Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

«Қызыл жебе» роман-эпопеясы осы қилы заманды тудырған, сол аласапыранда халқым деп қабырғасы қайысқан Тұрар Рысқұловтай біртуар азаматтың, ұлт тарихындағы ұлы тұлғаның өмір жолын негізге ала отырып, халық басынан кешкен қилы оқиғаларды бар шындығымен көрсетуге ұмтылады романда эмоциялық-экспрессивті болып келетін айшықты эпитеттерді, жайылма анықтауыштарды көп колданбайды. Эпитеттердің көбінесе дəстүрлі, тілдік түрлері беріледі: жоғары мəртебелі фон Таубе, құлақкесті құл, еті тірі ер, жазира кеңістік, заңғар тау, зеңгір аспан, қара дауыл тағы сол сияқты. Ал анықтауыштар нақтылы сипаттамалар болып ұсынылады. Мысалы, адамның сыртқы келбетін суреттегенде – боржық, сары старшын, іркілдек сарқарын тартқан кексе əйел, бурыл сақал Ахмет, Наташаның алтын түстес əдемі шашы, (тұтқынның біреуін) қызыл шырайлы, қияқ мұртты, қапсағай қырғыз...

Бұл сипаттамалардың барлығы да нақты, оқырман оларды көз алдында елестетсе, бояумен салған не фотоға түсірілген суреттерді көрер еді. Тіпті сұлу кызды сипаттағанда да экспрессивті, дəстүрлі алма мойын, аршын төс, жібектей сүмбіл шаш, құмырсқа бел сияқты эпитеттер жоққа тəн, ал эпитетпен айтқысы келген сипаттамалар шолпысы сылдырлаған келіншектер, үкісі желкілдеген бикештер болып беріледі.

Романның екінші кітабының соңғы жағында оқырман кездестіретін Салима қыз Тұрар жігітке үйіріліп түрғандықтан, жас та, сұлу да болса керек. Соны жазушы «тұлға бітімі нұр шашып, аппақ тістері тізіліп, ақсия күліп тұр» [2,463], енді бір жерде «жұп-жұмыр ителгі мойны мəрмардай аппақ екен» [2,464] деп жазды. Екі жерде де сұлу қыздың бет-пішінін тура эпитеттермен білдірмейді, тісі мен мойнының əсем, аппақ екенін ғана баяндайды, мұндайды, сірə, эпитет дегеннен адамның бет-бейнесін, түр-тұлғасын нақтылап көрсеткен суреттеме портрет десе де болар.

Жалпы Шерхан Мұртаза кейіпкерлер болсын, өзге де зат, құбылыстар болсын, оларды əспеттеп, мадақтап, айшықты əсем сөздермен сипаттауға жоқ. Роман желісінде халықтық тілдің бай да əсем нақыштарын қолданады. Əсіресе, белгілі бір кейіпкердің іс-əрекеті мен оқиғаны сипаттауда алқымына қанжар тіреді; зəресі тас төбесіне шықты; көңілі жай тапты; бетінен қаны қашты; қырғи тиген торғайдай; жүрегі аузына тығылды; құлдық ұру; тіліңмен жала, бүйрегі бұрып тұр; іші-бауыры елжіреу; көкірегі ояу; жаны мұрнының ұшына қонақтау; кеудесінде шуағы көп; танауы қусырып; отағасы; сөзі ірің; сөзінің зілі жоқ; сəулені шашатын азамат; асау мінез; көз тастады; көкірегіне күдік кірген; көңілі алаң бола берді; жүрек жұтқан; жүрегі бүлк ете қалды; бесіктен белі шықпай жатып; қас пен көздің арасында; қол жұмсаған; беті бері қарады; суық ойлар; зəресі зəр түбіне кету; көз қарасы суық; жаны мұрнының ұшына келу; ішікөпкедейінжылымау; мұздайжүрек; бармақтайбақ; жетімқозыдайтасбауыр; жіпсіз жалғанған жүректер; көзіне ой тұңғиығы ұялаған; көзді еріксіз тартады; көзі түсті; тақыр кедей; егде тартқанша; екі оттың ортасында қалды; тастай батып, судай сіңді; тамырына қан қатты; жұдырығын түю; тұла бойынан қара тер сердеп кетті; көзге шалынып қалды; делебесін қоздырды; қара терге малынған кітаптан басын алмау; ит көрген ешкідей елжіреу; бауырына қысу; көз ілмеу; қара бұлттың арасынан жылт ету; өті жарылып; көзінен тасалап жүрген; өз қолы аузына жету; тілі байланып, жүрегін жаралап; саусақпен санарлық, аш шибөрідей сумаңдап; тілін тістеді; жаралы жолбарыстай аласұрған; дəті бармау, тəптіштеп тапсыру; көздерін төңкеріп; қайырымды жан; от басындай жер; ірің көз; көз алмай; жанашыр болу; жапалақ мұрын; жайын ауыз; оқпан құстай көтерілді; қанын судай шашу; өкпесі қабыңып; миына сіңіп кеткен дағды; бадырақ көз. Қас қабағынан көз алмады; сорымды сорадай ағызды; қошеметшіл; сылаң қағып тұрған сұлу; бөгде пиғыл; қиямет қиын; табанын тасқа тілдіріп; тау асып жүрген; дір еткен; қоңқақ мұрын; көзінің қиығымен қарау; таңдай қағысып; кең пейіл; суық тер сулап барады; жар дүниеге жария етті; зыта жөнелді; қыл көпірдің үстіндей; ақтаулы мылтыққарады; көзісөніпқалғандай; тастөсек; құсмамықтай; шығарғатесіктаппай; қаһарлы көз; бетін қырын берді; тəшпек мұрын; көпті көрген; іштей сескеніп қалдым; аузына су тамызу; дəм-тұзы бұйырмаған; уайым жеп, түңілер де отығар; жерді жастанған; шынашақтай шындық барын; сөзге зарығып отыр секілді тұрақты сөз тіркестерін ерекше шеберлікпен қолданады. Тек тұрақты тіркестер ғана емес, жазушының аталған романы тарихи құжаттарға көп негізделген асыра суреттеуден гөрі, əсерлі баяндау басым. Осының əсерінен романның

