Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора_казяз_тексты.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
33.6 Кб
Скачать

Ақпарат туралы алғашқы түсініктер

Ақпарат туралы түсінік екі объектінің – ақпарат «беруші» мен ақпаратты «қабылдаушы» арасындағы қарым-қатынастан туады. Ақпарат сигнал (signum – белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы, электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Ақпарат дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті). Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады: - ақпарат объективті болуы тиіс; - ақпарат сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана туады; - ақпаратты әртүрлі «қабылдаушы» өзінше қабылдайды. Жоғарыда аталған ақпараттың сипатын оның кейбір қасиеттерімен толықтыруға болады; ақпарат дәл, толық, сенімді, көкейкесті, қол жетерлік болуы тиіс. Ақпараттың қоғамдағы маңызы аса зор, информациясыз ғылыми-техникалық прогрестің және экономикалық дамудың болмайтыны, адам толық қанды өмір сүре алмайтыны анық. Ақпарат келесі негізгі функцияларды орындауға арналған: - танымдық қызметінің мақсаты – жаңа ақпарат алу; - коммуникативтік қызмет - адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету; - басқару қызметінің мақсаты – басқарылуға тиісті жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету. Ақпараттың аса қажеттілігі - адам өмірінде және оның қызметінде белгілі бір мәселе жөнінде дұрыс шешім қабылдау қажет болғанда жиі кездеседі. Ақпаратты пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Ақпаратта қолданылатын негізгі амалдар мыналар: - ақпаратты жинақтау және құрастыру; - ақпаратты сақтау; - ақпаратты компьютер жадына енгізу; - ақпаратты компьютерде бейнелеу; - ақпаратты компьютер жадынан шығару; - ақпаратты берушіден пайдаланушыға жеткізу; - ақпаратты өңдеу; - ақпаратты қорғау. Ақпаратқа қолданылатын амалдардың тізбегін ақпараттық үрдіс (процесс), ал оны жүзеге асыратын жүйелерді ақпараттық жүйелер (системалар) деп атайды.

Ақпаратты сақтау және жад түрлері

Ақпарат сақталынып, қажет кезде оны ешбір қиындықсыз пайдалана алатындай болуы керек. Ол міндеттерді орындайтын компьютердің арнайы ақпаратты еске сақтайтын құрылғысы - жады болады. Жад дегеніміз деректерді қабылдап, болашақта қажетке жаратуға мүмкіндік беретін компьютердің құрылғысы. Ақпарат өңдеуші компьютерлік жүйелерде келесі негізгі жад түрлері қолданылады: - регистрлік жад; - негізгі жад; - кэш-жад (сache); - сыртқы жадылар. Бұлардан бөлек жадылардың болуы мүмкін, мысалы, бейнежад. Регистрлік жад процессордың құрамында орналасқан, оның көлемі үлкен болмайды; ондағы информация есептеулерде немесе енгізу-шығару амалдарында тікелей қолданылады. Негізгі жад өңдеу үрдісіне немесе деректер алмасуда тікелей қолданылатын информацияны оперативті (жедел) түрде сақтауға арналған. Ол интегралдық схема күйінде құрастырылып, екі түрге бөлінеді: - тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM – Read Only Memory – оқуға ғана арналған жад) өзгермейтін (тұрақты) программалар мен анықтама информацияны сақтау үшін қолданылады; - оперативті (жедел) еске сақтау құрылғысы (RAM – Random Access Memory – еркін қол жететін жад) ағымдағы мерзімде орындалатын информациялық – есептеу үрдісіне қатысатын программалар мен деректерді сақтауға арналған. Жадының сапасын анықтайтын қасиеттері мен көрсеткіштері бар. Олардың негізгілері мыналар: - ақпараттың сыйымдылығы - сақталынатын ақпараттың көлемінің максимумы (байтпен есептеледі); - қол жеткізу уақыты – процессор адрестік шинаға қажетті ұяшықтың адресін берген уақыттан бастап, онымен байланыс орнатылғанға дейінгі мерзім; - жазу уақыты – деректер шинасындағы ақпаратты оған байланысқан ұяшыққа жазуға жұмсалынатын уақыт; - құрылымы – жадыдағы ұяшықтардың саны мен әрбір ұяшықтың разрядын көрсетеді. Бұлардан бөлек басқа да жады көрсеткіштері қолданылады, мысалы, бір бит құны, пайдаланатын электр қуаты, статикалық немесе динамикалық типке жатуы және т.б. Кэш-жад ағымдағы ақпарат алмасу амалдарында қолданылатын ақпараттың көшірмесін сақтауға арналған. Ол өте жылдам орындалатын, көлемі кішігірім жад. Ол көбінесе жылдамдықтары әртүрлі микропроцессор мен оперативтік жад арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады. Сыртқы жадылар үлкен көлемді ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған; оларға келесі жадыларды жатқызуға болады: - қатты магниттік дискілер (винчестер); - майысқақ магниттік дискілер (дискеталар); - оптикалық дискілер; - магнитоптикалық информация тасымалдаушылары; - ленталар (стримерлер).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]