Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин кэф каз тексерилген .doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
681.98 Кб
Скачать

3 Эаж деңгейінің және оның қолдану ықтималды облысының бағасы

3.1 “Банк жұмысының тиімділігі көрсеткішін есептеу және талдаудың ақпараттық жүйесін құру” аж-ін құруға кететін шығынды бағалау

Көпшілік жагдайда есептеуіш техникаларды енгізу тікелей экономикалық әсерді (өзгерісті) әкелмейді. Ол келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

- жұмыс қолдарының санын қысқарту, есептеуіш техникасымен барлық үрдісті автоматтандыру мүмкін емес, есептеуіш техникасы еңбекті автоматандырғанымен, адамды алмастыра алмайды;

- есептеуіш техникаларын енгізу көп көлемде қаржы салуды қажет етеді, есептеуіш техниқаларын сатып алу және қызметкерлерді онымен жұмыс істеуге үйретуге, сонымен қатар есептеуіш техникасына қызмет көрсету үшін маманды жұмысқа қабылдау не сондай қызмет атқаруға келісімге тұру кажет;

- программалық бағдарламаны сатып алу керек, не өзінің программалық бағдарламасын құру қажет;

- электр энергиясын тұтыну көбейеді;

- жұмыс орындары жабдығың, қорғау сигнализацияларын қою қажет.

Бірақ, жоғарыда аталған себептерге қарамай, көптеген ұйымдар өз жұмыстарында есептеуіш техникаларын қолданып жатыр. Есептеуіш техникаларды алуға және камтамасыз етуге кететін шығындарды ескермеген жағдайда, АЖ шығынын жанама әсермен түсіндіруге болады.

Есептеуіш техникаларды қолдану мәліметтердің ақиқаттылығын және өзектілігін едәуір жоғарылатып жатыр, есеп айырысуларда қателер кету мүмкіндігінің азаюы, қолмен есептеулерде қате кетуі жоғары. Уакытты үнемдеу, акпаратты нақтылықпен алуға мумкіндік береді. Шешімдердің қабылдану жылдамдығы мәліметтің бар болуымен және оның ақиқаттылығымен тікелей сабақтас және кез келген ұйымдардың нәтижелі қызметінде білініп жатады.

Жоғарыда барлық айтылған артықшылыктар мен кемшіліктер қарастырылып отырған бағдарламаға да катысты. Ол жұмыс орнында адамдарды алмастыра алмайды, бірақ оның еңбек өнімділігін жоғарылатуға және жеңілдетуге кабілетті. Мәліметтерді алуда ондаған есе уақытты қысқартып, шешімдердің қабылдану сапасын жоғарылатып отыр. Бағдарламаны қолданудың экономикалық тиімділігін есепке алсақ, ұйымға жұмысқа қосымша екі адамды қабылдаған кездегідей мүмкіндікке ие болады. Ақпараттық жүйелерді енгізу тиімділігі бірнеше факторларымен - ұйымдастыру, ақпараттық және экономикалық - сипатталады. Ұйымдастыру әсерінің тиімділігі қызметкерлерді есептік деректерді топтастыруда, жүйелеуде жасалатын ұзақ операцияларда, көп есеп айырысуларда және реестрде жазу, сақтауда, есептеулерді салыстырға кететін уақытты үнемдеуде байқалады, оған кеткен уақытты талдауға және қабылданатын басқару шешімдерінің тиімділігін бағалауға кетеді. Ақпараттық фактор тиімділігі қызметкерлердің мәліметтермен толық хабардар болуымен сипатталады.

Экономикалық фактор тиімділігі мәліметтер дерегін объектінің дамуын толық және уақтылы, жағдайын және себебін сипаттап қана қоймай, өндірістік қорлардың қолдануын жақсартуға бағытталған.

Есептерді кешенді қарастырғандағы тәжірибеде, есептік жұмыстарды автоматтандыруда үрдісте жеке операциялардың қиындықтарын жеңілдетуде, кейбір қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуы, жұмыс сапасынын жақсаруына, жылдамдықтың, мәліметтердің ақиқаттылығының пайда болуына, көлемді құжаттармен жұмыс істегенде есеп әзірлеуде кызметшілер санын артырмай-ақ жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетті.

Сонымен, экономикалық жағдай тиімділігі екі негізгі компоненттен қалыптасады:

- өндірістік, шаруашылық және қаржы қызметтерін жақсартуда;

- есептеуіш операцияларын жүргізуде шығындарды азайтуда.