191

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

тілдік табиғатында қаздай тізіліп тұрған көркемдегіш құралдарды кездестірмейсіз. Бұдан шығарма қарабайыр сөзбен жазылған деген ұғым тумауы керек. Жазушы мұнда күні кеше өткен шым-шытырық оқиғалар мен сан алуан психологиялық арпалыстарды сол қатыгез кезеңніңөзісияқтынақтықанжарсекілдісуреттеудіқалағанынсеземіз. Бұғанқоса, қарапайым баяндауды нəзік лиризммен астастыру, шұбалаңқылықтан гөрі нақты сипаттау жазушының жалпы шығармашылық қаламына тəн даралық мəнері.

Роман– тарихитақырыптықамтығанымен, мұндаəкемебалаарасындағысүйіспеншілік, махаббат, адамдар арасындағы адамгершілік сезімдері, туған жерге деген сағыныш, Отанды құрметтеу, адалдық, т.б. секілді ізгілік тақырыптары əсерлі баяндалады. Осы тақырыптар шығарма желісінде, тілдік оралымдар арқылы суреттеледі, Мына бір үзіндіні алып қарайық: «Əке мен бала арасында үнсіз ұғыныс, тілсіз махаббат, жіпсіз жалғанған жүректер барын осы жайалаңдатареді. Жасынажетпейкөзінеойтұңғиығыұялағанжəдігердіқуқұдайкөпкөрмесе екен, маңдайымды тайқитып, сорымды сорадай ағызып кетпесе екен деп Рысқұл іштей шырылдады» [2, 14].

Осындағы жасына жетпей көзіне ой ұялаған жəдігер сөзі – Тұрардың анасынан жетім қалғандығын, Рысқұл кіндігінен тараған жалғыз тұяқ екендігін білдірсе, маңдайымды тайқитып, сорымды сорадай ағызып кетпесе екен деген тұрақты тіркестер Рысқұлдың ішкі психологиялық көңіл-күйін айқын білдіреді.

Романдатабиғаткөріністерікөпберіледі, өйткені, табиғатсуретінкейіпкерініңкөңіл-күй ауандары мен тарихи оқиға желісін терең танытуға басты тілдік құрал етіп алып отырады. Əсіресе, табиғат көріністеріндегі таза халықтық қолданыстағы теңеулер оқырманның да жүрегінен жол тауып, жазушының негізгі мақсатының толыққанды орындалуына жағдай туғызады. Мысалы: «Шілденің аптабында күзгі желтоқсанның қара суығы қалтыратқан жүздеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай аз ауыл болыстың зəуде нөкерлетіп келуінен əрісəрі. Күзгі жел айдаған қаңбақтай жиырма үй Шілмембет» [2, 31].

«Түрмеауласындадəретханағабараржолдыңбойындасыртқыдуалдықаулапөскенқара сора бар. Кезінде орып тастауға ешкім құнттамаған қара сора сорлы жоңышқа емес, не отын болып жарытпас, содан шаң қауып, гүлі түсіп, қурап, құдай қарғап қауқиып тұрғаны» [1,58].

Бір қарағанда дəл осысөйлемдердеқайдағыбір шаң басып, қауқиыптұрған қарасораны суреттеудің не қажеті болды деп ойлауға болады. Байқасақ, бұл қара сора - образ, азат өмірдің символы, ол өмір бойы далада, тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскен Рысқұлға қырық құрақ құрым үйін («гүлі түсіп, қурап қауқиып тұрған») немесе Ақсу-Жабағылының қара орманын(«Қаулапөскенқарасора») елестетеді, алқұрымүйіндеболу, неАқсу-Жабағылының орманын аралау - бостандықта жүрген күндерінің символы.

«Қызыл Жебе» романы тілінің айрықша белгісі табиғат көріністерінің символикалық мағынада алынуы. Рысқұлдың «Қызыл Жебені» ұрлап алып келе жатқан тұсты баяндау стиліне де табиғат көрінісі алынған:

«Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бəрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінəлай қарайтын да тəрізді. Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, секем алып: «Əттеген-ай, бекер болды-ау!» деп, үндері жоқ, тек іштен тынып қалғандай» [2, 42]. Бұл – кейіпкердің ішкі психологиялық күйінің символы. «Бекер болды -ау!» деп іштен тынып тұрған - ай мен жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы.

«Қызыл Жебені» оқып отырғанда, ғажап бір сезімге ие боласың: қарағайлы, шыршалы қырқалардың иығынан асылып, қылтиып тұрған тым биік шындар – түрмеден қашқан əкесін күтіп, алма ағаштың ашасына мініп отырған Тұрар баланың күй-қалпы, алыс үміті болса, кəрі болыс Саймасайға ұзатылғалы жатқан жас қыз Нүкетайдың оң жақтағы қайран бостан шағы, қор болғалы тұрған тағдыры «Көлсайдың бетіне түскен көгілдір аспанды, зүмірет шыршаларды, зүбəржат есіл дүниені түгел көріп тұр» сөйлемдері арқылы беріліп тұр.

Ш.Мұртазаның табиғат көріністері кейіпкерлерінің ажырамас серігі, қатарласа жүретін көшірмесі болғандықтан, жазушы кейде оларға жан да бітіреді, кейіптеу тəсіліне барады. Мысалы:

192

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

«Ақшам жамырап, көз байланды. Нықан бойындағы нау теректер кешкі дүниені азанқазанжаңғырықтырды. Гүлбіткенкөзінжұмып, ұйықтапқалғансықылды. Ұйқысыраптұрып, бірін-бірі түрткілей жалғасып, сыбырласады тек» [2, 260].

