Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моя дип работа.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
706.05 Кб
Скачать

2. Тұтунушылардың құқықтары және оларды қорғау

 1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;       2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;       3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;       4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;       5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;       6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;       7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;       8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;       9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;       10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;       11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;       12) моральдық зиянды өтетуге;       13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;       14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар

Бөлім 1. Келісім шарт сату- сатып алу  ұғымы және оның элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады.          Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.

Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті  Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет  болады.  Ал,  негізінен  қандай да  болсын  сатып   алу-сату шартына  ерекше  бөлімде  25-тарауда мазмұнданған жалпы  нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жа-дайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мөмілелер өзінің заң,тық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

Сатып алу шартының  ұғымы және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субьект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының Аазаматтық Кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы КСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптын (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеітенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясынын Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұңданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (есбебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің зандық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердін көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.

1. 1. Сатып алу-сату шартының пәні

Сатып алу-сату шарты, Құқықтық қатынастардың объектісін материалдық (пәндік), заңы идеологиялық деп бөлуді азаматтық құқықтық шарттар үшін де қолдануға болады.

Сатып алу-сату шартының арнайы пәні бар. Қазіргі таңда олардың мәні бірдей. Бірақ өндірістің дамуы, тауар номенклатурасының және олардың қолданылуының кеңуі сатып алу-сату шартының пәніне талаптың өсуіне әкеледі, егер сатып алынатын тауардың қандай бір ерекше қолданылуы болса.

Шарт нормаларында толық және дұрыс бекітілмеуі сатып алу-сату шартының пәні туралы қате түсінікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалған жағдайда заң шығарушы салаға, сатылатын өнім қауіпсіздігіне байланысты талаптарды тікелей нормативтік актілерді бекіту арқылы тұтынушының құқықтарын қорғап қалуға тырысады.

Заттар сатып алу-сату шарттарының көп тараған түрінің бірі болып табылады. Тауар болып азаматтық айналысқа түсетін кез-келген зат табыла алады: жылжитын және жылжымайтын.

Пәннің ерекшелігі сатып алу-сату режиміне де әсер етеді. Мысалы, шетел валютасын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес және заңасты нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар айналымы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңмен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Азаматтық айналыстан шектелген заттарды сатып алу-сату «Қазақстан Республикасының рұқсат ету жүйесі туралы» Ережесімен бекітілген ережелермен, «Қазақстан Республикасының Қарудың бөлек түрлерінің айналысына мемлекеттік бақылау туралы» Заңымен және тағы басқа да нормативтік атілермен реттеледі.

Қазіргі таңда мүліктік құқықтарды сатып алу-сату шартының объектісі ретінде қарастыратын жалпы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 406 бабының 4 тармағына сәйкес белгіленген (1, 202).

Мүліктік құқықтарды қайтарымды талапта беру мәмілелері кең таралған, оларға тауар биржаларында жасалған мәмілелер жатады. Патенттік құқықты талаппен беру де сатып алу-сату шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады, яғни, пәні болып мүліктік құқықтар табылады.

Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Тауардың саны.Сатып алушыға берілуте тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін.

Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.

Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тікелей әсер етуі ретіде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.

Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатып (белгілі бір саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті, Егер де сатып алушынын біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру-құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды мақсатыпа сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.

Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапады тауар беру бойынша міндетінен босата алады.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының «Сертификациялау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы «Стандарттау туралы» Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.

Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне сәйкес болуы керек.

Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.

Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.

Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақ тығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепетең болып келмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстін 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен бекітілмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін. Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері.

Қазіргі заманда сатып алушының мүддесін қорғайтын бірінші кезекте осы норма, ал шартпен белгіленген кепілдік мерзім емес.

Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас  бөліктерінде де  (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі.

Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жайғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.

Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.

Тауарлардың түр-түрі. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізшімі, келісімшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады).

Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) бір түрлі тауардың жиынтығынын ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр қуатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.

Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.

Жиынтылықтық және жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.

Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.

Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Қазақстан Республикасын біріктіру. Азаматтық кодексі 432-ба-бының мағынасына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық Азаматтық Кодекстің 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас кұқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.

Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажетті, оны қамтамасыз етстің заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.

Сатып алушы үшінші тұлғалардың кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Бұл норма дәстүрлі сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері орын ала алады.

Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы, сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге заттық құқық) жүктемелер вариациясы сансыз болады. Айтылғанды   қорытатын   болсақ,   шарт   пәнінің   ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауға мүмкіншілік берді дей аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық практика (тәжірибе) және азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызды мәселе болып табылар демекпіз.

Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлғалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану занды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады.

Тауарды салатып ыдыс және оны буып-түю.Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.ФААФФа

Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйю беруге міндетті.

Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс және буып-түю оларға сәйкес келуі керек.

Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі қажет (керек жарақ бұл негізгі затқа қызмет етуші зат).

Затты керек-жарақ қылып бағалау тек оның және басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабыңда сатушының керек — жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін пайдаланады.    Қосымша   ақыға    аудио-видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізін зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар.

Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (Азаматтық Кодекстің 122 бабы) тікелей қолданылуы керек.

Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары оған өтіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны қасақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді.

Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.

Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек. 

1.2. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Осы келісім-шарттың мақсаты:

  • Кәсіпорын жұмысшылар мүдделері мен еңбек ету құқығына кепілдік;

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңына қосымша Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтық нормаларын сақтау және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;

  • Жергілікті еңбек қатынастарын реттеу және Кәсіпорынды басқаруға қатысты жұмысшылар құқығын жүзеге асыру;

  • Кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін және Кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын әкімшілігі қызметінің үйлесуі;

  • Кәсіпорын және мекеме жұмысшыларының өкілі арасындағы әлеуметтік серіктестік формалары мен ұстанымдарын жетілдіру;

    1. Келісім-шарт заңнама нормаларын, тараптар өкілінің өкілеттігін, таңдау еркіндігін, оның мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылау және шешу, қабылданған міндеттемені орындау шынайылығын сақтау негізінде тең құқылы Тараптар дайындады.

    2. Тараптар осы келісім-шартта көрсетілген міндеттерді орындау және оның өкілдерінің міндеттерді орындамау жауапкершілігін растайды.

  1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

    1. Осы келісім-шарттың 01.01.2013 жылдан бастап 31.12.2015 дейін жарамдылық күші бар.

    2. Келісім-шарт Кәсіпорын қайта құрылғанға (қосылғанға, біріктірілгенге, бөлінгенге, қайта құрылғанға ) дейін жарамды.

    3. Кәсіпорын мүлкінің меншік иесі ауысқан жағдайда жарамдылығы үш ай мерзімге сақталады.

Осы мерзімде Тараптар жаңа ұжымдық келісім-шарт жасау туралы келіссөз бастауға немесе сақтауға, осы келісім-шартқа қосымша қосуға және өзгерту енгізуге құқылы.

    1. Осы келісім-шарт Кәсіпорын жойылған, банкрот жариялаған сәттен бастап Кәсіпорын жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатылған соң күшін жояды.

    2. Келісім-шарттың күші Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарын қосқанда, өкіл және жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, Кәсіпорынның барлық санаттағы жұмысшыларына толық мөлшерде таратылады.

  1. КӘСІПОДАҚ МӘРТЕБЕСІ, КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ

    1. Кәсіподақ Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ұжымының әлеуметтік-кәсіби мүддесін жүзеге асырады және өкілетті орган болып табылады, Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынастағы еңбек ұжымының біртұтас өкілетті өкілі және Осы келісім-шарт Қазақстан Республикасының заң күші бар заңнамасында белгіленген өкілеттілік шегінде әрекет етеді.

    2. Осы келісім-шарт еңбек ұжымының Кәсіподаққа Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін еңбекақыға байланысты келіссөздерде, Кәсіпорын жұмысшыларын қызметтен босатуда, барлық ұжымға қалыпты әрекет етуде еңбек жағдайын тиімді жасау үшін, сондай-ақ, еңбек саласындағы мәселелер мен басқа да әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастағы еңбекке байланысты дайындалады және жасалады.

    3. Кәсіподақ оқу үдерісіндегі Кәсіпорынның ғылыми-өндірістік қызметі пен әлеуметтік саясатындағы ортақ мақсатты жүзеге асыруда өз жауапкершілігін мойындайды және Кәсіпорын қызметінің жоспарларын өмірде іске асыруға өз жұмысын бағыттайды.

    4. Кәсіподақ мүшелері Кәсіподақ тарапынан заңдық, материалдық және моральдық тұрғыдан қорғалады. Сайланылған кәсіподақ жұмысшылары сайлау кәсіпорганының келісімінсіз жұмыстан шығарылмайды.

    5. Кәсіподақ мүшелері конференция, пленум, съезге делегаттардың құрамында қатысса, сондай-ақ, кәсіподақтық оқу кезеңінде негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақталады.

    6. Кәсіпорын әкімшілігі Кәсіподақ ғимаратын, кеңсе жиһазын, ұйымдастырушы техника, қалалық және қалааралық байланыс құралдарын, Интернетті тегін қолдануға мүмкіндік жасайды.

  2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ

    1. Еңбек қарым-қатынасы үдерісіндегі тараптардың міндеттері мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасымен, Осы келісім-шарт, еңбек келісім-шарты және Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілерімен реттеледі.

    2. Тараптардың өзара міндеттемесі

  • Кәсіпорын және Кәсіподақ қызметі біріге отырып Осы келісім-шарттағы талаптарды қатаң сақтауға міндеттенеді және төмендегілерді мойындайды:

  • Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің басымдығын;

  • әр Тараптың құқығы мен өкілеттілігін;

  • өз міндеттемесін орындаудағы ұқыптылық;

  • жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігінің бекітілген заңнамасын сақтау және орындау;

  • Кәсіпорын және Кәсіподақ әлеуметтік серіктестікті ынтымақтастықтың қажетті формасы және талаптарды қалыптастырудың элементі ретінде мойындайды, әлеуметтік даулардың алдын алуға немесе реттеуге, ұжымда әлеуметтік келісім мен әлеуметтік бейбітшілікті қалыптастырады, жұмысшылар мен Кәсіпорын әкімшілігі арасындағы әлеуметтік еңбек қарым-қатынасы түрлерінің өркениетті формаларын бекітеді.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген Кәсіпорын қызметінің барлық бағыттары бойынша және әлеуметтік серіктестікті жетілдіруде бірлесе жұмыс жасау мен дамытуды қажет деп санайды.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшылардың еңбек жағдайын, оқу және демалыс шараларын жақсарту бағытында өзара қолдау көрсетеді.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Кәсіпорынның қолма-қол қаражатына байланысты Кәсіпорын Кәсіподаққа бөлінген қаражат көлемі бойынша келісуі мүмкін.

    1. Кәсіподақ құқықтары:

  • Еңбек заңнамасынсақтауға жәнеОсыкелісім-шарттың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, Кәсіпорын әкімшілігінен айқындалған тәртіп бұзушылықтарды жоюға ұсыныс енгізеді және соған қол жеткізеді.

  • Әкімшілік пен Кәсіпорын жұмысшылары арасында туындаған мәселелер бойынша жұмысшылар мүддесін қорғайтын өкілетті өкілі болады.

  • Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесін қайта құруға қатысады.

    1. Кәсіподақ міндеттенеді:

  • Осы келісім-шарттың және заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшылар мүддесін қорғау, бекітілген әлеуметтік кепілдікті орындау тұрғысынан жұмысшылар құқығы мен мүддесін шектеуге жол берілмейді.

