Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
28
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.08 Mб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

«Информатика» пәнінен

ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1

MS Excel кестелік процессоры

көмегімен есептерді шешу

20 нұсқа

Орындаушы:

БИСк-11-1 тобының студенті

Серікова Әсем

Тексерген:

аға оқутышысы

Смагулова С.Е.

Алматы 2011

Мазмұны

1.

Жұмыс мақсаты.........................................................................................

3

2.

1.1 Есептік-графикалық жұмыс тапсырмалары мен шешу жолдары....

3

3.

Қорытынды.................................................................................................

20

4.

Пайдаланған әдебиет..................................................................................

21

Жұмыс мақсаты

Жұмыс мақсаты – MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін оқу және оларды есептерді шешуде қолдану. Экономикалық, математикалық, статистикалық есептердің шығару жолын уйрену. Электронды кестенің көмегімен тапсырыстарды өңдеу және өндіруді жоспарлауды, налог төлемдері мен төлемақыларды, кадрларды есепке алуды, өнімдерді басқаруды, прайс-беттерді және т.б. құрастыру. Инженерные, Математические, Ссылки и масивы және т.б. категорияларының функцияларын дұрыс қолдану. График құрастыруды уйрену, әртүрлі кретериялар бойынша автофильтрацияны орындау, әртүрлі сұйықтықтардың негізгі сипаттамаларын анықтыу, теңдеулер жүйесін Крамер және кері матрица әдісімен шешу.

    1. Есептік-графикалық жұмыс тапсырмасы

1.1.1 Сандарды аудару әдістерін (В.1 кестесі) және MS Excel ресурстарын қолданып:

- берілген санды (Б.1 кестесі) ондық санақ жүйесінен ұсынылған санақ жүйесіне (екілік, сегіздік, оналтылық) аудару кестесін құрыңыз;

- алынған нәтижені керісінше ондық жүйеге ауыстыру кестесін құрыңыз. Осы орындалған әрекеттердің бәрін Инженерные категориясының (Пакет анализа қосу) функцияларын қолданып тағы да орындаңыздар. Болатын қателерді түсіндіріңіздер;

- категориясының арнайы функцияларын көмегімен берілген санды (Б.1 кестесі) ондық санақ жүйесінен рим санақ жүйесіне ауыстырып және керісінше орындаңыз;

- MS Excel функцияларын қолданып а және b санына (Б.1 кестесі) ұсынылған арифметикалық операцияны қолданыңыз, және де бұл сандарды рим санақ жүйесіне ауыстырып берілген операцияны қолданып сол нәтижені алыңыз;

Түсініктеме: Аудару кестелерін құрғанда Математические категориясының ЦЕЛОЕ және ОСТАТ функцияларын қолдандым, содан кейін жауапты қосу үшін Сцепить командасымен орындадым. Римское деген функцияны қолданып, ондық жүйедегі санды римдық жүйеге аудардым.

№ нұс.

Ондық санақ жүйесіндегі сан

Ауысатын санақ жүйесі

Рим санақ жүйесіне өткізу және керісінше

a

b

Арифметикалық амал

20

220004

Екілік

2455

8190

402

a/b

1.1.2 Инженерные категориясынан түрлендіру функцияларын қолданып бір өлшем басқа өлшем бірлікке ауыстыру кестесін құрыңыздар.

Түсініктеме. Түрлендіруге болатын барлық өлшем бірліктердің тізімі В.2 кестесінде келтірілген. Метрикалық өлшем бірліктердің префикстерінің тізімі В3 кестесінде келтірілген. Берілген өлшемдерді аудару үшін ПРЕОБР функциясын қолдандым.

1.1.3 Функция графигін тұрғызыңыз (Б.3 кестесі).

Түсініктеме. Ұсынылған функциялар бойынша график тұрғызу үшін Точечная диаграмма типін қолдану тиімді. а-ның мәнін 5 деп алдым.

1-15 нұсқаларда теңдеулер полярлық координаталарда берілген. n мәндерін беріп r-дің сәйкес мәнін табасыздар. Поляр координатасынан декарт координатасына көшу үшін мына формулалар қолданылады: x=rcosn, y=rsinn. у(х) тәуелділігі салынады

1.1.4 Көлемі V резервуар берілген. Оның жұмысшы көлемі Vr, Резервуардағы сұйықтық көлемі Vg. Резервуар негізінде радиусы r шеңбер немесе жақтары a және b төртбұрыш жатыр, толтыру биіктігі h (Б.4 кестесі). Сұйықтық көлемі резервуардың жұмыс көлемінен аса бере толтырушыға қажетті хабарлама жіберу керек. ЕСЛИ логикалық функциясын қолданыңыздар. “Суды жабыңыз!” хабарламасы қызыл фонда шықсын, ал толмаған жағдайда “қажет емес” хабарламасы көрсетілсін. Шартты форматтауды қолданып резервуар толуын көрсетіңіз.

1.1.5 Теңдеулер жүйесін (Б.5 кестесі) кері матрица әдісімен және Крамер әдісімен шешіңіздер.

