiк созу, нөлдiк су өтiмiне экстрополяциялау.

Су өтiмдерiн өлшеу кезiндегi жазбаларды жазуға арналған кiтапшадан алынған “қабылданған деректер” мына кестеге енгiзiледi.

Өлшенген су өтiмдерi”.

Су өтiмi 10 м3/с, сужинау алабының ауданы 500 кмB) Ағынды модулiн анықтаңыз (л/(с*км2).

5.

Судың минералдылығы қандай өлшем бiрлiкпен өрнектеледi.

мг/л: г/л; г/м3.

Сүйретпе тасындылардың элментар өтiмi деп ненi атаймыз.

шыланған периметрдiң 1 м-нен өтетiн сүйретпе тасындылар өтiмi.

Судың лайлылығы қандай өлшем бiрлiкпен өрнектеледi.

г/м3; кг/м3.

Судың лайлылығын анықтауға арналған сүзгiлердi өлшеу мына дәлдiкпен жүргiзiледi (г).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]