Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4,5 адсорбц.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
440.83 Кб
Скачать

Есеп беру.

  1. Беттік керілуді анықтау әдістемесін келтіру.

  2. Құрылғының сызбасын білу.

  3. Барлық есептеулерді көрсету.

  4. Алынған тәжірибелік мәліметтерді кестелерге енгізу.

  5. ; ; ; ; графиктерін тұрғызу.

3.1-жұмыс

Бояулардың матадағы адсорциясы

Жұмыстың мақсаты: Бояулардың матадағы адсорбциясын зерттеу, фотоколориметрдің жұмыс істеу принципімен танысу, адсорбцияның максималды мәнін (а) есептеу.

Жұмысқа қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: Сыйымдылығы 50 мл-к өлшеуіш колбалар – 6 дана; сыйымдылығы 100 мл-к өлшеуіш колбалар – 6 дана; шыны таяқша – 1 дана; көлемі 25 мл өлшеуіш цилиндр; пинцет; аналитикалық таразы; фотоколориметр; маталар үлгілері; бастапқы концентрациялары 0,04 г/л болатын фуксин, родамин-Ж, метилен көгі және т.б. сияқты әр түрлі бояулар ерітінділері.

Жұмыс барысы.

Берілген бастапқы концентрациясы белгілі ерітіндіден өлшеуіш колбаға 6 ерітінді дайындау керек, әрбір келесі ерітінді алдыңғы ерітіндіден 2 есе сұйылту жолымен даярланады.

Дайындалған ерітінділерден (соның ішінде бастапқы ерітіндіден де) өлшеуіш цилиндр арқылы 25 мл ерітінді алып, стакандарға құяды. 6 түрлі маталардың қиықтарын аналитикалық таразыда өлшеп алып, алдымен дистильденген суға батырады, сосын бояу ерітінділеріне салады. Мата қиықтарын 30 мин. уақыт бойы бояу ерітінділерінде қалдыру керек және периодты түрде шыны таяқшамен араластырып тұрған жөн. бқл ерітінділердегі маталар боялып болғанша, таза ерітінділердің оптикалық тығыздығын (А) фотоколориметр ФЭК-56М немесе КФО көмегімен анықтау керек. Ерітінділерді зерттеу үшін қажет жарық сүзгілерінің түрін оқытушының нұсқауы бойынша алу керек.

Оптикалық тығыздықты ФЭК-56М құралымен өлшеу

Өлшеуді құралды қосқаннан кейін 15-20 минут өткен соң жүргізген жөн. Ең алдымен құралдың “нөлге келтіру” тетігімен микроамперметрдің стрелкасы нөлге қойылады. Сол жағындағы жарық шоғырына үнемі дистильденген суы бар кювета қойылады. Кюветаны сол жағына қоюдың мақсаты – жарық шоғырының жылуынан сол жақтағы фотоэлементтің қызуын болдырмау.

Оң жақтағы жарық шоғырының жолына зерттелетін ерітінді бар кювета қойылады. Оң жақтағы барабанның индексін жарықөткізу шкаласы бойынша “100”-ге немесе оптикалық тығыздық шкаласы бойынша “0”-ге келтіреді. Сол жақтағы өлшейтін барабанды бұру арқылы микроамперметрдің стрелкасын нөлге әкеледі. Содан соң кювета ұстағыштың ұстамасын ақырына тірелгенге дейін бұрап, оң жақтағы жарық шоғырының жолындағы зерттелетін ерітінді бар кюветаны дистильденген суы бар кюветамен ауыстырады. Ол кезде микрометрдің стрелкасы нөлден ауытқиды. Өлшейтін оң барабанды бұрау арқылы стрелканы бастапқы (“нөл”) жағдайына алып келеді де, оң барабанның шкаласы бойынша зерттелетін ерітіндінің тығыздығын жазып алады.

Алынған мәндер бойынша A = f(C) сәйкестілену графигін саламыз. Жоғарыда аталған уақыт өткеннен кейін мата қиықтарын алып тастап, ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын өлшейді. A = f(C) түзу сызықты сәйкестілену графигін пайдаланып, маталардан қалған ерітіндінің оптикалық тығыздығы арқылы тепе-теңдік концентрацияны анықтайды. Бұл үшін адсорбциядан кейінгі ерітіндінің шамасына сәйкес келетін нүктесінен абциссаға параллель сәйкестену қисық қисық сызығына қиылысқанға дейін түзу жүргізіледі. Осы қиылысқан нүктеден абциссаға перпендикуляр түсіріледі.

Бояудың адсорбцияланған шамаларын мына формуламен есептейді (1.23):

мұндағы с0 - бояудың бастапқы концентрациясы, г/л; c – бояудың адсорбциядан кейінгі концентрациясы, г/л; V - адсорбция жүрген ерітіндінің көлемі, л; m – адсорбенттің массасы.

Алынған мәндерді кесте түрінде келтіреміз:

3-кесте

№№

С1

А1 адсорбцияға дейін

А2 адсорбциядан кейін

С2

а

Адсорбция изотермасын, а = f(C2) Лэнгмюр теңдеуін қолданып, графиктік әдіс арқылы адсорбцияның максималды мәнін аmax табады. Ол үшін Лэнгмюр теңдеуін түзу сызықты теңдеуге келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]