- •Топографиядан шпор
- •Румб және дирекциондық бұрыш
- •2. Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы
- •3. Масштаб.Масштабтың түрлері
- •4. Топография мен геодезияның даму тарихы
- •5. Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік
- •6. Топографиялық карта бойынша ара қашықтықты өлшеу тәсілдері
- •7. Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілдері
- •8. Географиялық азимут туралы түсінік
- •9. Масштабы 1:1000000 топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау
- •10. Ф.Н. Красовскийдің референц-эллипсоиды туралы түсінік
- •11.Топографиялық карта бойынша жер бедерін зерттеу әдістері
- •12. Географиялық координаталар туралы жалпы түсінік
- •13. Топографиялық карталар бойынша географиялық координаталарды анықтау тәсілдері
- •14. Топографиялық картада азимут бойынша жүру схемасын жасау тәртібі
- •15. Топографиялық картада жер бедерін бейнелеу
- •16. Топографиялық карта бойынша гипсометриялық профиль жасау тәртібі
- •17. Топографиялық картада су объектілерін, топырақ-өсімдік жамылғысын бейнелеу ерекшеліктері
- •18. Топографиялық картада әлеуметтік-экономикалық объектілер мен елді мекендерді бейнелеу
- •19. Топографиялық картаның проекциясы
- •20. Геометриялық нивелирлеу
- •21. Жергілікті жерде арақашықтықтарды өлшеу және қолданылатын құрал-саймандар
- •25.Жергілікті жерде бағдарлау
- •31. Қарапайым аспаптармен жоспарлы түсірудің түрлері.
- •32. Оптикалық теодолиттің құрылысы.
- •33. Жергілікті жердің учаскесін полярлық түсіру схемасы.
- •34. Нивелирлеу журналы.
- •35. Теодолиттік түсірістің кезеңдері.
- •36. Мемлекеттік геодезиялық желісін жасау әдістері.
- •37. Теодолиттік түсіріс.
- •38. Нивелирлік рейкалары.
- •39. Gps- қабылдағыш.
- •40. Аэрофототопографиялық түсіріс туралы түсінік.
Румб және дирекциондық бұрыш
Карталар мен пландар координаталардың зоналық тік бұрышты жүйесінде жасалатындықтан, геодезияда дирекциондық бұрыштар жиі қолданылады. Дирекциондық бұрыш (α) деп осьтік меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бір нақты сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0º- тан 360º-қа дейін өзгереді. Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының а дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады.
яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрышпен 180°-тың қосындысына тең. Практикада а>180° болған кезде, кері дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған қолайлы:.
Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде румб деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады.Шамасы 0º-тан 90º- қа дейін өзгеретін осьтік меридианның солтүстік не оңтүстік жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты румб дейді.Дирекциондық бұрыштарды румбтарға (таблицалық бұрыштарға) аударғанымыз, тригонометриялық функциялардың 0º-тан 90º аралығындағы кестелік нақтылы мәндерін пайдалануға мүмкіндік береді.Әрбір ширекте румбтар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыстар болатынын көреміз.Румбтар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбтың сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).
Мысалы, дирекциондық бұрыш a=230010' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ширек (ОБ).
2. Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы
Геодезияның ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруде, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің әскери қорғанысында маңызы.
Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылады.
Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
Геодезия жерді орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, әскери операцияларға талдау жасау және тағы да басқалары үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде "ОР5" спутниктік навигация жүйесінің пайда болуына байланысты жер бетіндегі нүктелердің үш өлшемді координаталарын анықтау тез және жоғары дәлдікпен орындалатын болды. Геодезиялық түсірулерді жүргізу мақсатымен жетілдірілген электрондық тахеометрлер, сандық нивелирлер, лазерлік рулеткалар және тағы да басқалары шығарыла бастады. Осыған орай геодезия ғылымында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жургізудің технологиясы мен әдістері біршама езгеруде. Геодезияның, картографияның , аэротүсірудің, электрониканыц және ғарыш геодезиясының соңғы жетістіктері инженерлік объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйесінің жаңа технологиясын жасауға және оған өтуге мүмкіндік тудыруда.