Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplomkaNEGIZGI.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 ҚР мұнай саласындағы даму қарқыны

1.2 Мұнай өңдеу процестерінің заманауи күйі

1.3 Мұнай өңдеу процестерінен алынатын өнімдер

1.4 Еуропалық және еліміздегі нормативтер

1.5 Мұнай өңдеу процесінде еңбек қауіпсіздігін қамту

2 ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Жұмыстың нысандары

2.2 Жұмыстың әдістері

2.3 АРН - ЛАБ - 03 құрылғысы арқылы мұнайды фракциялау әдісі

2.4 Газды хроматографиялық әдіс

2.5 Пиролиз әдісі

3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

3.1 Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпті факторлар

3.2

3.3

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы кен орындарын игеру,оның ішінде мұнай-газ өндіру – Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қайнар көзі. Мұнай өнеркәсібінің дамуы мұнай қалдықтарының артуы мен қоршаған ортаны ластаумен қатар жүреді.Егер мұнай өңдеу зауыттары мұнай өңдеу өндірісінде ескі технологияларды, мерзімі біткен қондырғыларды, мұнай өндірісінің сапалы болуына теріс әсерін тигізетін іс-шараларды қолданса бұл қоршаған ортаға зор зиянын тигізеді.Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай қалдықтарымен ластау көзі- мұнай өңдеу зауыттары, мұнай өнімдерінің қоймалары,мұнай сапасын анықтайтын зертханалар және т.б. есептеледі.[2]

Мұнай өндіру саласы үлкен жер көлемін алумен,ластандыру мүмкіндіктерімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіпінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ұңғымаларды бұрғылауда, мұнай өндіру мен дайындауда қолданылатын химиялық реагенттер мен өндіру процесінде ауаға тарайтын көмірсутектері және олардың қоспалары адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қауіп төндіретін зиянды заттар болып табылады.

Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаның ахуалы әрбір адамға тікелей де,жанама түрде де әсер ететін маңызы орасан зор әлеуметтік–экономикалық мәселенің біріне айналып отыр. Кәсіпорындардағы мұнай өндірумен байланысты қауіп-қатердің негізгі көздеріне қасыммен жұмыс жасайтын ыдыстар,атмосферада кездесетін көмірсутектердің,күкіртсутектердің,уытты заттардың булары,сонымен қатар көміртегі тотықтары, әртүрлі жұмыстарға арналған улы химиялық реагенттер, әртүрлі механизмдердің айналу бөлшектері, жоғары кернеудегі электр қондырғыларының,құралдардың,газдардың,сұйықтардың өртенуі және жарылуы жатады. Мұнай кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл фракцияларының шығуынан болатын бу-ауа қоспаларынан күшті жарылыстар,дауылды желдер,мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен көлемдегі өрттер, фенол, метанол, қышқыл, сілті және тағы да осы сияқты күшті әсер ететін уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайлар болуы мүмкін.

Қазақстанда қазіргі таңда табиғи ортаның қарқынды түрде ластануы жүріп жатыр. Өнім өндіру төмендегенімен қоршаған ортаның ластануы кеміген жоқ.Себебі, нарықтық қатынастар жағдайында табиғатты қорғауға жұмсалатын қаражат шығыны бұрынғысынан да үнемделу үстінде.Халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайының нашарлауы аясында экологиялық жайсыз мәселелер ерекшелене түсті. Бұл тұрғылықты халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайының биологиялық негіздеріне нақты қауіп тудырады. Сондықтан,қазіргі кезеңде,мұнай өндіруші нысандарда алдын ала жабдықталатын тазалау қондырғылары іске қосылғанымен,мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін заттардан және іс-әрекеттерден толық арыла алмай отырғаны анық. Сондықтан, табиғи жағдай үшін шығыны аз, тиімді технико-технологиялық шешімдерді іздестіру қажет. Ұңғымадан алынған мұнай және газды өндіру, тасымалдау кезінде және сұйық көмірсутегі қалдықтарының апаттардың салдарынан төгілуінің алдын алу және қоршаған ортаға тараған мұнай газ қалдықтарын тез арада жинап, тазарту қажет.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]