Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / Информатика / информатика билеты.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
63.17 Кб
Скачать

15 Билет. Программалық жабдық (software) және оның түрлері. Программа туралы түсінік. Программалық өнім. Жүйелік программалық жабдық.

Әрбір электрондық-есептегіш машина өзінің оперативтік жадына енгізген программа бойынша жұмыс істейді. Сондықтан компьютердің жұмысы дұрыс жүруі және оның ресурстарынтолық пайдалану үшін тиісті программалардың белгілі бір құрамы болуы қажет. Қазіргі кезде компьютер үшін өте көп әртүрлі программалар қолданады. Программа магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп,орындауға арналған машина нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Компьютердің программалық жабдығы (software) дегеніміз – ол, есептеу жүйесін тиімді пайдалануға арналған бір-бірімен байланыстағы программалардың және олардың сипатталуы мен пайдаланушыға арналған нұсқауларының жиыны, түрлері: қолданбалы программалар, жүйелік программалар,инструменталдық жүйелер. Пайдаланушы мен компьютер арасында диалог орнатуды қамтамасыз етуге әртурлі амалдарды орындауға арналған программалар жиынын жүйелік программалар дейді. Жүйелік программалар компьютер мен оның әртүрлі сыртқы құрылғыларының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған олардың ең бастысы операциялық жүйе.

16 Билет. Операциялық жүйелер мен олардың құрамы.Msdos жүйесі. Windows жүйесінің негізгі сипаттаулары мен жұмыс істеу принциптері. Операциялық қабықшалар. Утилиттер.

Операциялық жүйе – компьютердің барлық мүмкіншіліктерін басқаруға арналған прогаммаларының, деректердің және оларды пайдаланудың нұсқауларының жиыны. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланыстырушы. Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істей алмайды. Үш негізгі бөлімнен тұрады. Компьютерлік интерпретатор немесе программалау тілінен машина кодына аударушы.Драйверлер әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Интерфейс – пайдаланушы қарым-қатынас жасайтын ыңғайлы программалар.Жабдық операциялық жүйенің программасы комп. мен оның құрылғыларының электр жүйлеріне қосқан сәттен бастап, өшіргенге дейін басқарады. Бұрынғы комп-де кең тараған MSDOS операциялық жүйесі болатын. Адам мен комп. арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін MSDOS жүйесінде командалық жол атқарады, негізгі функциялары: комп-ң барлық аппаратты құрал-жабдықтарды басқару; файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; қолданбалы программаларды іске қосу; масштабталатын қаріптерді қолдануды, мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды, бірыңғай аппараттық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады. Принциптері:жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс “ Point and Click”(көрсету ж/е щерту) принципі,Select принципі, “Drag-&-Drop” принципі(тасымалдау ж/е барған орнында қалдыру), “WRSIW46”принципі(не көрсеңіз, соны аласыз). Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік программа, мәліметтерді архивтеу, компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін тексеретін программаларды айтуға болады.