Бұл – туыстарды Қырғызбайды паналаған бала Тұрардың Сахалинге айдалып кеткен əкесітуралықиялдаптұрғаншағындағытабиғат-тəңірі, нау терекРысқұл, бірін-бірітүркілей жайғасып сыбырласқан – Тұрар сықылды. Сөйткенше болмайды, касқа бұзаудың енесін еміп қойғанын көріп, Салиха апасы: «Жүгермек, қу жетім» деп ұрса жөнеледі, баланың «Көке!» деген жан айқайын естіп, шошынып, баланың «таңдайын көтеріп, құшақтай алып, бауырына қысады». Тұрар Салиханың бауырына басын тығып, көзін сүртіп, тау жаққа қарайды. «Аспара тау түксиіп тұр екен» [2, 361]. Иə, Аспара – Тұрар тағдыры – əлі түксиюлі, қатал...»

Шығармада жан бітіп, бірде сөйлеген, бірде үндемеген табиғат көріністері жиі ұшырасады.

«Үкілі қамыс, көк құрақ, жасыл жыныс - жақсылықтың ордасындай, армандардың, үміттердің аралындай тербеліп, сыңсып, сызылып тұрады. ...Қабақтың етегіндегі сəмбі тал мұңайып тұрады [2, 252]... Ай бетіндегі мең үндемейді. Үнсіз қоштасу шығар [2, 232]. Қар түскен сайын шөп сыбырлайды [2, 94]. Бұл кейіптеулердің барлығының астарында адамдар, адам тағдыры, тіршілік тартысы жатыр, дəлірек айтсақ, табиғат көріністері тірі əлемнің қамқарекетін, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашатын психологиялық сипаттамасы болып келеді. Олар оқырманның сезімін селт еткізеді, əсер етеді: табиғат пен адамкейіпкерлер, жазушы мен адам - оқырман - бəрі қосылып, бірін-бірі ұғысады, бірге қиналады, бірге үміттенеді.

Осылайша, көп сөзбен баяндалатын, суреттелетін жайттарды табиғат көрінісі болып келген параллельдер кеп-келте айқындай салады, жай қатарласа салмайды, оқырманның жанын тербейді. Демек, өнер дүниесініңбір шартын орындауға көмектеседі. Табиғатпен адам жарасы – Шерхан Мұртаза колтаңбасының даралық стилінің, шығармашылық мəнерінің бір белгісі, сəтті əрі қуатты қыры.

«Сөз қолданыс – жазушы шеберлігінің айнасы. Бұл орайда əңгіме желісі болатын шеберлік тұстары əр алуан болып келеді. Солардың бірі – шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын сөздерді қолдану»[3], – дей келе, ғалым Рабиға Сыздықова заңғар жазушы М.Əуезов шығармашылығының тіліне қатысты. Тарихи тақыпрыпты арқау еткен бес кітаптан тұратын романында Шерхан Мұртаза сөз қолданыстарынан М.Əуезовтің де үндес келетіндігін байқауға болады. Өйткені, екі шығармада да басты кейіпкер – адалдық пен əділеттіліктің жақтаушысы, халқының азат өмірге деген ұмтылысына жан бітіруші, рухани кемелденужолындағықайраткер. Осығанбайланысты, бұлромандағыкейіпкертолғаныстары мен ішкі монологтары, портрет, көзқарас, мимика тағы басқа элементтерді қолданудағы шеберлігі, адам психологиясын ашу қолтаңбасы ұлы жазушымен ұқсас келеді.

Көркем туынды – фотосурет емес, сондықтан онда өмірдегі барша жүріс-тұрысты, сөзлебізді бұлжытпай сол күйінде беру шарт емес. Жазушының ауыл адамдарының, зиялыларының сөйлесу үрдісін штрихпен көрсетуі асқан шеберлігі деп ойлаймын.

Шерхан Мұртаза шығармаларындағы тілдік ерекшеліктерді зерттеу арқылы майталман жазушының əдеби тілді жетілдіру мен дамытудағы рөлін айқындап, тілдік құралдардың көркемдік қызметін ашып талдап көрсетудің қазіргі танда маңызы зор.

Əр қаламгердің өзіне тəн стилі, сөз саптау мəнері, ой-толғау əдістеріболады. Осы сөздер - халықтың тіл байлығы десек, Шерхан Мұртаза халық тілін байытуға зор үлесін қосқан қаламгер. Бізбұлмақаламыздатекроманныңалғашқыекікітабынғананегізгеалдық. Əсіресе, Шерхан Мұртазаның фразеологиялық сөз тіркестерін сəтті қолдану шеберлігін айқындап көрсетуге, табиғат көріністерінің шығарманың негізгі мазмұнымен біте қайнасып жатқандығын дəйектеуге ұмтылдық. Ал, қалған кітаптар бойынша тілдік амалдардың көркемдік қызметін жан-жақты талдау, жазушы қолданысындағы тілдік құралдардың лингвистикалық сипатын терең зерттеу – өзекті тақырыптардың бірі жəне алдағы уақыттың еншісінде деп білемін.

193

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Əдебиеттер:

1.Мұртаза Ш. Тамұқ. – Алматы: Атамұра, 1994. – 224б.

2.Мұртаза Ш. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 504б.

3.Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997.

УДК 81`1

Таусоғарова А.Қ.

