Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • 17.Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.374-410 беттер

    • Әубәкіров Я Экономикалық теория және нарықтық қатынастарды қалыптастыр. Ақиқат

    • Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және дамыту банкi арасындағы займ (Қаржы секторын құрылымдық қайта құруға арналған займ) туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 25-I

    • Р.Доржбуш, С.Фишер Микроэкономика. Оқулық алматы ҚазМБА 1987ж

    • Экономикалық теортя бойынша оқу құралы. Алматы 2000ж

    • Радыгин А.К. «Теория приватизации в переходной экономике». Вопросы экономики, 2005, №2

  • Сабақтың мақсаты

  • Студенттердің мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы білімдерін қалыптастыру.

  • ҚР салық пен фискалды саясатын қарастыру

  • Мемлекеттік шығындар мен жиынтық сұраныс туралы білімдерін қалыптастыру .

  • Оқытудың міндеттері:

  • Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясатының мәнін ашу

  • Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу

  • Мемлекеттік шығындар мен жиынтық сұранысты студенттердің меңгеруі

  • Негізгі түсініктер: Қаржы жүйесі, салық, мемлекеттік бюджет

  • Жаңа түсініктер:Бюджет тапшылығы, лаффер қисығы, ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Қажы жүйесінің мәні мен құрылымы.

  2. Мемлекеттік бюджет: ұғымы жәнеқұрылымы.

  3. Салықтар. Салық салудың қағидалары мен формалары.

  4. Слық мультипликаторы. Лаффер қисығы.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Кейс-стади

  • 1997 жылдың 3-ші қаңтарында Нью-йорктің Goldman Sachs & Со.атты банк үйі алдағы алты айда батаға(Тайландтың ұлттық валютасы) қатысты девальвацияның болу қаупі бар екенін жариялады. Goldman Sachs-тың бұндай шешімге келуінің негізгі себебі Тайланд үкіметінің бюджет дефицитіне ұрынып, сонымен қатар батаның девальвациялануынан қорқып шетел инвесторлары өздерінің салған қысқа мерзімді инвестицияларын алып кетуі болып табылды. Goldman Sachs специалистары сонымен қатар доллар курсының көтерілуіне байланысты Тайландтан экспортталатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуінен қауіптенді. Қалыптасқан жағдайға қарамай тайландтың орталық банкі валюта нарығында өздерін сенімді ұстады. Қысқа мерзімді капиталдың кетіп қалмауы үшін, банк проценттік ставкасын көтерді. Бұнымен инвесторларды қызықтырамыз деді. Егер бұл жеткіліксіз болса бат курсын нығайту үшін валюталық резервтен $38,7 млрд бөлуді қарастырды. Өкінішке қарай Goldman Sachs-ң болжамы рас болып шықты. Батаның курсын тұрақтандыру үшін валюталық резервтен 10млрд. Доллар құртылды. Сонымен қатар Тайландтан экспортталатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілі төмендеп кетті. 1997 жылдың тамызында банк батаның долларға байланысынан бас тартты, ол батаның бірден 20 % құлдырауына алып келді. Көп ұзамай Тайландта болған мәселе көрші елдерді де қамти бастады. 1997 жылдың қыркүйек айының басында Инданезияның рупиі долларға қатысты 21%, Малазияның ренгиті 14 %, Филипиннің песосы 13%-ға төмендеді. Бұл жағдай «Эпидемия батулизма» деп аталды, содан ол шығысқа қарай беттеп Корей еліне де тиді. Валюталық кризистің соққысына тіпті шетелдік қор нарықтары да ұшырады. Әлемдік дағдарыстың қаупі туғанда, Халықаралық валюталық қор мен «Төрттік» елдері тез Тайландқа, Малазияға, Филипинға, Индонезияға, Оңтүстік Корей еліне көмек көрсету туралы қаржылық жоспар дайындады. Бұл елдердің экономикасын тұрақтандыру үшін 100 млрд. Доллар бөлінді. Дер кезінде жасалған бұл әрекет өз жемісін берді.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Кейсқа байланысты қаржылық дағдарыс туралы не айтасыңдар?

  2. Валюта нарығында ұлттық валюта курсын ұстап тұру үшін, орталық банк өзінің валюталық резервін қолдана алады?

