Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 д-ріс.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
169.39 Кб
Скачать

6.4- Сурет. Ip-телефония желілерінде шақыруларды басқару

 

IP-телефониядағы тағы бір маңызды мәселе – бұл желіге енуді бақылау. Жалпы қолданыстың телекоммуникация желісіндегі (ЖҚТЖ) абонент белігеленген жергілікті желі арқылы АТС-ке жалғанады, сондықтан оның телефондық аппаратын сәйкестендіріп қосу өте оңай. IP-телефония желісінде бүкіл баптаулар анағұрлым күрделі, себебі оған ену тәсілдері көп: кәдімгі телефоннан ЖҚТЖ арқылы; модемдік байланыста түпкі ену сервері арқылы, СЕЖ және шекаралық таратылған желілер арқылы және т.б. желіге тиімді ену үшін оператор әр абоненттің сұралған қызметін аутентификациялау керек.

Жалпы жағдайда шақыратын және шақырылатын абоненттер арасында байланыс орнату үшін IP-телефония шлюздері келесілерді орындауы тиіс: түпкі құрылғы (оконечое) тіркелген аймақ (зона) контроллерін табу; аймақ контроллерінде өзіндік мнемоникалық адресті тіркеу; талап етілетін өткізу жолағын көрсету; қосылуды орнатуға сұрау жіберу; қосылуды орнату; шақыру кезінде қосылу параметрін басқару; қосылуды ажырату.

Н.323 стандарты бойынша сигнализация. Н.323 протоколдар тобы 3 негізгі протоколдан тұрады: түпкі құрылғының RAS приватнигімен әрекеттесу құрылғысы; желіге қосылуды басқару протоколы (шақыру сигналдарын таратуды басқару) – Н.225 және логикалық арналарды басқару протоколы – Н.245.

RAS протоколы (тіркеу, желіге ену және күйі). Халықаралық электробайланыс кеңесі Н.225.0 ұсынысында Н.323 желісі компоненттерінің өзара әрекеттесу протоколдарын анықтайды: приватникпен түпкі құрылғы(терминалдар, шлюздер,конференцияларды басқару құрылғысы). Бұл протокол RAS (Registration, Admission and Status) деп аталады.

Түпкі құрылғы мен приватник арқылы RAS протоколы көмегімен орындалатын негізгі әрекеттер:

– (Gatekeeper) привратниктің табылуы;

– түпкі құрылғының приватникте тіркелуі;

– түпкі құрылғының желілік ресурсқа енуін бақылау;

– түпкі құрылғының желідегі орнын анықтау;

– шақыруға қызмет көрсету кезіндегі өткізу жолағының өзгерісі;

– түпкі құрылғының ағымдық жағдайын көрсету және сұрау салу;

– жабдықты қолданған өткізу жолағының босауы туралы приватниктің хабарламалауы.

RAS протоколымен қарастырылған, бастапқы үш әрекеттің орындалуы алғашқы фазасы болып табылады. Әрі қарай Н.225.0 (Q.931) сигнализация фазасы және Н.245 басқару хабарламаларымен алмасу жүреді. Ажырау үрдісі кері тізбекте болады: алдымен Н.225.0 сигналдық арнасы және басқарушы арна жабылады, содан кейін RAS арнасы бойымен приватник өткізу жолағын алдыңғы қолданған жабдық босатқандығын хабарламалайды.

RAS хабарламаларын тарату UDP (ақпараттың жеткізілгендігінің кепілсіздігі протоколы) дейтаграммаларында жүзеге асады. Осыған байланысты ITU-T RAS-тың сол хабарламасын қайта жіберуді, оның сол уақыт аралығында қабылданбағандығын ұсынады. Алынған сұрауға сол уақыт аралығында жауап беруге мүмкіндігі жоқ приватник немесе түпкі жабдық сұрау өңдеу стадиясында жатқандығы жайлы хабарламады көрсетуге арналған RIP (Request in Progress) хабарламасы жіберілуі мүмкін. RIP хабарламасын қабылдар кезде приватник пен түпкі жабдық өздерінің таймерін қайта қосып тексеруі тиіс.

Ескеретін бір жайт, желіде RAS сигналдық арнасы приватниксіз қолданылады.