филол.ғ.к., доцент Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы, Қазақстан aiauzhan@mail.ru

МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ҰЛТТЫҚ БРЕНДТІҢ ТІЛДІК ДЕРЕКТЕРІ

Имидж ұғымының түрлі ғылыми дереккөздердегі сипаттамаларын жинақтай келгенде, біріншіден, имидж объектінің сыртқы бет бейнесін, келбетін танытатын көрнекі образдар я символдармен (слоган, логотип), я ұлттық брендпен байланысты. Мұнымен бірге əр мемлекеттің өзіндік келбетімен, қайсыбір образымен əлем назарында болуы сол ел халқының тілегі болып келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан мемлекеттік рəміздер, түрлі символдар

– ұлттық бірегейлікке бірден бір қызмет ететін қасиетті бірліктер. Қытай елінің айдаһар символы оны сол елмен сəйкестендіруге ықпал етеді. Бұдан бөлек ғылыми зерттеулерде мемлекеттік имидж қалыптасуының бірінші шарты – ұлттық бірегейлік, яғни өзін сол елмен, мемлекетпен сəйкестендіретін тұтас халықтың болуы. Мұндай ұлттық бірегейліктің қалыптасуына, ұлтты біріктіруде ту, əнұран, елтаңба басты орын алады. Ұлттық бірегейлік əлеуеті түрлі ауқыиды шаралар, халықаралық деңгейдегі жарыстар барысында мемлекет туының көтерілуі, əнұранның шырқалуы кезінде аса көзге түседі.

Екіншіден, имидж объектінің тек қана жағымды қасиеттеріне негізделеді. Осы өлшем тұрғысынан қарастырсақ, ұлттық имидж қалыптасуы «өзге ұлттан ерекшелендіретін, ұлттың өзіне тəн салт-дəстүр, ұлттық мінез, тарих жəне тарихи мұрағаттар, тіл, дін, діл, мəдени, рухани өнер (əн, терме, жыр, қиса, күй, айтыс), қолөнер (зергерлік, ұсталық, ағаш кесте, тоқыма, тері өңдеу), ұлттық спорт, ұлттық əдебиет, кино, тағы да басқа» ұлттық құндылықтарымен байланысты.

Бұл тұрғыда мемлекеттік я ұлттық имидж қалыптасуының негізі ретінде «ел я мемлекет беделінің деңгейін сараптау, оны көтеру жəне басқару» мақсатын көздейтін сала ұлттық брендинг үдерісінің орны Анхольт С. [1, 57], Anholt S. [2, 213], Штанько М.А. [3, 113] ғылыми зерттеулерінде көрсетіледі. Жалпы көне скандинавия тілінде күйдіру, от деген мағынаны білдіретін бренд сөзінің дефинициясын қарастырғанда бренд деп, біріншіден, бəсекелестерімен салыстырғанда компанияны немесе өнімді ажыратып, ерекшеліндіріп көрсететін логотип немесе басқа да көрнекті (визуалды) элементтер (шрифт, дизайн, символ т.б.) түсініледі, мұнда тұтынушылар жадында сақталған ақпарат туралы сөз болып тұр, екіншіден, сол өнім я компанияның қоғам, тұтынушылар, серіктестер алдындағы имиджі, образы деп түсініктеме беріледі [4].

Ал бүгінгі күні ТМД-нің басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстанда да қазір бренд сөзін басқа елдерге таңсық тауарлар деп түсіну ерекше орын алған: «Ұлттық бренд. Үндінің шайы, француздың иіс суы, түркіменнің кілемі немесе ақалтеке жылқысы, қытайдың жібегі сияқты қазақтың ұлттық бренді бола алатын, олардың нарығында, сөресінде жоқ ұлттық өнімдермен енудің орны ерекше. Мəселен, академик Т.Шармановтың жолымен бие сүтінен қымыздан бастап, балалар тамағы, балмұздаққа, тіпті косметикаға дейін шығару арқылы. Құрт, шұбат, жылқы еті, тағы басқа шетелдіктерге таңсық тағамдарға сұраныс болуы мүмкін.

194

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Бұл орайда ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың да маңызы ерекше. Киізден, теріден, сүйектен жасалатын бұйымдар əлемде қатты қызығушылық туғызады. Сондай-ақ текемет, ши тоқу, ою салу, зергерлік бұйымдарды жасауды қайта жаңғырту қажет. Бұл біріншіден, алушыны өзінің табиғилығымен, ұлттық ерекшелігімен тартады, сұраныс пайда болады» [5].

Ал Ресей дереккөздерінде ұлттық бренд бұл «елде өндірілетін ерекше тауарлар ғана емес, сонымен бірге үнемі тек жағымды ассоциация тудыратын барлық символдар, есімдер мен назар аудартарлық нысандар; жəне ұлттық ресейлік бренд осы елді өнімдер мен қызмет көрсету, ғылым жəне білім беру əлеуеті, мəдени дəстүрлері, табиғи-рекреациялық ресурстар салалары бойынша бірегей мемлекет ретінде алға тарта алатын қабілетке ие болуы тиіс». Біздің отанымызда да ұлттық брендтің осы түсінік тұрғысынан қарастырылғанын қазақстандық ұлттық бренд логотипін табуға байланысты жарияланған конкурс мақсаттары туралы берілген ақпараттардан аңғаруға болады: «Национальный бренд может стать частью государственной символики. Национальный бренд будет повсеместно использоваться за рубежом при проведении официальных и неофициальных мероприятий. Для грамотного имиджевого продвижения страны образы, идеи и ассоциации, связанные с ней, должны быть кристаллизованы в креативной, оригинальной и запоминаемой символике», сондай-ақ ұлттық брендтің аса маңызды қызметі мына түрде де дəйектеледі: «повышение имиджевой привлекательности и узнаваемости Казахстана на международной арене; укрепление патриотизма казахстанцев; содействие информационному продвижению уникальных казахстанских туристических объектов, привлечение иностранных инвестиций» [6]

Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ұлттық бренд мемлекеттің ғылым, мəдениет, саясат, экономика, спорт, тарих сияқты т.б. салаларда өзге ұлттан ерекшелендіретін, басқаларға тартымды көрінетін өзіндік нұсқасы, жолы арқылы қалыптасатын ұлттық имиджін танытатын символика деп түсініледі.