  3. Девальвация дегеніміз не және Қазақстанда соңғы рет қашан болды.

  • Оқытушының кіріспе сөзі:Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау шараларына қарамастан, оның ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін мәселелер жылдар бойы өзгерген жоқ. Қазақстан рыногында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі келтіретін мәселелердің ішінде бірінші орында салық саясаты, екінші- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші- несие саясаты, өткізу, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі, соңғы орында- мемлекеттік органдармен ара қатынас мәселесі тұр.

  • Дебат

  • Дебат тақырыбы «Шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер қарастыру жолдары»

  • Дебатқа екі команда қатысады. Әр командада екі студент болады. Үкімет тобы және оппозиция тобы.Бірінші үкімет тобының лидері премьер- министр сөйлейді .Регламент бойынша оның уақыты төрт минут. Ұстанатын позициялары шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер қарастыру керек. Бұл спикердің кейсі келесідей құрылуы керек.

  • Біріншіден, дифиниция келтіруі керек(тақырыптың кілтті сөздеріне анықтама беруі керек). Екіншіден, Стсатус куо(яғни қазіргі қалыптасқан жағдайға шолу жасау, стат. мәліметтер келтіру керек)

  • Үшіншіден, философия(Яғни кейстерін негізін ұстап тұратын бір қанатты сөз, ұран болуы керек)

  • Төртіншіден, қазіргі уақытта орын алып отырған негізгі проблеманы анықтап көрсетуі керек. Ол проблеманың себебтерін тауып көрсетуі қажет.

  • Бесіншіден,осы проблеманы шешу жолдарын ұсыну керек. Келесі сөз оппозиция лидеріне беріледі, ұстанатын позициялары шағын және орта бизнеске өздігінше ұсыныстар қарастыруы керек. Ол үкімет тобының келтірген дифинициясына келіспесе өзі дұрысын келтіреді, өз статус куосын келтіреді,сонымен қатар философияларын айтады. Бұл студенттің негізгі міндеті, қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару болып табылады. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Кейін үкімет тобының мүшесіне сөз беріледі. Ол қосымша шешу жолдарын келтіруі мүмкін. Премьер министірдің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Келесі сөз оппозиция мүшесіне беріледі. Ол қосымша шешу жолдарын келтіруі мүмкін. Оппозиция лидерінің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебаттың негізгі бөлімі аяқталады. Сөз парламентариға беріледі (аудиторияда отырған студенттер бір митуттан пікірлерін айтуына болады). Сосын сараптама бөліміне көшеміз. Алғашқы қорытынды сөз оппозиция лидеріне беріледі. Оған мұнда жаңа шешу жолдарын келтіруге тыйым салынады. Тек екі жақтың шешу жолдарын салыстырып өзінің ойынша кім жеңгенін айтып өтеді. Регламент бойынша уақыты төрт минут. Соңғы ойынды қорытындылайтын премьер- министр. Ол да өзінше сараптама жасауы керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебат аяқталады. Оқытушы өзінің қорытынды сөзін айтып, дауысқа салып жеңген топты анықтайды.

  • Қорытынды

  • Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы студентерге жан-жақты білім берілді. Американдық парламенттік фармат бойынша пікір-сайыс өткізіп, өз пікірлерін аргументтеуді үйренеді. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде студент Қазақстанның қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы білімге қол жеткізеді.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Қаржы жүйесі – бұл:

  • А) барлық деңгейдегі банк жиынтығы

  • Б) қаржы және несие институттарының жиынтығы

  • В) бір-бірімен байланысты барлық қаржылық құрылымдық элементтердің жиынтығы

  • Г) елдің валюталық қоры

  • Д) елдің алтын қоры

  • 2. Мемлекеттің негізгі қаржылық органы болып табылады:

  • А) мемлекеттік банк

  • Б) мемлекеттік бюджет

  • В) салық жүйесі

  • Г) қор биржасы

  • Д) ұлттық және коммерциялық банктер

  • 3. Мемлекеттің барлық ақша ресурстары мен оларды бөлуді көрсететін мемлекеттің қаржылық жоспары:

  • А) мемлекет қаржысы

  • Б) қаржы жүйесі

  • В) мемлекеттік республикалық бюджет

  • Г) несие жүйесі

  • Д) фискалды саясат

  • 4. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы қандай салық?

