Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туроперейтинг.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.95 Mб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеі

«Туризм » кафедрасы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

«T3301 Туроперейтинг» пәні бойынша

«5В090200 - Туризм» мамандығы

Алматы, 2013 ж.

Лекциялық кешен құрылымы

1. Кіріспе. Туроперейтингтің мәні мен маңызы.

Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын талдау.

Сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасының туризм нарығының дамуы

  • Туроперейтингтің мақсаты мен міндеті

  • Тур: ұғымы, құрылымы және түрлері

Қазіргі уақытта Қазақстандық туризм нарығында туризм біркелкі дамымауда. Шығу туризмнің көлемі кіру және ішкі туризмнен асып түсуде. Осыған қарамастан ішкі кіру және әлеуметтік туризмнің дамуында 2001 жылы жарияланған «Туристік іс-әрекет туралы» Заңының басылымдылығына қарамастан, елде шығу туризмі нарығы белсенді қызмет етуде. Бұл дегеніміз туризмнің кіру туризіміне қарағанда шығу туризмі басым болуы, сонымен қатар шетелге ақшаның (вальюта) шығуы олардың ұлттық экономикасының кірісіне ұлғайтайды деген сөз. Мұндай теріс жағдай ел экономикасына қолайсыз әсер етеді. Туристер қызмет көрсетуін ұйымдастыру- ірі туроператорлық фирмалардың іс-әрекетімен тұтас турагенттік жүйелері іс- әрекетінің міндеті болып табылады.

Қызмет көрсету бағдарламасын өңдеуде ішкі және шетел туристерін кешенді өңдеу-туроперейтинг міндеті.

Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстандық кәсіпорындарда яғни туроперейтингтің кешендері енгізілген фирмаларда жыл бойы тұрақты сатылымен маршруттардың толық жүктемесі байқалады, ал маусым кезінде жоғарғы сұраныспен уақытқа сәйкес алдын-ала брондау жүйесі де іске асады. Біздің елімізде туроперейтинг өніміне айтарлықтай үлкен сұранысқа ие бола отырып соған сәйкес кадрлар дайындау қажеттілігі үлкен мәселеге айналуда. Міне сондықтан, туристік кәсіпкерлік сферасына туроперейтинг енгізу және берілген мамандықта ішкі және шетел туристеріне қызмет көрсету де бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатымен кадрлар дайындау қажеттілігі туындайды. Топтық және тұлғалық саяхаттар үшін, турды жасау және сату көптеген турфирма туроператорлардың қабылдау немесе бағытталуы бойынша негізгі іс әрекеті болып табылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, тур - орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру, экскурсиялық кызметтер, сонымен қатар саяхат мақсатынан тәуелсіз ұсынылатын гид аудармашылармен т.б. қызмет түрлерінің кешенді жиынтығын атаймыз.

Туристік өнім және оның өтімі - туристік кәсіпорын іс - әрекетіндегі маңызды бөлімі. Әрбір туристік фирма неге ұмтылады? Фирмалардың негізгі міндеттерінің бірі болып оның табысының ұлғаюы. Табыстарды алынуы және көбеюі ол ең алдымен тұрақты тұтынушылардың болуы мен және көбеюімен байланысты. Тұтынушыларды тарту және ұстап тұру үшін және ол тұтынушылар турфирма берілген фирманың қызметін пайдалануға қызығушылығы болса, онда мұндай қызмет туристік фирманың ұсынылатын қызметінің сапасына сәйкес келуі керек. Туристік қызметтің сату және жылжыту тиімділігі тек тұтынушының мақсатымен қажеттілігі анықтаған кезде ғана қол жеткізуге болады. Туристік фирма мақсатының жетістігі тұтынушының талаптарына толық сәйкес өнім мен қызметінің дамуы болып табылады. Сонымен қатар қарқынды сатылыммен, туристік өнім жүзеге асыруғада тікелей тәуелді.

Берілген курстың мақсаты туроператорлар іс әрекеті ұйымдастыру стратегиясын өңдеу, сонымен қатар тартымды туристік өнім мен турөнімді ұсыну жүйесін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек;

  • жүзеге асып жатқан ұғымдарды талдау, терминдердің толық және нақты анықтамаларын таңдау,терминдердің толық және нақты анықтамаларын таңдау;

  • туристік өнімнің ерекшелігін және ұғымын қарастыру;

  • туристік өнімнің өмірлік циклін зерттеу;

  • туристік өнім шығару ерекшелігін талдау;

  • Қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігін зерттеу;

Берілген курс өзекті болып табылады, себебі тақырыптың терең білімі болашақ туристік әрекетте көмекші құрал ретінде, яғни кез келген туроператорлардың міндетіне кіретін турлар кірісін әрекетін тиімді өңдеулер жасауда көмегін тигізеді.

Бұл курстың өзектілігі болып әрбір туроператорлық фирма туристік нарықта бәсекеге қабілетті өнім ұсынуылуына мүдделі болуы керек, ал сол үшін турфирма қызметкелеріне міндетті түрде тур, туроперейтинг өңдеу технологиясын жетік білуі керек.

Практикалық мәнділігі турөнім жасауға негізделеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандық туризм нарығы қалай дамуда?

  2. туристік нарықта туроперейтингтік бизнестиің пайда болуы немен байланысты?

  3. туроператор дегеніміз не?

  4. туроперейтингтің міндеті қандай?

  5. турагент және туроператор арасында негізгі қандай айырмашылық бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.