Бұдан ұлттық бренд ұғымының «құқықтық тұрғыдан қорғалатын тауар жəне оны өндіруші бірлігінде жасалатын шартты таңба» немесе «авторлық құқық, тауарлық таңба жəне фирмалық атау жиынтығы» деп құқықтық көзқарасқа сəйкес берілетін анықтамасынан, сондай-ақ «тауарлық таңбалардың барлығы емес, тек қана кеңінен танымал таңбалар», тауар жəне оны өндіруші туралы «тұтынушылар жадында сақталған ақпарат» деп тұтынушылар психологиясы тұрғысынан қарастырылатын əдеттегі қолданыстағы бренд сөзіне қарағанда жəне де тауарлық таңба саласының мамандары мен заңгерлер көзқарастарына сəйкес «бренд тауардыңнарықтағықозғалыскезеңінүйлестіруүшінтұтынушыларортасындақолданылатын термин» деп берілетін анықтамаға қарағанда кең мағынаны қамтитыны көрінеді.

Яғни, ұлттық бренд тіркесі мемлекеттің тек тауар өндіру саласындағы ғана емес, көпқұрылымды (ғылым, экономика, саясат, мəдениет т.б.) мемлекеттің біртұтастықтағы образын халықаралық деңгейде танытатын, өзгелерден ерекшелендіретін, сол мемлекетті сəйкестендіретін таңбалық бірлік бола отырып, сол уақытта мемлекет халқының отансүйгіштік сезімін нығайтатын, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығына үлес қосатын ақпараттық қызметтер де атқаруы тиіс.

Енді ұлттық бренд терминін «мемлекет беделінің деңгейін сараптау, оны көтеру жəне басқару мақсатын көздейтін сала» түрінде анықтама берілетін ұлттық брендингпен байланыста қарастыратын болсақ, ұлттық бренд «мемлекет туралы образ, идеялар мен барлық ассоциацияларды біртұтастықта өз бойында қамтытып тұратын креативті символика» немесе «мемлекеттің біртұтастықтағы образын халықаралық деңгейде танытатын, өзгелерден ерекшелендіретін, сол мемлекетті сəйкестендіретін таңбалық бірлік» болып табыла бермейтінін көреміз. Ұлттық брендинг тұрғысында алғаш зерттеу жүргізуші Саймон Анхольттың тұжырымдамаларына, оның «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index», яғни ұлттық бренд индексі, ұлттық бренд рейтингі деген терминдері жəне олардың мазмұнын сараптағанда ұлттық бренд тіркесінің ұлттық бедел (абырой) ұғымына жақын келетіні аңғарылып тұр. Өйткені «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» деп аталатын ұлттық брендтер рейтингінде алты өлшем қарастырылады: 1) адамдар, яғни сол мемлекеттегі білім деңгейі, жұмысшы күшінің біліктілігі, қоғамның ашық əрі ынтымақтастық таныту,

195

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

қонақжайлық т.б. деңгейі бойынша; 2) Билік, əр мемлекет билігінің құзыреттілігі жəне заңға сəйкестілігіне қатысты қоғамдық пікір мен индивидтің үкіметке сенім деңгейінің сипаты, жариялық (демократия), сот əділдігі, кедейшілік жəне қоршаған орта сияқты жаһандық мəселелер бойынша ел билігі саясатының жұртшылық тарапынан қабылдану өлшемі; 3) Экспорт: мемлекеттің шығаратын тауарлары мен қызмет көрсетуіне байланысты қалыптасқан таным-түсініктер, яғни тұтынушылардың сол елден шығатын тауарларды немесе қызмет түрлерін тұтынуға құштарлығы немесе қашқақтауы өлшемі; 4) туризм: табиғи жəне мəдени туристік көз тартарлық орындарына қызығушылық жəне осы елге сапар шегуге мүдделілік таныту деңгейінің өлшемі; 5) мəдениет жəне мұра: мемлекеттің мəдени мұрасының əлем қауымдастығы тарапынан қабылдануы жəнекинематограф, əн, бейнелеу өнері, əдебиет, спорт салалары бойынша қазіргі мəдениеті деңгейінің өлшемі; 6) Инвестиция жəне көші-қон: мемлекеттің адамдарды өзінде тұруға, оқу оқып, жұмыс істеуге тартымдылығы, адамдардың сол елдегі əлеуметтік жəне экономикалық жағдайы туралы пікірлерінің өлшемі [1].

Бұл тұрғыдан алғанда, ұлттық бренд бұл – мемлекет ішіндегі түрлі салалар бойынша үдерістер мен үрдістер көрсеткішінде анықталатын сол мемлекеттің беделі. Алайда ұлттық бренд мемлекет я ел имиджінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады: «И. Рожков, В. Кисмерешкин мемлекеттік (ел) имидж құрылымына «бренд платформасы» ұғымын енгізеді, яғни оның философиясы, мақсаттары мен құндылықтары жəне брендтің «бірыңғай стратегиялық дизайны». Бұл екінші трактовканың мəнісі жобадағы əрбір элемент орталық элементпен – сəйкестілікпен орайласуы керек. Бұл бойынша «сəйкестілік мемлекеттің (ұлттың) өзіндік имиджі (самоимидж)» [1].

Сонымен қатар С. Анхольт көрсеткендей, мемлекеттің түрлі салалар бойынша жетістіктері мен көрсеткіштері тұрғысынан алғанда, ұлттық бренд өзгермелілігімен (динамикалық) жəне белгілі бір уақыт деңгейіндегі ғана көрсеткіштерімен сипатталады. Ал этникалық немесе мемлекеттік имидж қалыптасуының ұлттық брендтен басқа тұрақты я статикалық компоненттері де бар. Мысалы, Э. Галумов мемлекет я ел имиджін қалыптастырушы статикалық факторларға, тұрақты (реттелінбейтін) геосаяси факторларды, тарихи жəне мəдени мұраны, мемлекет құрылымының формасын, басқару құрылымын т.б. жатқызады жəне оларды ел имиджінің персоналды факторлары ретінде көрсетеді [7].

