Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Сабақтың жүргізілу кезеңдері

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру бөлімі, түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру, таратылатын материалдарды тарату

5 мин

2

№ 1- 5 сұрақтар бойынша пікірсайыс, 1-3 ситуациялық есептерді шығару

45 мин

3

Үзіліс

10 мин

4

№ 7 - 10 сұрақтар бойынша пікірсайыс № 4 ситуациялық есепті шығару

35 мин

5

Тестілеу

10 мин

6

Сабақты қорытындылау

5 мин

Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп.

  1. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?

  2. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, дшРК↓,ӨЖС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?

2 есеп. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Ол ауаның қатты жетіспеушілігін сезініп, иығын көтеріп мәжбүр түрде отыр. Тынысы шулы, дем шығару фазасы қиындаған. Тыныс алғанда қосымша тыныстық бұлшықеттер қосылады. Ұстаманың соңында жабысқақ қақырық пайда болады.

1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

2. Науқаста ентіктің қай түрі дамыды, патогенезін түсіндіріңіз.

3. Патогенездік емдеуді ұсныңыз.

3 есеп. Науқас К., 32 жаста, клиникаға «Қауырт пневмония» диагнозымен келді. Ауру аяқ астынан басталды. Басы ауырып, діріл пайда болды. Дене қызымы 390С. терең тыныс алғанда кеудесі ауырады. Жөтелгенде іріңді қақырық бөлінеді. Тынысы минутына 30 рет. Қанында нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭШЖ 20 мм сағатына.

1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

2. Науқастағы тыныс өзгерісінің патогенезін түсіндіріңіз.

3. Қақырықты тексергенде не анықталады? лейкоцитоза бен ЭШЖ жылдамдауының патогенезін түсіндіріңіз.

4. Этиотропты және патогенездік емін ұсыныңыз

4 есеп. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды.

  1. Науқаста патогенезіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

  2. Артериялық қанның газдық құрамы мен рН шамасы қалай өзгереді?

  3. Сыртқы тыныс реттелуін бұзатын себепті атаңыз.

  4. Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз..

Глоссарий

Тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныстық жағдайдың өзінде артериЯлық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады.

Дыхательная недостаточность– патологический процесс, развивающийся вследствие нарушения внешнего дыхания, при котором не обеспечивается поддержание адекватного потребностям организма газового состава артериальной крови в состоянии покоя или при физической нагрузке

Respiratory insufficiency - is a pathological process when the respiratory system is unable to maintain an adequate blood gaseous content for the metabolic needs of the organism at the resting state and in work load.

Гиповентиляцияның обструктивті түрі– тыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады.

Обструктивный тип гиповентиляции - гиповентиляция при снижении проходимости воздухоносных путей

Obstructive type of hypoventilation - occurs when there is reduction in passableness of airways

Эмфиземабронхиололар мен альвеололардың фиброздық бүліністері аса көп болмайтын өкпе тінінің жоғары желденуі.

Эмфиземаповышенная воздушность легочной ткани с разрушением стенок бронхиол и альвеол без значительного фиброза

Emphysema - is a condition of the lung characterized by abnormal permanent enlargement of the airspaces distal to the terminal bronchiole, accompanied by destruction of their walls and without obvious fibrosis

Шарко-Лейден кристалы – эозинофилдердің сопақша пирамида тәрізді кристалданған (гр.қатайған) ферменттері. Бронхиалды демікпе кезінде қақырықта табуға болады..

Кристаллы Шарко-Лейдена- кристаллизованные ферменты эозинофилов, имеющие форму продолговатых пирамид. Встречаются в мокроте при бронхиальной астме.

CharcotLeudencrystals– crystallized eosinophils’ enzymes of oblong pyramids shape Meet in a sputum at bronchial asthma

Куршман спиралы – Бронхиалық демікпенің ұстамасынан кейін қақырықты микроскопиялық зерттеуде байқалатын муциндік (лат.жалқық) ақшыл-тұнық ирек түтікше тәрізді заттар..

Спирали Куршманна- беловато-прозрачные извитые трубчатые образования, из муцина, обнаруживаются при микроскопическом исследовании мокроты после приступа бронхиальной астмы.

Curshmann'sspirals -whitishconvolutedtubularformationofmucincould be detected bymicroscopic examination ofsputum atbronchialasthma.

Қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығы(FVC-ФЖЕЛ-ҚТӨС)-демді ішке мейлінше қатты тартқаннан соң мүмкіндігінше барынша күшті жылдамдықпен демді сыртқа шығару.

Форсированная жизненная емкость легких– выдох с максимально возможной силой и скоростью после максимального вдоха

FVC- forced vital capacity - isforceful exhalation after the maximal inhalation

Тиффно индексі –қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі мен тіршіліктік өкпе сыйымдылығының пайыздық арақатынасы (ҚДШ1с/ӨТС) қалыпты жағдайда 70%.

Индекс Тиффно (отношение ОФВ1 /ЖЕЛ (в норме 70%); ОФВ1 - объем воздуха, выдыхаемый в первую секунду выдоха

Tiffno’s index – is the ratio of the forced expiratory volume in 1 second to the FVC ( N=70 %)

Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінің азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды.

Restrictive type of hypoventilation- occurs when respiratory pulmonary surface and pulmonary expansion are reduced. It is characterized by reduced compliance (i.e. more pressure is required to expand lungs, because they are stiff).

