Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

19. Өнiмнiң және қызметтердің белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

Өнiм, процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:

1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;

2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;

3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.

3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.

5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.

6. Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге тиіс.

Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық тексеру) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады. Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.

5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбау үшін әкелінген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.

20. Аккредиттеудің мақсаттары мен принциптері.

Аккредиттеу мақсаттары.

1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; 

2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру ; 

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 

5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.

Аккредиттеу принциптері.

Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.

Аккредиттеу принциптері:

1) еріктілік;

2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

4) кемсітушілікке жол бермеу;

5) құзыреттілік;

6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

7) тәуелсіздік;

8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.