Ел имиджін қалыптастырушы бұл көрсетілген статикалық факторлар қатары осы халықтың мемлекетаралық саяси қарым-қатынастардың шешіміне оң ықпал ететін сүйегіне сіңісті ерекше қасиеттерімен толықтырылғаны жөн деп санаймыз. Өйткені белгілі бір халықтың саяси маңызды сүйекке сіңісті ерекше қасиеттері ұлттық бірегейлікте де маңызды. Мысалы, қазақ ұлтына тəн мұндай қасиет қатарында ғалымдар мəмлелікті көрсетеді: «Мəмлелік тұрғысынан дүниемен қарым-қатынас орнату адамдардың көзқарасына ішкі болмыс дүниесіне, халықтың мəдени-рухани деңгейіне, ұстанымына, мақсат-мұраттарына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ менталитетіндегі мəмлелік ұғымының қалыптасу тарихы терең» [8, 149].

ҒалымА. Айталыкөрсеткендей, «төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін тану, келісім табу» [5] сияқты көптеген ұғымдарды өзінің терең мағыналық қабаттарында қамтып, метатілдегі «толеранттылық» терминінің орнына қолданылыпжүргенқазақхалқынатəнмəмлелікқасиеті, шынында, бүгінгікүніҚазақстанның өз ішінде көп ұлыстардың ұйысып тіршілік етуіне ғана емес, сондай-ақ өзге мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың ымыралы қалыпқа түсуіне ықпалдастық етуде. Мысалы, Түркия мен Ресей арасында Қазақстан елбасының мəмлегерлік танытуы.

Ал ел имиджі қалыптасуының динамикалық (əлеуметтік) факторларын Э. Галумов əлеуметтік (этникалық сəйкестілік я этникалық бірегейлік), институционалдық жəне экономикалық деген үш категория бірлігінде түзеді [7].

Біздің ойымызша, жоғарыда С. Анхольт тарапынан көрсетілген «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» деп аталатын ұлттық брендтер рейтингісі ғалым Э. Галумовтың ел имиджінің динамикалық факторлары аясында қамтылады деп ойлаймыз. Өйткені «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» мемлекет имиджінде қалыптастырушы, мемлекеттің

196

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

беделі мен абыройы үшін қызмет ететін əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени көрсеткіштердің қатары ретінде түсініледі.

Ал мемлекет я ұлт имиджіне қызмет ететін əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени көрсеткіштер қатарының насихатталуында масс медианың орны айырықша деуге болады. Бұл орайда Андрей Полонскийдің «Масс-медиа обладают уникальной способностью порождать интенсивные информационно-смысловые (когнитивные) потоки и жестко управлять ими. Включенные в процесс производства значений, образов и метафор, в процесс производства массовой информации (контента), массового сознания и массовой аудитории, масс-медиа оказывают жесткое влияние на характер общественного сознания, на характер его доминантныхинтенцийиособенностиегосодержательныхформ. Масс-медиа, такимобразом, выступают в качестве посредника не только между социальными субъектами, обеспечивая их взаимодействие, но и между социальной реальностью и обществом, всякий раз являя свою субъектную, то есть мировоззренческую, ценностно ориентированную позицию» деген пікірі алға тартылады [9].

Мемлекет имиджі мен осы мемлекетке ұйытқы ұлт имиджі өзара астасып жататыны жоғарыда келтірілген зерттеушілер пікірлері мен мысалдардан айқын көрінеді. Əсіресе, мемлекет атауы оны құрайтын ұлт атауы – этнониммен сəйкестікте табылғанда олар бірін бірі толықтырып тұрады. Сондықтан Қазақстандағы көптеген ұлыстардың өздерін осы елмен сəйкестендіріп, қазақ этнониміне ұйысып, қазақ елі біртұтастығы мен бірегейлігінде маңызды болып табылатын мемлекет имиджінің масс медиадағы көрінісін зерттеуде Қазақстан сөзімен келетін номинативтік сипаттағы тіркестерді, сондай-ақ Қазақстандағы этностар атауымен келетін тілдік бірліктерді анықтау мақсаты алға қойылды.

Осы орайда тура жəне жанама түрде этникалық ақпарат қамтылған жалпы саны 821 мəтіндер жиынтығынан мəліметтер қоры құрылды. Компьютерде жинақталған этникалық ақпаратты мəтіндер қорынан Қазақстан сөзімен келетін номинативтік сипаттағы тіркестер, этнос атауымен келетін тілдік бірліктер компьютерлік навигация көмегімен жинақталып, олардың ішінен жоғарыда көрсетілген «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» ұлттық брендтер рейтингіндегі өлшемдермен (номинациялармен) сəйкес ұғымдарды білдіретін тіркестер, сондай-ақ этнос имиджі мен мемлекет имиджінде маңызды нысандарды білдіретін тілдік бірліктер, этнос туралы жағымды ассоциацияларға ықпал ететін Қазақ ғалымы, Қазақ көші, Қазақ қолөнері, Қазақстанның үшінші жаңғыруы, Қазақстан қоры, Қазақгаз, Қазақстан ынтымақтастығы, Қазақстан-2050, Қазақстан стратегиялық зерттеулері, қазақ баласы, қазақтың ұлттық киімі, Қазақ киносы, Қазақ ұлты, Қазақстан əлем мойындаған елге айналды, қазақ ұлтының дəстүрлері, Қазақстан композиторлары, Қазақстандағы үрмелі аспаптар оркестрлері, Қазақстанның астық өндiрiсi, Қазақстанның аграрлық саласы, “Қазақстан Темiр Жолы” компаниясы, Қазақстанның саясаты, «Қазақстан» ұлттық арнасы, Қазақстанның тəуелсіздігі мен тарихы, «Қазақстандағы туризм, Қазақстан отбасы құндылығы, Цифрлы Қазақстан, қазақстандық сананы жаңғырту, Қазақы құндылық, Қазақстанның тарихы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім», қазақ мүддесі,

Қазақ элитасы, қазақи тұрпат т.б. көптеген тіркестерді қарастыруға болады. «Егемен Қазақстан», «Жас алаш» газеттерінің 2017 жылғы сандарынан жинақталған бұл сияқты басқа да саяси, тарихи-мəдени, қоғамдық-əлеуметтік тақырыптарға орайлас жағымды этнонимді тілдік бірліктер мемлекеттің жəне этностың жағымды образын қалыптастырады.