Тыныс жеткіліксіздігінің (ТЖ) 1 түрі – ТЖ гипоксемялық түрі, бұл кезде гипоксемия гиперкапниясыз дамиды. Газдардың альвеоларлық-капиллярлық мембрана арқылы диффузиясы бұзылғанда байқалады.

RespiratoryinsufficiencyofItype– (hypoxemic ), thereishypoxemiawithouthypercapnia, occursat

severe parenchymal diseases of lungs, at disorders of gaseous diffusion across alveolar-capillary membrane

ТЖ 11 түрі (гипоксемиялық-гиперкапниялық түрі) - гипоксемия мен гиперкапния даму барысында бірге жүреді. Өкпе вентиляциясының бұзылыстарында дамиды.

Respiratory insufficiency ofII type - Hypercapnia-hypoxemic type, there is hypoxemia and hypercapnia, occurs at hypoventilation

ТЖ диффузиялық түрі – альвеоларлық-капиллярлық мембраналардың өзгерістеріне байланысты, бұл жағдай өкпеде альвеоларлық кеңістік пен капиллярлар арасындағы газ алмасу үрдісі бұзылуына алып келеді.

Diffusion form of respiratory insufficiency - is caused by changes of alveolar-capillary membrane

Перфузиялық ТЖ – Өкпе қанайналым бұзылыстарына байланысты дамиды..

Perfusion form of respiratory insufficiency - is due to disorders of pulmonary blood circulation, that results in disorders of gas exchange between alveolar space and the blood perfusing the lungs.

Эупное – қалыпты тыныс.

Эупное– нормальное дыхание

Eupnea - normal breathing

Брадипное – сирек тыныс.

Брадипное – редкое дыхание

Bradypnea- rare breathing

Тахипное – жиі тыныс.

Тахипноэ- частое дыхание

Tachypnea– rapid, shallow breathing

Гиперпное – терең жиі тыныс.

Гиперпноэ– глубокое частое дыхание

Hyperpnea– deep, rapid breathing

Апное – демніңуқытша тоқтауы.

Апноэ- временная остановка дыхания

Apnea - temporary pause in breathing

Үзілісті тыныс – тыныстың үзілісті (апноелық) болуы.

Периодическоедыхание–чередование периодов дыханияс периодамиа пноэ

Periodic breathing -is periodic alternations of breathing and apnea.

Дыхание Биота– чередование апноэ с дыхательными движениями одинаковой частоты и глубины

Biotbreathing - is equal depth of respiration followed by apnea

Чейн-Стокс тынысы – тыныс үзілгеннен соң (апное) тыныс бірт-бірте тереңдеп, қайтадан әсте-әсте төмендеуі.

Дыхание Чейна-Стокса- чередование апноэ с дыхательными движениями, которые нарастают по глубине, затем убывают

Cheyne-Stokes breathing – is gradually increased the depth of respiration, followed by apnea.

Куссмаул тынысы –өте сирек терең тыныс.

Дыхание Куссмауля– глубокие редкие дыхательные движения

Kussmaul’s breathing - is isolated deep breathes, reflects overexcitation of the Respiratory center

Апнейстік тыныс –ұзақ, қиналысты демді тырыспалы ішке тарту, арасында сирек апнейстік дем шығару көрінісінде болады (апнейстік орталықтың тітіркенуі).

Апнейсическое дыхание- продолжительный, судорожный усиленный вдох, изредка прерывающийся выдохом (возбуждение апнейстического центра)

Apneustic breathing - is a prolonged forceful inspiration with occasional short expiratory gasps due to activation of “apneustic” center.

Гаспинг тынысы –бірен – саран, терең, бәсең, әлсіреулік күрсіну тәрізді тыныс.

Гаспинг дыхание- единичные, глубокие, редкие, убывающие по силе «вздохи».

Gasping breathing - means isolated, deep, rare, decreasing in strength inspirations, occurs at agony, terminal stage of asphyxia, is due to activation of bulb inferior neurons.

Асфиксия – тұншығу - қауырт және жедел түрде дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігіАсфиксия - удушье – острая или подострая недостаточность внешнего дыхания

Asphyxia - is acute or subacute respiratory insufficiency

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. – Б. 482-519.

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2012.- 247-289

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: . – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-392

  6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-

МЕД, 2008, С. 126-143

  1. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.3. – М.: «Академия», 2007.- с. 158-186

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  3. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 383-408

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 349-365

Тақырып: «ЛЕЙКОЦИТОЗ. ЛЕЙКОЦИТОПЕНИЯЛАР. ЛЕЙКОЗДАР»

Сабақтың мақсаты:

Лейкоцитоз және лейкоцитопения, лейкоздардың этиологиясы, патогенезі бойынша білімін, лейкограммалармен жұмыс жасау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Лейкоцитоз және лейкоцитопения, лейкоздардың этиологиясы, патогенезі бойынша білім жетілдіру

  • Лейкоцитоз және лейкоцитопенияларда лейкоциттік өрнектің өзгерістерін сараптау машығын жетілдіру

  • топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

  2. Лейкоцитопениялар, анықтамасы, жіктелуі, пайда болу себептері, организмге әсері.

  3. Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы. Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер, организм үшін маңызы. Агранулоцитоз кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер

  4. Лейкоздар, анықтамасы, жіктелуі

  5. Лейкоздардың этиологиясы, патогенезі

  6. Лейкоздардағы шеткері қандағы өзгерістер

  7. Лейкоздардың клиникалық көріністері, олардың патогенезі. Лейкоздар кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: аз топта лейкоограммаларды талдау, кейс-стади, тақырып глоссарийімен жұмыс жасау.