  • Кәсіпорындағы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, Кәсіпорын жұмысшыларына заңнама мен келісім-шарт ұсынған еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтары, кепілдігі мен жеңілдігін Кәсіпорын әкімшілігінің сақтауына қоғамдық бақылау жүргізеді.

  • Кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасының мәселелері бойынша тегін кеңес беру және сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.

  • Кәсіпорын әкімшілігі еңбек дауларын қарастыратын келісім комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді.

  • Кәсіпорын келісім комиссиясының еңбек дауларын шешуде әкімшілікпен бірге қарастырады.

  • Келісім-шартта көрсетілген міндеттемені орындауда ұжымдық еңбек дауларының алдын-алуға ықпалдасу.

  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, тиімді және белсенді шығармашылық, белсенділік пен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған тәрбиелік шараларды қолданады.

  • Келіссөз жүргізу үдерісі үшін ұжымдағы әлеуметтік қысымның алдын-алу мүмкіндігін пайдалану.

  • Кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету және Кәсіпорын әкімшілігімен біріге отырып Кәсіпорында өткізілетін спорттық-сауықтыру жұмыстары мен мәдени-көпшілік шараларына қаражат бөлу.

  • Кәсіпорын әкімшілігін Кәсіподақ өткізетін өндірістік және оқу үдерісіне зиян келтірмейтін бұқаралық шаралар туралы мәлімет беру.

  • Әр жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей еңбек ардагерлерінің есебін жүргізіп, оның тізімін Кәсіпорын әкімшілігіне өткізу.

  • Кәсіпорын әкімшілігіне Кәсіподақ мүшелерінің мерейтой күні туралы және сәйкесінше жәрдем ақы (немесе материалдық ) ұсынуға дайындық туралы мәлімет беру.

  • Кәсіподақ қаржысы есебінен зейнеткерлерге бөлінген жәрдем ақы, құттықтау хаттары мен сувенирлерді жеткізіп беруді қамтамасыз ету.

  • Жыл сайын жұмысшылар мен зейнеткерлерді құттықтау үшін ұйымдастырылатын жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға қаражат бөлу (Кәсіподақ мүшелеріне тегін бір сыйлық және олардың мектеп жасындағы балаларына)

  • Кәсіпорын жұмысшысы Кәсіподақтан мүмкіндігі шегінде жәрдем, Кәсіподақ есебінен бөлінетін материалдық көмек сұрайды.

  • Келісім-шарттың орындалу нәтижесі туралы Кәсіподақ мүшелеріне мәлімет беру.

  • Осы келісім-шарт пен заңдық күші бар заңнамада қарастырылған басқа да міндеттемелерді орындау.

    1. Кәсіпорын құқығы:

  • Кәсіпорыннан бөлінген қаражатты бөлу жөнінде және Кәсіпорын жұмысшыларына әлеуметтік-экономикалық қолдау аясында Кәсіподақ қызметі туралы толық және шынайы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ете алады.

  • Кәсіпорын жұмысшыларының Кәсіподақтағы мүшелілігі туралы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ету.

    1. Кәсіпорын міндеттенеді:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Осы келісім-шартты, Кәсіпорын жұмысшыларымен жасалынған еңбек келісім-шарт талаптарын сақтау.

  • Осы келісім-шарт және заңдық күші бар заңнама шарттарына сәйкес Кәсіпорын жұмысшылары мен Кәсіподақ құқығын қорғау.

  • Еңбек қорғауды кешенді басқару, айқындалған тәртіп бұзушылықтарды өз уақытында жою шараларын қолдану.

  • Жұмыс орындарын экономикалық және әлеуметтік негізсіз қысқартуға жол бермеу.