Сөйтіп, «Қазақ жəне орыстілді масс-медиа этностереотиптерінің контент-талдауы» ғылыми жобасы жұмысы барысында қазақстандық масс медиадағы мемлекеттік я ұлттық имидж қалыптасуына, ұлттық бірегейліктің сақталуы тұрғысынан қоғамдық санаға ықпалдастығы бар жағымды лексикалық тіркестер қатары анықталды. Жəне жалпы мемлекет имиджі Қазақстан жəне қазақ сөзімен ешбір жалғаусыз байланыста (ілік септігі жалғауы жасырын) тұратын жағымды тіркестер семантикасында қамтылып тұрады деп ойлаймыз. Мысалы, Қазақстан отбасы құндылығы, Қазақстан мұнайы, қазақ мəмлегерлігі т.б. Сондай-ақ, зерттеунəтижесінде«The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» ұлттықбрендтеррейтингінде көрсетілген номинациялармен сəйкес ұғымдармен байланысты сөздер мен тіркестердің

197

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

қазақстандық масс медиада толықтай көрініс таппағаны анықталды. Бұл мемлекет имиджін қалыптастыруда «The Anholt-GfK Roper Nation Brands Index» ұлттық брендтер рейтингінде көрсетілген номинациялар бойынша жетістіктерге еліміздің, мемлекетіміздің қол жеткізуін қажет етеді.

Əдебиеттер:

1.Анхольт С., Создание бренда страны. // Бренд-менеджмент. – №1. – 2007. – С. 57-64.

2.Anholt S. Branding Places and Nations. / Clifton, R., Simmons, J. & Ahmad S. (eds), Brands and Branding, Princeton, NJ: Bloomberg Press, London, 213-226.

3.Штанько М.А. Генезис проблемы конструирования политической реальности в философской традиции. // Известия Томского политехнического университета. – №6. – Т. 313. – С. 113 – 120.

4.Национальный брендинг // [https://ru.wikipedia.org/wiki/Национальный_брендинг].

5.Айталы А. Ұлттану. – Алматы, 1998. – 154 б.

6.Нацбренд Казахстана может быть собран из нескольких заявок – Абаев // https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/natsbrend-kazahstana-byit-sobran-neskolkih-zayavok-abaev- 304610/.

7.Галумов Э.А. Международный имидж России: стратегия формирования / Э.А. Галумов. – М.,

2004.

8.Бурбаев Т.Қ. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. – Астана, 2005. – 287 б.

9.Полонский А. Медиа – дискурс – концепт: опыт проблемного осмысления // http://discourseanalysis.org/ada6/st43.shtml.

УДК 001 (063)

Тахтахунова А.К.

магистрант 1-го курса Казахский государственный женский педагогический университет г.Алматы, Казахстан e-mail: anarfeatlife.92@mail.ru

Научный руководитель: Аргингазина Ш.Б.

к.филол.н., старший преподаватель e-mail: sh.argingazina@gmail.com

РОЛЬ АУТЕНТИЧНЫХ МАТЕРИАЛОВ В ОБУЧЕНИИ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ

Түйіндеме: Мақалада ағылшын тілін оқыту барысында аутенттік материалдарды қолдану мəселелері қарастырылған. Аутенттік материалдардың классификациясы, аутенттік мəтіндерге қойылатын талаптар жəне аутенттік мəтіндерді өңдеу əдістері зерттелінді.

Кілт сөздер: түпнұсқа материал, түпнұсқа мəтіндер, коммуникативтік құзыреттілік, шет тілі.

Аннотация: Статья посвящена актуальной проблеме использования аутентичных текстов в процессе обучения английскому языку. Использование аутентичных материалов рассматривается как одно из базовых требований коммуникативного подхода, специфической особенностью которого является стремление максимально приблизить процесс обучения языку к процессу реальной коммуникации, а также как необходимое условие формирования межкультурной составляющей коммуникативной компетенции. В данной статье рассмотрены принципы формирования коммуникативной компетенции, дано определение понятию «аутентичность» и «аутентичные материалы», приведена классификация аутентичности и аутентичных текстов, рассмотрены аспекты использования аутентичных текстовых материалови раскрыты этапы организации чтения для каждого из видов текстов.

Ключевые слова: аутентичный материал, неадаптированные тексты, аутентичность, коммуникативная компетенция, иностранный язык.

198

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Abstract: The article is considered the issues about using authentic materials in teaching English language. The classification of authentic materials, requirements to the authentic texts and some methodical processing of authentic texts were examined.

Key words: authentic material, unadapted texts, authenticity, communicative competence, foreign language.

Президент Казахстана Н.А. Назарбаев отмечает важность образования для развития республики. Цель языковой политики в Казахстане – интеграция Республики в мировое сообщество и как следствие подъем науки, экономики и социально-культурнойсоставляющей страны. Введение трехъязычного образования должно сделать казахский народ конкурентоспособным на мировой арене [1].

Социально-экономические изменения, произошедшие и происходящие в Казахстане, привели к решительному пересмотру места и роли английского языка в жизни общества. Изменение статуса английского языка в системе образования повлияло на перестановку приоритетов в работе учителей иностранного языка. Проблема преподавания английского языка в школе в настоящее время актуальна. Известно, что целью обучения иностранному языку является формирование коммуникативной компетенции, включающей в себя как языковую, так и межкультурной компетенцию. Изучение английского языка призвано сформировать личность, способную и желающую участвовать в межкультурной коммуникации.

