Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 7. Тақырыбы : Жапонияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы

  1. Орта ғасырлардағы Жапония . Ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы

  2. Тайк төңкерісі және елдегі реформалар , мемлекеттік құрылысы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Жапонияның неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата- бабалары эбисулар деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю аралының солүстік - шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған , бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үндіқытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжуртунгус тайпалары қоныс аударып, эбисуларды шығысқа ығыстырды.

Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыру нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан

Ямото тайпалары іріктеліп шықты.III ғасырдың соңы мен IV ғасырдың ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ям ото тайпалар одағын құрды.осы атаудан Япония атауы пайда болван.

Қазіргі жапондықтардың ата-бабалары егіншілікке жарамды ,құнарлы аудандарға қоныстанды. III- VI ғасырлардың өзінде –ақ негізгі ауылшаруашылық өнімі құрғақ және игерілген жерлерде өндірілетін –күріш болды.Суландыру каналдары мен тоғандар сала бастады.Негізгі дақыл күрішпен дәнді дақылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.

Қытайлықтардың Жапонияға қоныс аудару III ғасыр аяғында Қытайдың батысынан көшпенділердің шабуылы нәтижесінде күшейіп , V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды.Қонысаударушылар тұрғындардың әр-түрлі тобына жатып, “бэ” деп. аталды.Бұларға тағы жеңіліп қалған қауымдардың басшылары ,пұтқа табынушы абыздар “грометейлер”-яғни қытайша оқып,жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен бірге қылмыс істеп құлға айналған қауым мүшелері жатты.Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.

Қарапайым сауда қатынастырының даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды.ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы “Қытай рыногы” болды.Запон қорғандарынан табылған қытай тиындары осы континент пен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді.Қоғамдық еңбек бөлінуінің негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді.IV ғасыр соңымен Vғасырда патша функциясын атқаратын тайпа одақтарының көсемдерінің билігі күшейді.оның билігі маңызды жер көлемін иелену ,қауым мүшелеріне салық салу ,құлдар жаулап әкелу ,егінші,қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды.дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның рөлі күшті болды.

Жеке –жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды егеленді.Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер мен қытайлар әкелген, VI ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды.сонымен бірге запон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық Діні синтоизмге (құдай жолы) алкен соққы берді.Буддизм қалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.

Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған “17 статьялық заңы” болды.Бұл ескерткіште буддалық және конфуциялік діннің ықпалы кошті болды.мунда алғаш рет запон аұсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды.бұл заң патша билі гін күшейтуге тырысты , Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуна тырысты, 607 жылы Қытайға елшілік жіберді.Мәдени байланыстар орнатты.сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.

2.Тайк төңкерісі және елдегі реформалар ,мемлекеттік құрылысы.

VII ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекет құрылды.мунда тарихта “Тайк төңкерісі” деген ата ие болған (сөзбе сөз аударғанда “ұлы өзгерістер кезі” легенді білдіреді) саяси төңкеріс алкен маңызға ие болды.Принц Наканоэ мен Накатоми Бамако бастаған ақсүйектер императорлар сарайндағы Сого руының билі гін жойды.Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар “тайк реформалары” қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты.халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін есем еді.

Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар де әсер етті.Қытайдағы тан империясы күшейіп корей түбегін тіпті, Жапонияның өзін жаулап Алу қаупі күшейді.

  1. жылдан бастап- ақ үкіметтік басқару аппаратын байта құру басталды.арнайы министрліктер құрылды.императордың кеңесшілері тағайындалды.Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді.щығыс облыстар да жерді өлшеу жүргізілді,тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторлармен ,уездердің басшылары тағайындалды.

Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді.646 жылғы үкімет жарғысынан көрінгендей реформалардың мәні төмендегідей :

1.Жеке жер иеленуді һзгерту ,імператор отбасымен аристократтарға тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдармен жерді түгел мемлекет меншіші деп. жариялау,аристократ тар компенсация ретінде ранг лік ,қызметтік және басқа үлестер алып, қанаушы тап жағдайын сақтап қалды.

2.Басқарудың орталық органдары құрылды,территориялық әкімшілік бөлу енгізілді.

3.Жер есері алынды,қауым санағы жүргізілді, әрбір шаруа жер үлесін алатын болды.

4.Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.

Бұл рефомалар орталықтанған мемлекет қруға бағытталған еді.Бұл реформалар кейін 647, 649 эәне 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.