Түсініктеме. Сызықты теңдеулер жүйесін кері матрица әдісімен шешу үшін: теңдеулерді матрицалық түрде жазу керек (коэффициенттер матрицасы мен белгісіздер векторының көбейтіндісі теңдеудің оң жағындағы бос мүше векторына тең), матрицаның анықтауышын Математические категориясының МОПРЕД функциясын қолданып есептеу керек. Егер анықтауыш 0-ге тең болмаса онда бұл теңдеулердің шешімі бар, ал 0-ге тең болса кері матрица жоқ, коэффициенттер матрицасын кері айналдыру керек. Математические категориясының МОБР функциясын қолданамыз. Ол үшін: а) коэффициенттер матрицасын енгізем; б) кері матрица орналасатын жерді өлшеміне қарай (оның өлшемі коэффициенттер матрицасының өлшеміне сәйкес) көрсетем; МОБР массив функциясын қолданғанда алғы матрица адресін қоямыз. Матрицалық функция барлық ұяшықтарға таралу үшін Ctrl+Shift+Enter клавишаларын бірге басу керек,кері матрицаны теңдеудің оң жағына көбейтеміз. Теңдеу жүйесін Крамер әдісімен шешерде Математические категориясының МОПРЕД функциясын қолдансақ жеткілікті.

Крамер әдісімен шешу.

1.1.6 MS Excel функцияларын қолданып берілген массивке (Б.6 кестесі) келесі амалдары қолдану қажет:

- берілген массивті транспонирлеу, нәтижесін басқа ұяшықтар диапазонында көрсету қажет;

- берілген массив пен транспонирленген массивті көбейту;

- берілген А санына тең элементтің массивтегі орнын табу.

Түсініктеме. Массивті транспонирлеу, массивтерді көбейту, элемент орнын табу кезінде Ссылки и массивы категориясының ТРАНСП және ПОИСКПОЗ функцияларын және Математические категориясының МУМНОЖ функциясын қолдану керек.

1.1.7 әртүрлі сұйықтықтардың негізгі деген сипаттамаларын анықтаңыз:

а) су ішкі диаметрі D болатын құбырмен ағады (Б.7 кестесі). Ағынның орташа жылдамдығы v. құбырдың көлденең қимасының ауданын және ағынның көлемдік жылдамдығын V = v*S табу керек. Ағынның көлемдік жылдамдығы тұрақты болып, сұйықтық ағынының жылдамдығы 1,3 м/с болу үшін құбыр диаметрі қандай болуы керек;

б) келесі ереже бар: жылдам ағатын сұйықтықтардың (қоюлығы бойынша су қоюлығына жуық болатын) құбырдағы орташа жылдамдығы 1м/с-тан аспауы керек. Осы ережені орындай отырып күніне 6000 м3 су келетіндей құбырдың минимал диаметрін анықтаңыздар;

в) Рейнольдс саны қатынасымен анықталады, мұнда D - құбырдың ішкі диаметрі, v - құбырдағы сұйықтық ағынының орташа жылдамдығы, - сұйықтық тығыздығы, - сұйықтықтың абсолютті қоюлығы. Егер құбырдағы сұйықтық ағыны үшін Рейнольдс саны 2100-ден аспаса, ағын ламинарлы деп саналады. Егер де 10000-нан асса ағын турбулентті деп саналады. 2100 мен 10000 ортасындаєы мәндері үшін ағын типін анықтау мүмкін емес. Сипаттамалары Б.7 кестесінде келтірілген сұйықтықтар үшін Рейнольдс санын және ағын типін (ламинарлы, турбулентті немесе белгісіз) анықтаңыздар.

1.1.8 Температуралық резисторлық датчик – бұл ішінде температураны өлшеуге металл пластинка немесе сым қолданатын аспап. Металдың электрлік кедергісі температураға тәуелді, сондықтан температураны металдың кедергісін өлшеу арқылы анықтауға болады. Температура және кедергіні байланыстыратын теңдеу келесідей:

мұнда Rt - өлшенетін Т температура кезіндегі кедергі;

R0 – 0°С температурадағы кедергі;

 - сызықты температуралық коэффициент.

Платина үшін = 0,00385 Ом/°С. Келесі (Б.8 кестесі):

а) берілген (T1; T2) температура интервалында hT қадаммен платиналы терморезистордың кедергісін есептеңіздер;

б) hR көрсетілген қадаммен R(T1; T2) берілген интервалындағы температураны есептеңіздер.

1.1.9 Берілген кестені құрып (Б.9 кестесі), 10-нан аса мәліметпен 87қанағаттандыратын мәліметтерді таңдауды жүргізіңіз (Автофильтрация көмегімен үш қарапайым сұраныс және Расширеный фильтр көмегімен үш күрделі сұраныс жасаңыздар).

1.1.10 Берілген негізгі және қосымша кестелерді құрыңыздар (Б.10 кестесі). қосымша кестенің мәліметтерін қолданып негізгі кестеде қажетті есептеулерді орындаңыздар.

Түсініктеме. Есептеулерді қолданғанда Ссылки и массивы категориясының ВПР және ГРП көру-сілтеу функцияларын қолдану қажет. Олар кестелердегі ақпаратты көруге және өңдеуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в папке РГР 1