Всоответствии с новыми целевыми установками задача учителя английского языка заключается в обеспечении условий для приобщения личности, обучающегося к иноязычной культуре и подготовки его к эффективному участию в диалоге культур. Поэтому на уроке английского языка особое место следует отводить таким формам занятий, которые обеспечивают активное участие в уроке каждого ученика, стимулируют речевое общение, способствуют формированию интереса и стремления изучать английского язык.

Современная концепция иноязычного образования базируется на интегрированном обучении языку и культуре, диалоге родной и иностранной культур. Цель такого образования

обучение языку через культуру, культуре через язык. Все большую значимость приобретает привлечение в процесс обучения материалов культуры, которые знакомят учащихся с историей, традициями, культурой страны изучаемого языка. Поэтому все большее значение в обучении иностранным языкам приобретают так называемые аутентичные материалы как важное средство обучения иностранным языкам [2].

Всовременном языке слову «аутентичный» соответствуют прилагательные «настоящий», «истинный», «реальный», «близкий к истокам». Различные материалы культуры находят свое отражение в таких источниках информации, как подлинные литературные, фольклорные, изобразительные, музыкальные произведения, предметы реальной действительности и их иллюстративные изображения». Исследователь К.С. Кричевская выделяет в самостоятельную группу также материалы повседневной и бытовой жизни – объявления, анкеты-опросники, вывески, этикетки, меню и счета, карты, рекламные проспекты по туризму, отдыху, товарам, рабочим вакансиям и др. [3].

Традиционно под «аутентичностью» понимается качество языкового и речевого материала, которое обеспечивает реализацию речевого общения в естественных условиях современной жизни. Однако в современной методике обучения иностранным языкам допускается применение на занятияхучебных материаловили текстов, специально созданных или переработанных методистами с ориентацией на изучающих язык. По мнению исследователя Дж. Хармер, если возможно найти аутентичные материалы, с которыми учащиеся могли бы справиться, это было бы полезно, если же это невозможно, то скорее следует использовать адаптированные материалы, чем специально сконструированные [4, с. 198].

В своей работе “Критерии содержательной аутентичности учебного текста” Е.В. Носонович и О.П. Мильруд также высказывают мнение, что предпочтительнее учить

199

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

языку на аутентичных материалах, т.е. материалах, взятых из оригинальных источников и не предназначенных для учебных целей. С другой стороны, они указывают, что такие материалы порой слишком сложны в языковом аспекте и не всегда отвечают конкретным задачам и условиям обучения, одновременно выделяя отдельно методически или учебно-аутентичные тексты [5].

Аутентичные материалы были классифицированы следующим образом: -Аутентичные печатные материалы – программки, телефонные справочники, книги,

комиксы, тексты песен, газетные статьи, заметки, брошюры для туристов, чеки, билеты и т.д. -Аутентичные аудиоматериалы – реклама и передачи по радио, аудиокниги, песни, и т.д. -Аутентичные аудиовизуальные материалы – телереклама, телешоу, клипы, художественные и документальные фильмы, мультипликационные фильмы, программы

новостей и т.д.

-Аутентичные визуальные материалы – картины, слайды, марки, иллюстрации, дорожные знаки, фотографии, открытки, этикетки и т.д.

- Реалии (предметы) – монеты, наличность, маски, игрушки и т.д.

Трудно переоценить преимущества аутентичных материалов, как средства обучения. Множество авторов методической литературы, как отечественных, так и зарубежных (Мильруд Р.П., Носонович Е.В., Жоглина Г.Г., Scarcella R.C. и др.) доказали в своих трудах эти преимущества:

1.Язык в аутентичных материалах – это средство реального общения, он отображает реально существующую языковую действительность, раскрывает особенности функционирования языка как инструмента коммуникации в естественном окружении.

2.С применением аутентичных материалов снижается риск исказить иноязычную действительность, поскольку эти материалы – это свидетельства современной цивилизации в родной стране изучаемого языка, они отражают идеи, менталитет, суждения, весь багаж знаний иноязычной культуры.

3.Информация в аутентичных материалах в не родной языковой среде будет обладать высокимуровнем авторитетности в связи с отсутствием в ней дидактической направленности. Естественность этих материалов развивает большую познавательную активность, а привычные учебные материалы строятся на фиктивных ситуациях, которые очень редко можновстретитьвнезанятий, этоиснижаетустудентовмотивациюиискажаетдостоверность представленных сведений, а в будущем все это может затруднить понимание материалов из «реальной жизни» [6].

Центральная проблема для обсуждения и споров - аутентичность текста как основного звена учебного процесса. Применение аутентичных, неадаптированных текстов, предназначенных для изучающих этот язык, обнаруживает следующие преимущества:

1.Обработанные или упрощенные учебные материалы лишены характерных признаков текста как особой единицы коммуникации, они утратили авторскую индивидуальность, национальный окрас.

2.Искусственные и упрощенные тексты затруднят переход к пониманию текстов, которые обучаемый встретит в «реальной жизни».

3.Аутентичные тексты - это действенное средство в обучении культуре страны изучаемого языка.

4.Аутентичные тексты более разнообразны по стилю и тематике, работа над ними вызывает интерес у обучаемых.

5.Аутентичные тексты иллюстрируют функционирование языка в форме, которая принята у его носителей, и в естественном социальном контексте [7].

Важным условием эффективности внедрения этих материалов в процессе обучения является соблюдение соответствующих данной учебной ситуации принципов введения культурологического материала. Среди общих принципов введения материала Р.П. Мильруд считает необходимым соблюдать принцип минимизации (тематический минимум должен отражать основные области изучения страноведения), а также отбирать материал,

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]