  • Кәсіпорынның жойылу, қайта ұйымдастырылып, қайта құрылған жағдайда жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы мүмкін болған жағдайда жұмысшы мүддесі мен құқығын сақтау жөнінде келіссөз жүргізу немесе бір ай бұрын жазбаша түрде Кәсіподаққа ескерту.

  • Кәсіподаққа Кәсіпорынның еңбек қатынастары саласында болжанған өзгерістері мен олардың орындалу барысы туралы жоспарлары мен тапсырмалары туралы мәлімет беру.

  • Кәсіпорындағы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін Кәсіподаққа беру.

  • Қабылданатын жұмысшыны еңбек келісім-шартындағы мәселелер бойынша және Кәсіподақтағы мүшелілігін анықтау үшін Кәсіподақ төрағасынан кеңес алуға жіберу.

  • Кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшылардың жалақысынан кәсіподақ жарнасын Кәсіпорын бухгалтериясы арқылы Кәсіподақтың есеп-шотына аудару.

  • Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасы, Еңбек келісім-шарты, Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілері мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қорытынды

Азаматтық Кодекстің 25 тарауының 1 параграфында  сатып алу-сату     шартының жалпы ережелері бекітілген. Мұнда жалпы ережелер ғана болғандықтан олар сатып алу-сату шартының барлық түрлеріне келеді, бірақ олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Осылардың бір-бірінен айыратын белгілерін қарастырайық.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді. Бұл шарт сатып алу-сату шарттарының ішіндегі жалғыз өзі ғана нақты және жария  шарттың бірі, өткені күнділекті өмірде көп кездеседі. Нақтылық белгісі шарттың жасалған кезінде орындалатынын көрсетеді. Жариялық белгі кәсіпкердің  кез келген тұлғамен шартқа отыру міндетін  көрсетеді. Бұл шарттың ерекше пәні бар. Пәні ретінде жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды айтамыз. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тағы бір ерекшелігі оның жасалуында, яғни шартқа отыру уақыты болып екі тараптың оның пәніне, бағасына, басқа да шарттарына келіскен уақыты табылады (7,25).

Тауар жеткізілімінің шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы ( тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген  мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Бұл шартты айыратын белгісі ретінде әр түрлі экономика  саласындағы тауарлық-материалдық құндылықтардың қөзғалысын реттеуінде көрінеді. Тағы бір ерекшелігі ретінде құқық қатынастың уақыт бойынша ұзақ болуы. Шарт бойынша оның пәнінен басқа, тараптар оның бағасына, тауар сапасына, номенклатурасына келісуі тиіс. Пәні болып кәсіпкерлік қызметке қажет мүлік табылады. Тауар жеткізілімі кезеңдері шарт бойынша анықталуы тиіс, егер анықталмаса онда ай сайын біркелкі топтармен жеткізіліп отыруға тиіс. Бұл ерекшеліктер бойынша оны басқа шарттар түрінен айыруға болады.

Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді. Бұл шарттың екі негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден,  келісім шарт жасасу шартының пәні ретінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші өзі өсірген ауыл шарушылық өнімдері табылады. Екіншіден,  бұл шарт келешекке жасалуы мүмкін, өйткені ауыл шарушылық өнімдерін өсіруге белгілі бір уақыт керек. Осы екі ерекшелігі бойынша бұл шарт тауар жеткізілімі шартынан өзгешеленеді.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергия тұтынуға байланысты пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ерекше пәні ретінде энергия табылады. Шарт нысаны ауызша, егер абонент энергияны тұрмыстық салада қолданса, қалған салаларда міндетті түрде жазбаша болады. Шарт консенсуалды ғана болады. Шарт мерзімі бір жыл болып есептеледі, одан кейін жаңа жылда абоненттің ақы төлеуі шарттың тағы бір жылға ұзартылғанын көрсетеді. Міне, осындай белгілері арқылы бұл шартты басқа сатып алу-сату шартының түрлерінен айырамыз.