Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PSK-13-2_kaz.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
304.64 Кб
Скачать

4 Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

І семестр

1-тақырып. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы заң. Тіл – қатынас құралы.

Сөз құрамы, түбір және қосымша. Омоним. Синоним. Антоним.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ

Тіл дегеніміз – адамды адаммен, халықты халықпен жақындастыратын ерекше құрал. Сол себепті біздер достықтың құралы және еліміздегі бірліктің негізі ретінде тілді ерекше құрметтеуіміз керек. Ана тілінде әркімнің білім алуына жағдай жасау, олардың ұлттық мәдениетін дамыту – маңызды мемлекеттік стратегия.

Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – бай тіл. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуде. Олар қазақ тілін арнайы курстарда, мектептер мен университеттерде оқиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп атап өтті: біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз."

Мемлекеттік тіл – Қазақстанның болашағы.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, басқа халықтар, жағдай жасау, достықтың құралы, мәдениетті дамыту.

  3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар: құрметтеуіміз, жолдауында, дәстүрін, жақындастыратын, ғасырлық, мәдениетін, достықтың, еліміздегі, халықты.

  4. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар:

  • Түрлі-түрлі байлықтар бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық.(Ғ.Мұстафин).

  • Сөзді бағалар, сөзге тоқтар, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. (Ілияс Омаров).

  1. Мәтіннен омоним, синоним, антоним сөздерді теріп жазыңыз.

ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ

1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырыңыз: қатынастар, ұйымдастырушылық, міндетті, құқықтық, өкілді, атқарушы, дамыту, топтастыру, қабылдау.

  • Өнер алды – қызыл тіл. Сәлем – сөздің анасы. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.

ТІЛ – ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі күні болып жариялануы – аса маңызды гуманистік қадам. Бұл, ең алдымен, тілге, сол арқылы мәдениет пен өнерге қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі.

Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу – үлкен өнер. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Кісінің абыройлы, беделді болуы да оның дұрыс сөйлей білуіне байланысты.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Тілі жоқтың күні жоқ, келешегі жоқ. Мұны ешбір ел, ешбір халық қаламайды. Халықтың жаны – тіл.

Тіл жылдан-жылға дамып, жетіле береді де, оның сөздік қоры молая түседі. Сөйлеген сөзіміз әдемі, тартымды әрі көркем болу үшін, біз әдеби кітаптарды, яғни көркем әдебиет пен прозалық шығармаларды, поэзиялық шығармаларды көп оқуымыз керек. Сонда ғана сөйлеу мәнеріміз, тіл мәдениетіміз жоғарылайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Тіл мерекесі қашан атап өтіледі?

ә) Адам өз ойын не арқылы жеткізеді?

б) Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді?

в) Халықтың жаны не?

г) Адамның беделді болуы неге байланысты?

3. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, аударыңыз.

4. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз:

маңызды іс, тіл мерекесі, өз ойы, үлкен өнер, сөздік қоры, қатынас құралы, дұрыс сөйлеу, тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

  1. «Төрт Ана» М.Шаханов. «Үш бақытым» М.Мақатаев.

  2. «Ана тілің – арың бұл». Қадыр Мырзалиевтардың өлеңдерін жаттау.

2-тақырып. Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс туралы. Қолөнер.

Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, септік, жіктік, тәуелдік. Тәуелді септеу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

АДАМ БӘРІН ЖАСАЙДЫ

Әр адам өмірге келгенде өзіне сұрақ қояды: адам болу оңай ма? Бұл сұрақ тек қуаныш пен бақыт кезінде қойылмайды. Өз болашақ жолын таңдағанда бұл сұраққа жауап алу өте қиынға соғады. «Адам» деген сөзге не жатады? Алдымен осыны түсініп алуымыз керек. Адамның бойындағы негізгі қасиеттері өз алдында шындық, өз басына жауап беру, өз мақсатына жету, достыққа шақыру, талап қоя білу болып табылады. Өз басына жинаған тәжірибе – адамға өмір бойы көмекеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Адам осы өмірде бәрін өзі жасайды. Жақсыны да, жаманды да қолдан жасайтын адам ғой! Ғажайып табиғаттың шеккен азабы қандай?! Мысалы, Арал теңізінің кебуі, орман-тоғайлардың жануы, сулардың ластануы, осының бәрін кім жасады? Адам өз ісімен табиғатқа зиян келтіретіні туралы ойланбайды.

Бірақ адамның жетістіктері де көп. Әлемдегі Өркениет адамның қолымен жасалған. Адам өзінің өмір сүруін жеңілдету үшін түрлі шаралар ұйымдастырып құрастырған. Адамның сана-сезімі қарқынды даму үстінде. Ол өз қиялымен неше түрлі техниканы, күнделікті қолданылатын заттарды ойлап тапқан. Бүгінде адам баласының ойының жетілгені соншама, нанотехнология, биотехнологияны дамыту үстінде.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Адамның бойындағы негізгі қасиеттерді атаңыз?

ә) Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіруде?

б) Адам баласының бүгінгі күндегі жетістігі қандай?

в) Адам болу оңай ма? -деген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?

БИЛЛ ГЕЙТС ТУРАЛЫ

Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді.

Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Жеке меншік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Б.Гейтстің жеке байлығы қанша доллар құрайды?

  • Ата-анасы кім болған?

  • Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

  • MITS фирмасы не шығарды?

  • Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

  • Қандай жүйе жасау жөнінен жетекші ролге ие болды?

4. Мәтіннен көптік, септік, тәуелдік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазыңыз.

5. Мәтіннен кез-келген екі сөзді алып септеңіз.

ҚОЛӨНЕР

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлері бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, алқа, түймелер жасаған.

КИІЗ ҮЙ. Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Әңгіме «Адам бәрін жасайды»

2. Реферат «Қолөнердің дамуы»

3-тақырып. Уақыт. Менің күн тәртібім. Мен бос уақытымды қалай өткіземін.

Сөз таптары. Сан есім.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

УАҚЫТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]