Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр жктемелеріні графиктері.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
241.06 Кб
Скачать

Д) Жүктеме ұзақтығының жылдық графигі

Бұл график қондырғының жыл бойындағы әртүрлі жүктемелермен жұмысының ұзақтығын көрсетеді. Ординат өсімен тиісті масштабта жүктемелерді салады, абсцисс өсімен — жылдың сағатын 0 ден 8760 дейін салады. Жүктемелерді графикте олардың азаюына қарай Ртах тен Pmin дейін орналастырады (1.30 сур.).

Жүктеме ұзақтығының жылдық графигін белгілі тәуліктік графиктердің негізінде тұрғызады. 1.31 сур. графикті тұрғызудың тәсілі жүктеменің екі тәуліктік графиктерінің — қыстық (183 күн) және жаздық (182 күн) негізінде көрсетілген.

Электрэнергияның ең кең тараған тұтынушылары үшін анықтамалықтарда ұзақтық бойынша активтік және реактивтік жүктемелердің типтік графиктері келтіріледі. Жүктемелердің ұзақтық графигін қондырғының техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің есептерінде, электрэнергия шығындарының есептерінде, жыл бойында жабдықты пайдалануды бағалағанда және т.б. пайдаланады.

е) 3.3 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық экономикалық көрсеткіштер

Активтік жүктеме графигінің қисығымен шектелген аудан қарастырылған мерзімдегі электрқондырғы өндірген немесе тұтынған энергияға тең:

мұнда Рi – графиктің i сатысының қуаты; Тi – сатының ұзақтығы.

Қондырғының орта жүктемесі қарастырылатын мерзімде (тәулік, жыл) тең:

мұнда Т - қарастырылатын мерзімнің ұзақтығы; Wп - қарастырылатын мерзімдегі электрэнергия.

Қондырғының жұмыс графигінің бірқалыпты емес дәрежесін толықтыру коэффициентімен бағалайды

Жүктеме графигін толықтыру коэффициенті қарастырылатын мерзімде (тәулік, жыл) электрэнергияның өндірілген (тұтынылған) саны, егер қондырғы жүктемесі барлық уақытта максималды болса, сол уақытта өндірілген (тұтынылған) энергияның санынан қанша есе аз болғанын көрсетеді. Әрине, график бірқалыпты болған сайын, кзп мәні бірге жақын.

Қондырғының жүктеме графигін сипаттау үшін максималды жүктемені пайдаланудың шартты ұзақтығын қолдануға болады:

Бұл шама қарастырылатын Т мерзімінде (әдетте жыл) қондырғы сол уақыт мерзімінде электрэнергияның Wп айғақты санын өндіріп (тұтыну) үшін қанша сағат өзгермейтін максималды жүктемемен жұмыс істеу керек екенін көрсетеді.

Іс жүзінде орнатылған қуаттың пайдалану коэффициентін де

Немесе орнатылған қуаттың пайдалану ұзақтығын да қолданады

kи анықтағанда Руст деп резервтікті қосқандағы барлық агрегаттардың қосынды орнатылған қуатын түсіну керек.

kи пайдалану коэффициенті агрегаттардың орнатылған қуатын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Әрине, kи < 1, ал Туст < Т. Руст ≥ Рmax қатынасын ескеріп, kи ≤ kзп алады.

ТМД энергия жүйелері үшін орташа алғанда электрстанциялардың орнатылған қуатының пайдалану ұзақтығы жылына 5000 сағат шамасында құрайды.

Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. ТМД – да электрстанциялардың қандай типтері пайдаланылады және олардың электрэнергия өндіруде рөлі қандай?

  2. Неге электрқондырғыларды I кВ дейін және 1 кВ жоғары топтарға бөледі?

  3. Электр жалғауларының сұлбасы деп нені түсінеді?

  1. Жылу және электр бөлігінде ЖЭС құрудың блоктық қағидасында қандай құндылықтар бар?

  2. Электрстанцияларды энергия жүйелеріне біріктірудің қандай техникалық –экономикалық артықшылықтары бар?

6. ЖЭС – р қоршаған ортаға қалай әсер жасайды?

7. Бейтарабы жерлендірілмеген (оқшауланған) торап жұмысының құндылықтары мен кемшіліктері?

  1. Бейтарабы эффективті- және резонансты – жерлендірілген тораптардың айырмашылығы неде?

  2. Қандай тораптарда қатаң жерлендірілген бейтараптың режимі қолданылады?

10. Қайда электр жүктемелерінің графиктері және олардың басқа түрлері пайдаланылады?

11. Жүктеме графиктерінің қандай көрсеткіштерін білесіз?