Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЗХТ УМК КАЗ.doc
Скачиваний:
473
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.78 Mб
Скачать

1 Кесте. Пластиктердің негізгі типтері

Тип

Типті

Тип

Типті

Акрилді пластиктер Аминопластиктер

Полиметилметакрилат (ПММА) Полиакрилонитрил (ПАН) Мочевиноформальдегидті шайыр Меламиноформальдегидті шайыр

Полиэфирлер

қанықпаған полиэфирлі шайырлар

Полиэтилентерефталат (ПЭТФ) Полиэтиленадипат

Целлюлозалар

Этилцеллюлоза

Ацетат целлюлозы

Нитрат целлюлозы

Полиолефиндер Стиролды пластиктер

Полиэтилен (ПЭ) Полипропилен (ПП) Полистирол (ПС)

Эпоксидті пластиктер

Эпоксидті шайырлар

Акрилонитрилдің стиролмен сополимері

Фторопласттар

Политетрафторэтилен (ПТФЭ) Поливинилиденфторид

Акрилонитрилдің сти­ролмен әрі бутадие­нмен сополимері (АБС)

Фенопласттар

Фенолоформальдегидті шайыр Фенолофурфуролды шайыр

Винилді пластиктер

Поливинилхлорид (ПВХ) Поливинилбутираль

Полиамидті пластиктер

(найлондар)

Поликапролактам (ПА-6) Полигексам етиленадипамид (ПА-6,6)

винилхлоридтің винилацетатпен сополимері

Кең қолданыс тапқан алғашқы термопласт, целлулоид — жасанды полимер, ол табиғи целлюлозаны өңдеп алынған. Ол техникада үлкен роль атқарды әсіресе кинематографияда, бірақ өрткеқауіптілігіне байланысты (құрамы бойынша целлюлоза түтінсіз порохқа жақын) XX ғасырдың ортасында оның өндірісі нолге дейін түсті.

Электроника, телефон байланысы, радио дамуы жаңа технологиялық қасиеттерге ие электризоляциялағаш материалдар табуды талап етті. Осылай сол целлюлоза негізінде дайындалған этролдардың қолдану аумағына байланысты алғашқы әріптермен аталатын жасанды полимерлер пайда болды. Қазіргі кезде полимерлердің әлемдік өндірісінің 2 ... 3% целлюлозалы пластиктерді құрайды, сонда шамамен 75% — жасанды термопластар, олардың 90% үшеуінің үлесіне тиеді: полистирол, полиэтилен, поливинилхлорид.

Полистирол көбіктенеді, мысалы, жылудыбысоқшаулаушы құрылыс материалына кең қолданылады. Радиоэлеткроникада ол бұйымды герметизациялауға әрі температураны төмендетуге қолданылады.

ЭЛАСТОМЕРЛЕР. Көбінше эластомерлерді көксағыздар деп атайды. Ауа шарлары, ботинка табандары, доңғалақтар, хирургиялық қолқаптар, бақша шлангтары осының бәрі элестомерлерден жасалған бұйымдардың типті мысалдары. Эластомерлердің классикалық мысалдары табиғи көксағыз.

Каучук макромолекуласы спиральды құрылысты болады, идентикалық жиілігі 0,913 нм әрі 1000 біршама жоғары изопренді қалдықтарды құрайды. Каучук макромолекуласының құрылымы оның жоғары эластикалығын қамтамасыз етеді – ол маңызды техникалық сипат. Көксағыз и содержит более изопреновых остатков. Строение макромолекулы каучука обеспечивает его высокую эластичность – наиболее важное техническое свойство. Каучук алғашқы ұзындығынан 900% дейін қайтымды созылатын қабілетке ие.

Каучуктің әртүрлілігі созымдылығы төмендеу гуттаперча, немесе балата, - бірқатар көксағыз тәрізді өсімдіктердің согы, ол Индия мен Малай аралдарында өседі. Көксағыздан ерекшелігі гуттаперча молекласы қысқа және транс-1,4- құрылымды идентикалық үздіктілігі 0,504 нм.

Табиғи көксағыздың маңызды техникалық сипаттамаларына (майға-, аязға тұрақтылығы, үйкелуге тұрақтылығы) байланысты оның біздің елдерде өспеуі жасанды көксағыз алуға итермеледі.