RAS адрестеу үшін келесілер кіретін адрестік ақпараттарды қолданады: жабдықтардың желілік адресі, TSAP көрсеткіші(индикатор); мнемоникалық адрес. Желілік адрес желіде КП-мен қолданылатын форматтағы адрес болып табылады, мысалы, IPv4, IPv6 форматтағы адрес. TSAP идентификаторы бір желілік адрестен жіберілген ақпараттық ағынды идентификациялау үшін қолданылады. Привратник (контроллер) үшін TSAP тұрақты мәндері белгіленген: 1718 (привратниктің іздеуі), 1719 (RAS сигнализациясы хабарламасын тарату үшін). Мнемоникалық адрес түпкі жабдықтың пайдаланушыға қолайлы формада адрестеу үшін қызмет етеді. Адрес Е.164 форматтағы телефондық нөмір, жеке желідегі телефондық нөмір, электронды почта адресі болуы мүмкін. Приватниктің өзі мнемоникалық адрестен тұрмайды.

Н.225желіге қосылуды басқару протоколы. Н.323 желілеріндегі желіге қосылуды басқару рәсімдері Халықаралық элекробайланыс кеңесімен Н.225.0 ұсынысы негізінде бағдарланған. Осы рәсімдер шақыру қызметтері үрдістерінде Q.931 сигналдық хабарламалар қатарын пайдалануды қарастырады, Q.931 ұсынысына қосымшасына сәйкес сигналдық хабарламаның ауысуы симметриялы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап шлюздің арналар коммутациясы желісімен байланысына қатысты емес.

Шақыруды басқарудың қорғалған арнасы IP желісінде TCP 1720 портында құрылады. Бұл порт Q.931 шақыруды басқару хабарламасын шақыруды аяқтауға, қолдауға және орнатуға арналған екі түпкі нүктелер арасында сәйкестендіреді.

Н.225 протоколы қосымша қызметтерге Q.932 хабарламасын қолдануға мүмкіндік береді.

Н.323 желілерінде Q.931 және Q.932 сигналдық хабарламалары қолданылады:

– Setup (орнату). Н.323 объектісімен байланыс орнату кезіндегі Н.323 шақырушы объектісіне жіберілетін тікелей хабарлама. Бұл хабарлама шақырушы жабдықтың 1720 қоғамдық TCP портына жіберіледі;

– Call Proceeding (шақырудың жалғасуы). Шақыру қызмет етуге қабылданғандығын хабарламалайтын шақырушы жабдыққа жіберіледі;

– Alerting (хабарламалау). Шақырушы абонентке жіберіледі және шақырылып жатқан абонент бос екендігі жайлы хабарламалайды, пайдаланушыға кіріс шақыру жайлы сигнал беріледі;

– Connect (желіге қосылу). Шақырылып жатқан жақ жауап бергенді жайлы хабарлама беретін кері хабарлама. Connect хабарламасы Н.245 басқару сигналдарын таратуға арналған UDP/IP транспорты адресінен тұрады;

– Release Complete (босаудың аяқталуы). Байланысты аяқтау мақсатында шақырушы және шақырылып отырған жабдықтарға жіберіледі. Бұл хабарлама тек сигналдық арна ашық кезде ған жіберіледі;

– Facility (құрал). Q.932 хабарламасы ITU H.450.X ұсынысына сәйкес қосымша қызметке жүгіну үшін қолданылады. Ол шақыру тура немесе аймақ контроллері арқылы болуын көрсетуге арналған.

Сигналдық хабарламаның жіберілуін желіге қосылуды орнатумен және TCP ақпаратын кепілді жеткізумен протокол қамтамасыз етеді. Н.323 ұсынысының бірініші және екінші нұсқаларына сәйкес әр жаңа шақыру үшін жеке дара сигналдық арна ашылады. Н.323 ұсынысының үшінші нұсқасынан бастап бір Н.225.0 сигналдық арна түрлі белгілерден тұратын және түрлі шақыруларға қатысты хабарламаларды тасымалдауы мүмкін. Осындай мүмкіндіктің болуы шлюзбен қосылуды орнату уақытын жіберілетін қызметтік ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 6.5 суретте шақыруды орнату кезіндегі сигналдық хабарламалар ұсынылған. Аймақ контроллерімен өзара әрекеттесу шақыруға арналған RAS хабарламасымен шектелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]