Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ois_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.3 Mб
Скачать

7.Жоба және жобаларды басқару анықтамасын беріңіз. Жобалардың классификациясын толығымен ашыңыз. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістерін атаңыз және сипаттаңыз.

Ақпараттық жүйені жобалау көлемді, ұзақ уақытты алатын динамикалық процесс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жобау техникасын сатылап тұрғызуға негізделген.

Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері – бұл жобалаудың сәйкес жабдығын қолдану арқылы ақпараттық жүйелерді құру әдістері. Ақпараттық жүйелерді жобалауда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану сапалы жүйені құруға мүмкіндік береді. Жобалау әдістері 3-ке бөлінеді:

  • Ерекше жобалау әдісінің көмегімен жеке жобалауды тұрғызамыз. Жеке жобалау басқару объектісінің барлық ерекшеліктерін қамтуға мүмкіндік береді.

  • Типтік жобалау әдісі жуйені құрамдас компоненттерге бөлу арқылы жүргізіледі. Құрамдас компоненттерге ішкі жүйелер және алгоритмдер жатады. Типтік жобалау кезінде дайын жобалау шешімдері қолданылады.

  • Ақпараттық жүйелерді құрудың жаңа бағытына жобалаудың автоматизациялау әдісі жатады. Бұл әдісті модельдік жобалау деп те атайды. Бұл әдістің артықшылығы ақпараттық жүйе сенімді жүйе болады

Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.

Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады. Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет. Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттандырылады.

8. Ақпараттық жүйелердің компоненттерін атаңыз және ашып жазыңыз. Ақпараттық жүйелердің функцияларын сипаттаңыз.

Ақпараттық жүйенің компоненттері дегеніміз ақпараттық жүйе құрайтын мәліметтер қоры, ақпараттық процессорлар және концептуалды схема.

Ақпараттық процессор - алынған командаға жауапты мәліметтер қорымен және концептуалды схемамен бірге іздейтін механизм. Ақпараттық процессор есептеу жүйесінен және мәліметтер қорын басқару жүйесінен тұрады.Концептуалды схема (концепт - түсінік) мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат бірліктерінің құрылымын сипаттайды.

Кіріс ақпараты дегеніміз құжаттар түрінде берілетін мәліметтер және ақпараттар. Шығыс ақпараты дегеніміз ақпараттық жүйенің қызметінің орындалу барысында алынатын басқару жүйесіне қажетті ақпараттар.Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі ақпараттық байланыстардың қозғалысы мен өңдеуден кейін графикалық түрде көрсетіледі. Жабдықтаушы бөлімінде программалық жабдықтамалар мен есептеу жүйесі сипатталады.

Ақпараттық модельдің бірнеше түрлері бар:

1.Концептуалды модельде блок-схемалар, граф, кесте қолданылады.

2.Логикалық модельде ақпараттық жүйені жобалау және талдау жүргізіледі.

3. Математикалық модель – үлгіленетін процесс параметрлерінің арасында жазылған мәліметтер.

4. Алгоритмдік модель математикалық модельдің құрамына кіреді.

Пәндік сала дегеніміз материалды жүйенің элементтері, яғни олар туралы ақпарат ақпараттық жүйеде сақталынады.

Ақпараттық жүйелердің негізгі функцияларына ақпараттық ресурстарды жинау, тіркеу, сақтау, өңдеу функциялары, сонымен қатар қолданушылардың сұраныстарын қанағаттандыру функциялары жатады.

Жинау және тіркеу функциялары пәндік сала туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Функцияны іске асыру ақпарат көзінен тәуелді. Ақпарат көзі ретінде электронды және қағаз түріндегі тасығыштарды алуға болады. Осы функциялар ақпараттарды бақылауды, сығуды, конвертация жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі байланысты. Ақпаратты бақылауды қамтамасыз ету – бұл бірнеше ақпарат көзін қолданғанда мәліметтерді ақпараттық жүйеге жүктеуді дайындау және мәліметтерді өңдеу стадиясы.

Өңдеу стадиясына мәліметтерді сүзгіден өткізу процедурасы, верификация, ақпараттың сапасын жақсарту процедуралары жатады. Сүзгіден өткізу нәтижесінде ақпарат қорынан қажетті ақпаратты таңдау жүргізіледі. Верификация ақпараттың сенімділігін және толықтылығын қамтамасыз етеді. Конвертация жасау ақпараттық жүйедегі бір форматтағы мәліметтерді басқа форматтағы мәліметтерге түрлендіру.

Ақпараттық жүйенің функцияларын тарату әдістері мен тәсілдерін ақпараттық технология деп атаймыз. Технологиялық процесс дегеніміз ақпараттың пайда болу мезетінен нәтижелі ақпаратты алғанға дейін орындалатын процесстердің жиынтығы. Ақпараттық технология есептеу технологиясының жабдықтамаларын қолдану негізінде ақпаратты жинау , сақтау, өңдеу және іздеу жүйесі. Ақпараттық технология түсінігі технологиялық және программалық ортамен байланысты. Ақпараттық технологияның түрлері:

1.Мультимедиа технологиясы.

2.Мәліметтерді өңдеу технологиясы.

3.Сараптау жүйесі.

4.Желілік технология.

Ақпараттық технология 2 режимде жұмыс жасайды:

1.Пакеттік

2.Сұхбаттық

Пакеттік режим келесі қасиеттермен сипатталады:

1.Кіріс және шығыс ақпараттарының көлемді болуы.

2.Есептерді шешу кезінде адамның көмегінің қажет болмауы.

3.Кіріс файлдары үшін есептеулердің орындалуы.

9. Ақпараттық жүйенің өмірлік  айналымының анықтамасын беріңіз және  оның құрылымының  негізгі үдерістерін толық сипаттаңыз

Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы дегеніміз жүйені тұрғызу жөніндегі шешімдерді қабылдау мезетінен жүйе қызметін тоқтатқанға дейінгі стадиялар мен этаптар жиынтығы.

Ақпараттық жүйелерді тұрғызудың өмірлік айналымы мен мағыналық мәні әр түрлі ыңғайда бірдей және келесі стадиялардан тұрады.

1.Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.

2. Жобалау. Бұл стадияға жабдықтаушы ішкі жүйелердің құрамын анықтау (модельдеу), ақпараттық жүйелердің техникалық жобасын рәсімдеу функциялары жатады.

3. Жүзеге асыру. Бұл стадияға программаларды құру, деректер қорын құру, қызметкерлер үшін жұмыс нұсқауын жасау, жұмыстық жобаны рәсімдеу функциялары жатады.

4. Ендіру. Қызметкерлерді оқыту, ақпараттық жүйелерді сатылап ендіру, қабылдау, өткізуді сынау жөніндегі актілерді рәсімдеу функциялары жатады.

5. Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі жайлы статистикалық мәліметтерді және жарнамаларды жинау, қателерді түзету, ақпараттық жүйелерді модернизациялауға талаптарды рәсімдеу функциялары.

Екінші және үшінші этапты көбінесе бір стадияға біріктіреді. Оны техникалық жұмыстық жобалау немесе жүйелік синтез деп атайды.

Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады.

Сонымен бірге басқарудың функцияларын автоматтандыру қажеттілігіне негізделген есептер қойылады. Бұл қажеттілікті анықтағаннан кейін программалық-техникалық жобаларды таңдау негізінде объектілерді жетілдіру бағытын таңтау мәселесі туындайды. Нәтижелер техникалық тапсырма түрінде рәсімделінеді. Осында ақпараттық жүйелерге талаптар және техникалық шарттар бейнеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]