- •Этн-2. Үш фазалы электр тізбектерін және сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді есептеу
- •5В071800 - электр энергетика мамандығының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •Кіріспе
- •1 №1 Тапсырма. Статикалық жүктемелі үш фазалық ток тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режимдерін есептеу
- •2 №2 Тапсырма. Үш фазалық тізбектің симметриялы емес режимдерін симметриялық құрастырушылар тәсілімен есептеу.
- •050013 Алматы, 126 үй, Байтұрсын ұлы
1 №1 Тапсырма. Статикалық жүктемелі үш фазалық ток тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режимдерін есептеу
Фазалық ЭҚК-і ЕФ, әр сымының кедергісі Zпр болатын үш фазалық симметриялық генераторға фазалық кедергілері Z1-мен жұлдызша жалғанған, ал фазалық кедергі Z2-мен үшбұрышты жалғанған екі симметриялық қабылдағыш қосылған. (1.1 сурет) Генератордың фазалық ЭҚК мәндері және тізбектің параметрлері 1.1, 1.2, 1.3 кестелерінде келтірілген.
Келесі тапсырмаларды орында:
а) сұлбада (1.1 сурет) бүкіл үш фазалық тізбектің активті қуатын есептеу үшін екі ваттметр қосу
б) Берілген нұсқаға сәйкес есепте: жүйенің сымдарындағы және қабылдағыштардың фазаларындағы тоқтарды; қабылдағыштардың фазалық кернеулерін; ваттметрлердің көрсетулерін және активті, реактивті, толық қуаттарды; үш фазалық тізбектің үш жұмыс режимі үшін векторлық диаграмма құр:
1 симметриялық режим;
2 жүйе сымының біреуі үзілгенде;
3 қабылдағыштың бір фазасы үзілгенде.
1.1 - сурет
Әдістемелік ңұсқаулар.
Үш фазалық тізбектің симметриялық ережесін есептеу үшін қабылдағыштың Z2 кедергімен үшбұрышты жалғасуын оған эквивалентті жұлдызша жалғасуға ауыстырады. Симметриялық ережеде барлық бейтарап нүктелердің потенциалдары бірдей болады, оларды кедергісіз сыммен жалғауға болады. Егер сұлбадан В және С фазаларын алып тастаса, А фазасының ережесі өзгермейді. Сонда А фазасында токты есептеу үшін бір фазалық сұлбаны аламыз. (1.2 - сурет, мұндағы Z2-эквивалентті жұлдызшаның кедергісі).
1.2 - сурет
В және С фазаларында сәйкес тоқтардың шамасы А фазасындағыдай, бірақ А фазасындағы тоқтарға қарағанда фаза бойынша ±120 градусқа бұрылған.
Үш фазалық тоқтың симметриялық емес ережелерінің (жүйеде сым үзілген немесе үшбұрышты қабылдағыштың бір фазасы үзілген) Z1 кедергісімен жұлдызша қосылған қабылдағышты оған эквивалент, тармақтардың кедергісі Z2 үшбұрыштың тармақтарына параллель үшбұрышқа өзгерту керек. Содан соң үшбұрыштардың әрбір тармақтарын бір тармаққа ауыстыру керек, сонда біз эквивалентті үшбұрышты сұлбаны аламыз.
1.1- кесте
Түскен жылы |
Тегінің бірінші әріпі | |||||||||
Тақ |
АЯҒ |
УЮ Ф |
КХ Ә |
БЛЦ Ө |
ВМЧ І |
ТЭИ Ү |
ЖСЗ |
ДО ЩҰ |
ЕПР Қ |
ГН Ш |
Жұп |
ФЕУ Қ |
ЦБХ
|
ГЧВ |
ЩДШ
|
МЛК Ө |
ПОН І |
ЖСР Ә |
ТЗҒ |
АИЭ Ү |
ЯЮ Ұ |
Еф,В |
120 |
220 |
380 |
127 |
220 |
120 |
60 |
100 |
200 |
180
|
Zпр, Ом |
10+j4 |
12+j6 |
8+j5 |
20+j10 |
18+j9 |
7+j4 |
12+j8 |
10+j6 |
16+j9 |
15+j5
|
1.2 - кесте
Түскен жылы |
Студенттік кітапшасының соңғы саны | |||||||||
Тақ |
0 |
9 |
1 |
8 |
2 |
7 |
3 |
6 |
4 |
5 |
Жұп |
5 |
3 |
2 |
9 |
8 |
0 |
1 |
7 |
6 |
4 |
Z1, Ом |
50- j20 |
60+ j30 |
70- j40 |
90+ j50 |
100- j60 |
100- j50 |
80- j100 |
60+ j80 |
70- j110 |
100+ j120 |
Кесіндінің үзілуі |
А |
С |
В |
А |
В |
С |
А |
В |
С |
А |
1.3 - кесте
Түскен жылы |
Студенттік кітапшасының соңғы санының алдындағы сан | |||||||||
Тақ |
1 |
0 |
9 |
8 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
7 |
Жұп |
7 |
2 |
6 |
5 |
4 |
1 |
0 |
9 |
8 |
3 |
Z2, Ом |
100+ j80 |
80- j90 |
60+ j80 |
100- j50 |
40+ j90 |
30- j60 |
100- j120 |
120+ j70 |
80+ j40 |
90- j50 |
Фазаның үзілуі |
аn1 |
ав |
вc |
вn1 |
ca |
вc |
сn1 |
вn1 |
aв |
ca |