  • А) кемімелі

  • Б) үдемелі және біркелкі емес

  • В) пропорционалды

  • Г) әділетсіз

  • Д) жанама

  • 5. Тікелей салық – бұл:

  • А) тауар сатуға салынатын салық

  • Б) тауарды алып-сатуға салынатын салық

  • В) мүлікке салынатын салық

  • Г) табыстың барлық түріне салынатын салық

  • Д) қосылған құнға салық

  • 6. Кемімелі салық мөлшерлемесі:

  • А) табыстың өсуімен байланысты ұлғаяды

  • Б) табыс өскенде өзгермейді

  • В) табыс өскенде қысқарады

  • Г) табыс төмендегенде өзгермейді

  • Д) табыс мөлшері азайғанда төмендейді

  • 7. Пропорционалды салық мөлшерлемесі:

  • А) табыс өскенде өзгермейді

  • Б) табыс азайғанда өзгермейді

  • В) табыс қанша өзгерсе де өзгермейді

  • Г) табыс өзгерісіне сәйкес өзгермейді

  • Д) табыстың өзгеруіне пропорционалды өзгереді

  • 8. Мемлекеттік бюджетте тапшылық болады, егер:

  • А) Мемлекеттік шығыстар қысқарса

  • Б) Мемлекеттік шығыстары кірістен жоғары болса

  • В) Салық қысқарса

  • Г) Салық көбейсе

  • Д) Мемлекеттік шығыстар өссе

  • 9. Экономиканы тұрақтандыру үшін қолданылатын фискалды саясаттың құралы болып табылады:

  • А) Резерв нормаларын жоғарлату

  • Б) Ашық нарықтағы операциялар

  • В) Есептік мөлшерлемені өзгерту

  • Г) Мемлекеттік шығыстарды көбейту және азайту

  • Д) Құнды қағаздармен операция жасау

  • 10. Нарықтық экономикадағы салық қандай қызмет атқарады?

  • А) Фискалды, әлеуметтік, реттеуші, ынталандырушы

  • Б) бақылаушы, қайта бөлуші, конфискациялық

  • В) экономикалық, автоматты, реттеуші

  • Г) Фискалды, әлеуметтік, экономикалық

  • Д) автоматты, реттеуші, бақылаушы

  • 11. Жанама салыққа жатады:

  • А) Капиталдың өсуіне салық

  • Б) табыс салығы

  • В) Мұрагерлік және сыйлық салығы

  • Г) ҚҚС және акциздер

  • Д) Кеден тарифі

  • 12. Мемлекеттік қарыздың айқын мәселелерінің бірі:

  • А) Ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортталады

  • Б) Табыстағы теңсіздік қысқартылады

  • В) Қолдағы табыстың барлық деңгейінде жинақтың үлесі өседі

  • Г) Жинақ үлесі өзгермейді

  • Д) Мемлекет банкротқа ұшырауы мүмкін

  • 13. ТҰӨ өзгеруінің үкіметтік шығыстар өзгеруіне қатынасы:

  • А) Инвестиция мультипликаторы

  • Б) Салық мультипликаторы

  • В) Банктік мультипликатор

  • Г) Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы

  • Д) Мемлекеттік табыс мультипликаторы

  • 14. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық салдарға әкелуі мүмкін?

  • А) Ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің қысқаруы

  • Б) Өмір деңгейінің төмендеуі

  • В) Ұлттық байлықтың қайта бөлінуі

  • Г) Ұлттық шығындардың артуы

  • Д) Өмір деңгейінің жоғарылауы

  • 15. Егер үкімет жыл сайын бюджеттің тепе теңдігін сақтауға ұмтылса, ондай бюджет ...

  • А) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті басады

  • Б) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті күшейтеді

  • В) Өндіріс және жұмысбастылық көлеміне әсер етпейді

  • Г) Инфляцияның әлсіреуін реттейтін болады

  • Д) Жиынтық сұранысты реттейтін болады