Қазіргі кезде жасанды эластомерлер кең қолданылады. Оларға полибутадиендер, бутадиенмен стиролдың сополимері, акрилонитрилдің бутадиенмен (нитрилді көксағыз), полиизопрен, полихлоропрен (неопрен), пропиленмен этиленнің сополимері, изопреннің изобутиленмен сополимері (бутилді көксағыз), полифторкөміртек, полиуретан және силиконды көксағыз. Жасанды көксағыз алу үшін шикізат ретінде лебедев тәсілімен этил спирті болып табылады. Енді бутанды каталитикалық дегидрлеу арқылы бутадиен алу талданды.

Әлемде өндірілетін резинаның үштен бір бөлігі жасанды көксағыздан жасалады. Көксағыз бен резина соңғы онжылдықта техникалық прогреске үлкен үлес қосты. Ең болмаса резина аяқ киімдер мен әртүрлі оқшаулаушы материалдарды еске түсірсек болғаны. Әлемдік эластомерлер өндірісінің жартысы доңғалақ жасауға жұмсалады. Покрышка дайындауға 20 кг көксағыз керек, ал үлкен машинаға 1900 кг керек. Оның аз бөлігі басқа резиналық бұйымдарға кетеді. Көксағыз біздің өмірімізді ыңғайлы етеді.

ТАЛШЫҚТАР. Барлығына белгілі болғандай мақта, тері, лен және жібек сияқты табиғи түрлері бар. Сонымен қатар найлоннан, полиэфирден полипропилен мен акрилден жасалған жасанды талшықтар белгілі. Талшықтың негізгі ерекшелігі оның ұзындығы өзінің диаметрінен жүздеген есе үлкен болып табылады. Егер табиғи талшық (жібектен басқа) представляют собой штапельді болса, онда жасанды талшық үздіксіз жіп түрінде болады.

Тұтынушы көзқарасы бойынша талшық үш түрде болады; күнделікті тұтыныс, қауіпсіз әрі өнерәсіптік. Күнделікті сұраныстағы талшық сыртқы киімді дайындауға қолданылады. Ол топқа іш киім, шұлық, жейде, костюбмдер дайындауға раналған талшықтар кіреді. Бұл талшықтар сәйкесті мықтылыққа, созылғыштыққа, жұмсақтыққа, жанбағыштыққа, ылғал сіңіруге әрі жақсы боялуға ие болуы керек. Бұл кластың типті өкілдері жібек, тері, найлон, полиэфирлер, акрилаттар болады.

Қауіпсіз талшықтар кілем, перде, креслоның тысына қолданылатын талшықтарды айтамыз. Ондай талшықтар қатты, мықты, ұзаққа шыдайтын, төзімді болғаны дұрыс. Қауіпсіздігі жағынан мынадай талаптар қойылады: олар нашар тұтануы керек, жанғанда түтінді, улы газды, жылу мөлшерін аз шығаруы керек. В, N, Si, P, C1, Вг немесе Sb сияқты атомдардың саны бар заттардың аз мөлшерін қосқанда талшықтың өртке тұрақты қасиеті артады. Талшыққа модифицирленген қоспаны енгізу олардың жанғыштығын, жалын таралуын төмендетеді, бірақ улы газдар бөлінуіне және таралуына жол бермейді. Зерттеулер көрсеткендей қауіпсіз талшық ретінде ароматты полиамидтер, полиимидтер, полибензимидазолдар мен полиоксидиазолдар қолданылады. Дегенмен бұл талшықтар жанғанда улы газдар бөлінуі байқалады, себебі олардың молекуласында азот атомы бар. Бұл кемшіліктен ароматты полиэфирлер босатылған.

Өнеркәсіптік талшықтар композиттерде армирлеуші материалдар ретінде қолданылады. Бұл талшықтар сонымен қатар құрылымдық талшықтар деп аталады, себебі олар жоғары модульге, мықтылыққа, жылутұрақтылыққа, қаттылыққа әрі ұзақмерзімге шыдамдылыққа ие. Құрылымдық талшықтар қатты әрі мықты құбырлар, құбырлар мен шлангалар, сонымен қатар волокнит деп аталатын композициялық құрылымдарда, кеме, автомобиль, самолет өндірісінде қолданылады. Талшықтың бұл түріне бірості жобаланған ароматты полиамидтер мен полиэфирлер, көміртекті әрі кремнилі талшықтар жатады.

Негізгі әдебиет 11 [88-95]

Қосымша әдебиет 8

Бақылау сұрақтары:

  1. Полимерлік материалдар мен пластиктер туралы түсінік.

  2. Полимерлік материалдардың өңделуі.

  3. Эластиктер мен талшықтар туралы түсінік.

  4. Пластиктердің негізгі типтері

  5. Өнеркәсіптік талшықтар композиттерде армирлеуші материалдар ретінде қолданылады.