Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / фил / fIL_kaz.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
462.85 Кб
Скачать

1.Глоссарий Негізгі терминдер

Абсолют - (лат.absalutus) мәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымда жиынтығын білдіреді.

Абстрактілеу - (лат.abstractic) дерексіздік, бөліну, оқшаулану. Белгілі бір затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан өзара байланыстардан оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі.

Аверроизм - 13-16 ғ.Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық - 18-19 ғ. дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім арқылы қоғам негізін өзгерту.

Аксиология - құндылықтар жүйесі туралы ұғым.

Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығына сәйкестігі.

Афоризм - қысқа сөзбен түйінделген тиянақты ой.

Болмыс – философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін білдідіретін биболмыстың екінші жағы.

Брахманизм -Үнді философиясындағы ағым.

Бихевиоризм - прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.

Веданта -Үнді философиясының объективті-идеологиялық, діни ілімі,

Вайшешика - көне үнді философиясындағы жүйе.

Витализм - барлық өмірлік процестер материалдық емес факторлар әсерінен болады деп түсіндіретін ілім.

Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.

Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философиясының ең маңызды бөлімі.

Гуманизм - адам мүддесі үшін жасалатын ізгіліктердің топтамасы. Адагершілікке баулу.

Даосизм - б.э.д. 6-5 ғ. Қытайда дамыған «дао» ілімі. Негізін салушы Лао-цзы.

Деизм - Англияда пайда болған ілім. Діннен бас тарту, атеизмнің жасырын түрі.

Детерменизм - себептілікті жоққа шығару.

Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы заңдары туралы ғылым.

Диалектикалық материализм - марксистік философияның негізі, ғылыми философиялық дүниетаным.уализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.

Дүниетаным - қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар жүйесі.

Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарсы бағыт.

Имманеттік сын - идеяларды және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып сынау.

Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті байланысын теріске шығаратын философиялық ілім.

Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.

Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.

Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар.

Кеңістік пен уақыт - бүкіл әлемнің, матермя болмысының объективті өмір сүру формалары.

Классификация - белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара ішкі байланысты ашу және логикалық жағынан негізделгенін көрсету.

Конструктивистік әдіс - ғылыми теориялардың дедуктивті құрылымының бір түрі.

Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.

Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің, аспан жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.

Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған неопозитивтік ағым.

Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.

Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық бағыт.

Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.

Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.

Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады деп сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.

Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.

Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.

Позитивизм – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.

Прагматизм – классикалық философияның абстрактілігін сынау.

Персонализм – тұлғалық философия.

Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын растайтын философиялық бағыт.

Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.

Сенсуализм – сезімдік философиясы.

Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.

Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.

Таным – адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтік-мәдени қатынасы.

Теология – дін туралы ғылым.

Табиғат философиясы – адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз ойлар.

Үшінші позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия.

Феноменология – Гуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі туралы ілім.

Фальсификация – ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.

Футурология – болашақты болжау туралы ғылым.

Экзистенциализм - өмір туралы философия.

Эмперизм – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту үшін негізге алып қолданған ілімі.