Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономическая часть / Методичка Диплом kz.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.71 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________Е.А.Вощакина

«____»_________2014 ж.

Дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: 1305000 – «Ақпараттық жүйелер (қолданылу облыстары бойынша)»

2014-2015 Оқу жылы

Автор: Тұрсынбекова А.Е., Мукушева Л.А., Жунисжанов Б.Б., Дүйсембекова А.Н., Амежанов Ж.Ж.- РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» оқытушылары

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы -1 отырысында қаралып талқыланды

Хаттама №_____ «___­_­»____________________2014 ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Л.А.Мукушева

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қаралып талқыланды

Хаттама №_____ «___­_­»____________________2014 ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Г.К.Мукушова

Дипломдық жобаның мазмұны және құрылымы

Дипломдық жоба түсініктеме жазбадан және демонстрациялық материалдардан тұрады. Барлық құжаттар мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай рәсімделуі тиіс.

Дипломдық жобаның мазмұны

Дипломдық жоба құжаттар түрінде рәсімделеді және келесі міндетті стандартты беттерден (формалардан), бөлімдерден және құжаттардан тұрады (кесте 1).

Кесте 1.

Стандартты беттер (формалар) мен бөлімдер

Форма нөмірі және бөлімнің шамамен алғандағы көлемі

1. Титулдық бет

1 (форма №1)

2. Техникалық тапсырма

1 (форма №2)

3. Мазмұны

2

4. Кіріспе

5-6

5. Пәндік облыс сипаттамасы

15

6. Бағдарламалау ортасын негіздеу

10

7. Арнайы бөлім (АЖО, ААЖ, ЭБ жобалау)

20-25

8. Еңбекті қорғау

5-6

9. Қорытынды

2-3

10. Пайдаланылған әдебиеттер

1-2

11. Қосымшалар

Жоба бөлімдерінің мазмұны келесідей болуы керек:

  1. Титулдық бет

  2. Техникалық тапсырма

  3. Мазмұны

  • Кіріспе

  • Пәндік облысты сипаттау

  • Бағдарламалау ортасын негіздеу - Delphi, FoxPro, HTML, MS Access

  • Арнайы бөлім (АЖО, ААЖ, ЭБ жобалау)

  • Еңбекті қорғау

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер а

  • Қосымшалар

    1. Кіріспе

    • АЖО (ААЖ, ЭБ) сипаттамасы

    • Бағдарламаның тағайындалуы

    • Қолдану шарттары

3.2. Пәндік облысты сипаттау

Дипломдық жобаның тақырыбына сәйкес

3.3. Бағдарламалау ортасын негіздеу

АЖО, ААЖ, ЭБ жобалауға арналған бағдарламалау ортасын (Delphi, FoxPro, HTML және т.б.) негіздеу

3.4. Арнайы бөлім (АЖО, ААЖ, ЭБ жобалау)

3.4.1. Есептің қойылымы

3.4.2. Блок-схема

3.4.3. Кесте реквизиттері

3.4.4. Логикалық схема

3.4.5. Тестілеу және қатесін түзеу

3.4.6. Қолданушы инструкциясы

3.4.7. Бағдарламашы инструкциясы

3.5. Еңбекті қорғау

  1. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік

  2. Есептеу техникасы кабинетінде жұмыс істеу ережелері

  3. Электр тогының адам ағзасына әсері

  4. Қоршаған ортаны қорғау

  5. Өндірістік ортадағы есептеу техникасы кабинетіндегі метеожағдайлар

  6. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

  7. ДЭЕМ-ді қолданудағы зиянды және потенциалды факторлар

3.6. Бағдарламаның өзін-өзі өтеу мерзімің және экономикалық тиімділігін есептеу

3.6.1. Бағдарламаны құру және өндеу бойынша енбек шығындарын есептеу

3.6.2. ЭЕМ бір сағаттық жұмысының өзіндік құның есептеу

3.6.3. Базалық және жәнә өндірілетін бағдарламаның мінездемесі

3.6.4. Құрылған бағдарламаның экономикалық тиімділігін және өзін-өзі өтеу мерзімін есептеу.

Қосымшалар: бағдарлама листингі

Мәтіндік құжаттарды рәсімдеу ережелері

Дипломдық жобаны рәсімдеуге арналған жалпы талаптар

ДЖ құжаттары А4(210x297 мм) форматында көрсетіледі.

Титулдық бет Форма №1-де көрсетілген.

- Титулдық бетте сөздерді тасымалдауға тыйым салынады, ДЖ тақырыбы, циклдық комиссия және мамандық атауларынан кейін нүкте қойылмайды.

- Титулдық бетте ДЖ-ның авторының (оқушының), жоба жетекшісінің қолы мен аты-жөні (А.Ә.Ф) болуы керек. Титулдық беттің формасына сәйкес сәйкесінше орындарда даталар қойылуы тиіс.

Дипломдық жобаға тапсырма оқушылардың дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), дипломдық жобаның күнтізібелік кестесінен тұрады (Форма №2).

Дипломдық жобаның тапсырмасын циклдық комиссия төрайымы аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Дипломдық жобаның тапсырмасы дипломдық жобаға тігіледі.