Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16-10-2013_09-57-32 / за__ жауапкершлгн__ т__сн.ppt
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
82.43 Кб
Скачать

Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері

Құқық бұзушылық кінәлі адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар құқық нормаларының санкцияларында көзделген. Заң жауапкершілігі дегеніміз құқық бұзушылықты жасаған адамға заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс-жүргізу тәртіппен қолдану.

Заң жауапкершілігінің басты мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтарды құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік әділетсіздікті қалпына келтіру, жаңадан құқық бұзушылықты болдыртпаудың алдын-алу болып табылады. Ол белгілі бір принциптер негізінде іске асуы тиісті. Оған жататындар:

заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процесі кезінде заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек олардың кінәлі іс- әрекеті үшін ғана қолданылады);

әділеттілік принципі (жазаның іс-әрекеттің мөлшерімен тең болуы. Кінәлі деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгілеген шекте және жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның тағайындалуы)

мақсатқа сәйкес (орындылық) принципі (құқық бұзушыға қолданылатын шаралардың ықпалының заң жауапкершілігіне сәйкестігі)...

ізгілік принципі (құқық бұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни кінәлінің жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуына байланысты ...)

заң жауапкершілігінің болмай қоймайтындығы (әрбір құқық бұзушылық міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы тиісті). Бұл принциптің іске асуы, әрине құқық қорғау органдарының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті лауазымды адамның іскерлігіне, білімділігіне, үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты.

Жылдамдылық приципі (құқық бұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиіс).

Заң жауапкершілігінің түрлері құқық бұзушылықтың түрлерімен пара-пар. Қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігіндегі ең қатаң түрі болып танылады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады:

айыппұл салу;

белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі-бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

қоғамдық жұмыстарға тарту;

түзеу жұмыстары;

әскери қызмет бойынша шектеу;

бас бостандығын шектеу;

қамау;

тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

бас бостандығынан айыру;

өлім жазасы

арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

мүлкін тәркілеу.

Жауапқа тартылуды болдырмайтын мән- жайлардың ішінде мыналар көрсетілген:

есі дұрыс еместік

қажетті қорғану

аса қажеттілік

қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру

күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу

бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде

Жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері болып мыналар табылады:

шын өкінуіне байланысты;

жәбірленушімен татуласуына байланысты;

жағдайдың өзгеруіне байланысты, яғни істі сот қараған кезде ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса;

ескіру мерзімінің өтуіне байланысты:

а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін 2 жыл

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін 5 жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін 10 жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 15 жыл;

айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты, яғни қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде, мынадай мерзімдерде орындалмаған болса жазадан өтеуден босатылады:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда 3жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда 6 жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда 10 жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда 15 жыл;

- рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде.