Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умаров мукашева 77.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
245.53 Кб
Скачать

3-сурет. Полюсі айқын емес ротор.

1.Болаттан жасалған ротор бөшкесі.

2.Ротор валы. 3. Тұрақты токқа қо- сылатын ротордың периметрі бойын- ша әдейі қуысқа орнатылған орам. 4. Магнит сызықтарының бағыты.

2-сурет. Айқын полюсті. электрлік магнит.

1. Жұмсақ магниттен жасалған темip өзекше. 2. Тұрақты токқа қо-сылатын орама (обмотка). 3. Маг­нит сызықтарының бағыты.

Тұрақты токпен қоректендіру үшін магнит ағынын туғызатын ротор орамында көптеген құрылғылар болады. Қоздырудың ең қарапайым әдісіне — тұрақты токты генераторды қоздыратын электр-машиналық әдісне тоқталайык (4-сурет).

4-сурет. Тұрақты токты генераторды қоздыратын

Электр-машиналық әдістің схемасы

G - үш фазалы синхронды генератор. ОВГ - генератордың қоздыру орамы. GE - қоздырғыш электр машинасы (возбудитель). ОВВ ~ қоздырғыш электр машинасының қоздыру орамы. ШР -шунттайтын реостат. АГП - магнитік өpicің сөндіретін құрылғы. АРВ - кернеудің реттейтін автомат. KV - кернеу релесі.

G - шығаруында кернеу тербелген кезде бұл тербеліс ТИ арқылы APB~ғa беріледі де, ОВВ ток шамасына әсер етеді, соның әсернің GE-дағы кернеу өзгереді, ал GE-дан және ОВГ-ден G-ғa қарай маг­нит ағыны (Ф) өзгереді.

G - қысқышындағы кернеу де соған байланысты болады, өйткені U=ƒ • /ф/. Кернеу тербеліп және өзгepiп қана қоймай, АРВ-ға гене­ратор статоры орамындағы ток өзгepici де әсер етеді, мұның өзi TA-ға да ықпал етеді, өйткені статор орамында токтың кебеюі ротордағы Ф ағынын магнитсіздендіріп, статор реакциясы деп аталатын құбылыс пайда болады. Мұндай жағдайда ТА-дағы ток АРВ-ға, соцғысы ОВВ-ға т.б. әсер етеді.

Генератор қысқышындақ кернеу кенеттен төмендегенде TV-KV -ге әсер етіп, ол өзінің қалыпты ажыратылған түйіспесін тұйықтайды, олар ШР тізбегнен ажыратылады, OBB-дeгi ток артады, GE-дағы кернеу кебейеді т.б.

Апаттық жағдайда генераторды ажыратқан кезде Kepнeyдi тез төмендету қажет, Ол үшін магнит ағыны мен ток құйыны төмендетіледі, мұны жузеге асыру ушін К1-ді ажыратады, бipaқ мұндай жагғдайда ротор тізбегінде кернеу күрт артуы мүмкін, ал онын өзi мынаған байланысты болады:

мұндағы L - ОВГ-нің индуктивтілігі; di/dt - ажыратқан кездегі қозу тогының жоғалу жылдамдығы.

Сондықтан KI-дi ажыратар алдында K2-түйicпeciн қосады, сонда ОВГ-дегi магнит өpiciнің энергиясы ГГ кедергісінде шашырайды.

Жаңа және күpдeлi қозу жүйeлepi арнайы курстарда қарастырылады.

Генераторды салқындату. Генераторлар жұмыс істеген кезде энергия шығыны болады. Шығын статор мен ротор арқылы токтың өтунен; статор темірінде — айнымалы магнит өpiciнiң әcepiнен темipдiң қайта магниттелінен болады. Бұл шығын жылуға ауысады. Генератордың алған қуатының 2-ден 1,5%-ғa дейін жылугға ауыса­ды. Генератор қуаты жүз мың кВт-қа жеткенде шығын мың кВт болады екен. Сондықтан генератор қалыпты жұмыс icтey үшін салқындатылуы тиic.

Салқындатудың жанама, тікелей және аралас әдістері бар. Жанама әдісте өткізгіштің оқшаулатқыш сыртқы қаптамасы арқылы салқындатылады. Кейбір жағдайда өткізгіш салқындатқыш ортадан оқшаулатқышпен және статор немесе ротор металдарымен оқшау-ланған, ал мұның өзi салқындатуды едәуір қиындата түседі.

Жанама салқындату 5-суретте керсетілген. Жанама салқындату кезіндегі салқындатқыш ортадағы ауа немесе cyтeгi (H2) болып саналады. Жанама салқындату кезде салқындатқыш орта тұйық цикл бойынша генератор-салқындатқышта айналысқа (цир-куляцияға) түседі Салқындатудың принциптік схемасы 6-суретте көрсетілген.

Онын қуысында (пазасында) өткізгіш әдейі орналастырылған.

Салқындату үшін ауа және cyтeгi (H2) газдарын қолданады. Сутeгi ауадан 14,3 есе жеңіл, сондықтан ротордың газға үйкелісі, ауаға үйкелicінен анағұрлым төмен. Сонымен қоса, cyтeгiнiң жылу өткізгiштiгi ауаға қарағанда 7,1 ссе кеп, ал жылу шығарғыштық қабілеті 1,44 есе артық.

Егер сутегімен салқындатылмаса генератордың қуаты 50% кемтілуі тиіс, сондықтан әpбip Электр станциясында электролиттік жіктеу әдісімен cyтeгiн өндіретін, өзіндік cyтeri станциясы болады.