Автоматтық жүйенің экономикалық жағдаят тиімділігін бағалау үшин бір есепті есептеуге кететін уақытты негізге алу керек.

Осы күнге белгілі ақпараттық жүйенің тәжірибесі үлкен көлемді мәліметтерді өңдеуде ЭЕМ артықшылықтарын көрсетуде. Бұдан корытынды жасасақ, жеке ақпараттық жүйелерді құруда, салыстыруда ақпараттық жүйелерді, маліметтерді өңдейтін әдіс ретінде негізгі жабдық ЭЕМ болатын әдісті таңдау керек. Өңделетін жұмыстың құрамы және көлемі, нәтижесі, мәліметтерді салыстырсақ әр түрлі. Жүйені әзірлеуде ақпараттық жүйелерді қолдануға және енгізуге кететін шығындардың бағасы негізгі критерийлердің бірі болып табылады. Банк жұмыстарындағы ақпараттык жүйелерді талдау және есептеу тиімділіктерінің көрсеткіштері программалық бағдарламаларды құру не сатып алу, онымен жұмыс жасай алу, оларды іске қосу болып табылады. Бағалы қағаздарға нарықта инвестициялық тәуекелділік, ақпараттық жүйені талдауға және жұмыс жасауға кететін шығындарды есептеу әдістемесі 16 кестеде келтірілген, кестеден кейін түсіндірулер келтірген.

Кесте 16 - Есептеу үшін бастапқы деректер.

Көрсеткіштің атауы

Белгіленуі

Өлшем бірліктері

Көрсет

кіштің мағынасы

Ескерту

Алдын ала өндірістік шығындар

Кп

мың тг

27,90

Жобаны байланыстыруға және енгізуге кететін шығындар

Кп1

мың тг

5,00

Жобаны алуға кететін шығындар

Кп2

мың тг

22,90

ДК құны

Кэвм

мың тг

9,20

Бір жылғы қолдану кезіндегі шығындар

Зэ

мың тг

1,794

Бөлімде жұмысты ұйымдастыратын жұмысшылардың саны

Ч

Адам

5

Жұмысшының орташа сағаттык тарифті жалақысы

З

Тг

0,85

Қосымша еңбек төлемді есепке алу коэффициентті

G

0,70

Зейнетақы қорларға төленетін шығынды есепке алу коэффициентті

С

0,14

Жапсырма шығындарды есепке алу коэффициентті

Н

0,33

ДК қолданулар коэффициентті

V

0,0930

ДК берілетін, бастапқы жұмыстардың көлемі мен пайызын есепке алу коэффициентті

Р

%

80,00

ДК жұмыстары уақытының жылдык қоры

Тэвм

сағат

2189,4

Есептер дерегі

Есептер шешімдерін есептеу уақыты

Треш

сағат

30,00

Алдын ала есептеу

Енгізу мәліметтерінің көлемі

Овв

мың. симв

28,272

Есептелетін мәлімет

1. Сатып алу шығынын құраушы факторларды есептейді, ол техникалық тапсырманы орындауға, техникалық және жұмыс жобаларға жасауға кететін шығындардың сомасын құрайды. Жобаны енгізуге кететін шығындар ағымдағы жобаны енгізуге кететін уақытқа байланысты еңбек төлемдерін есепке алумен есептеледі. Жобалардың байланыстыру шығыны жобаны енгізу шығынына ұқсас есептеледі.

2. ДК құны "прайс парақ" құжатынан алынады.

3. Жылдық эксплуатациялық шығындарды 17 кестеден қараңыз.

4. Осы есептеулермен айналысатын жұмыскерлердің саны.

5. Осы жұмыскерлердің орташа сағаттык жүктемесі.

6, 7, 8. Жоба енгізілетін кәсіпорынның бухгалтериясымен есептелінеді.

9. Құрастырылатын есеп үшин ДК игерушілігінің коэффициенті 1 – ден артпау керек және жалпы жұмыс уақытының қолдану бөлігін көрсетеді.

10. Бастапкы жұмыс көлемінен ДК арқылы шешілетін есепке қатысты пайыз, автоматты әдіспен шешілетін есеп көлемі қолмен есептелетін есептін көлеміне қатынас коэффициенті.

11. ДК жұмысы уақытының жылдық қоры 17 кестеде корсетілген.