Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 5.

Тақырыбы:VI-XI ғасырлардағы Арабия.

Жоспар:

1.Исламның пайда болуы.Аравияның бірігуі.

2.Алағашқы халифаттар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Исламның пайда болуы. Арабияның бірігуі. Алғашқы қауымдық

Құрылыстың ыдырауы , тайпалық ақсүйектердің жерді, малды,

Маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған

Оңтүстік Арабия құлиеленуші мемлекеттің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен , сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі

Тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен

Ацналасуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Куреиш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға

Сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай

Насихаттаушы Мұхаммед (570-632жж) болды: Ислам діні 610 жылдары шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы

Мүшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна

Мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны

40-50 адамға жете бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғымен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады.

Ол бойынша хашимиттермен сауда жасауға, іс жұргізуге, некеге тұруға тиым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхамедті қолдаушы Абу-Талиб , сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды.

620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыроиын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты

үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.

Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қаираткергеайналды. Иасриб қаласы Мадина (Мадинат ан-наби Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.

Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.

3 Алғашқы халифтар тұсындағы Арабия және олардың жаулап алу жорықтары. Мұхаммедтің өлімінен кецін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып “халиф” титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды. Абу Бакр (632-634), Омар (634-644),Осман (644-656), Али (656-661).Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халықаралық жағдайда қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-644жж) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.

  1. жылы Палестина, Сирияны, Египетті ( 640- 642 жж) , одан әрі Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті . 634- 651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. 7 ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардың вассалында айналды.

8 ғасырдың басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесіде арабтар жаңа жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, басқаларды көшпенділер күйінде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен солтүстік Африкада бтану процесі жүріп , олар ислам дінін, араб тілімен жазуын қабылдады. Ал Кавказға , Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады .

ғасыр ортасында Халифатта азамат соысы басталды. Оны Мұхммедтң туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады. 7 ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер , шейіттер және хариджиттер.

Лекция 6.

Тақырыбы:VI-XI ғасырлардағы Арабия.

Жоспар:

1.Омейядтар халифаты.

2.Аббасидтер халифаты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Омаядтар халифаты. Азамат соғысында араб феодалдық ақсүйектері жеңіске жетті . 661 жылдан 750 жылға дейін араб халифатын Омаядтар руы басқарды . Халифаттың астанасы Дамаск қаласы , халифаттың орталық облысы Сирия болды. Сирия Азамат соғысы салдарынан үзіліп қалған жаулап алу жорқтарын жалғастыру үшін тірек орталығы болды. 7 ғасыр соңымен 8 ғаыр басында арабтар Солтүстік Африкада берік тұрақтанды. 711 жылы Испанияға еніп бүкіл территориясын басып алды. Византияның астанасы Константинопольді бірнеше рет қоршауға алды, бірақ арабтар Армения Картли , және Картли түбегі жаулап алынды. 705- 715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан соң Хорезм мен Амудария аудандары жаулап алынды. 751 жылғы арабтардың Қытай әскерімен күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.

Византия мен Иранның африкалық , азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия , Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысына еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі - мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Салықтың түрлері: Зекет салығы - қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі: Джизья -мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы: Ұшыр - мұсылмандардан алынатын жер салығы: Харадж - мұсылман еместерден алынатын жер салығы:

Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омеядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Арад тілі Батыс Азия , Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл рөлін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды . Халифат - барлық азаматтық және рухани (Діни) билікке ие болып , оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.

Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсуйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасиддтер ( пайғамбардың туысы Аббастың ұрпаұтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды . Араб емес феодалдармен мұсылмандарда наразылық танытты.

  1. ғасыр 2 ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728 –737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734 –743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер , 744-747ж.ж. Қосөзенде , Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.

747 жылы Аббасид имамы Ибрахим ибн Мухаммед көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзінің 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді , хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді . Елде жаппай қырып - жою басталды.

5. Аббасидтер халифаты. Аббасидтер халифаты билікке иран жері имеленушілерінің көмегімен келгендіктен оларды маңызды мемлекеттік билік орындарына қойды. Аббасидтер астанасы - Бағдат қаласы болды

( 762 жылы салынған ) . Аббасидтердің Омеядтардың ерекшелігі жаулаушылық соғыстарын жүргізбеді. Халифаттың құрамына Испания , Магрибтің бірқатар аудандары шығып кетті. Византиямен үзілмес соғыс жүргізді. Феодалдық қатынастар одан әрі дамыды. Жер - мемлекеттік меншігі болды. Мемлекеттік жер иелену ірі суғару жүйелері бар Ирак пен Египетте кең қолданылды. Икталық жер бұрын мемлекетке салық төлеп тұрған жағдайда берілсе, енді әскери және азаматтық қызмет көрсететіндерге берілді. 9 ғасырдан феодалдық жер иеленудің жаңтүрі –вакфтық жер иелену қалыптасты. Бұл жерлерді мемлекет немесе меншік иелері әртүрлі мұсылман ұйымдарына , мешіттерге , жеке діни тұлғаларға сыйға тартты.

Халиф әскерлері бірнеше категориядан тұрды: араб тайпаларының жасағы, жалдамалылар және гулямдар. Гулямдар жасөспірім кезінен арнайы әскери тәрбиеленетін , түрік , словян, африкалық құлдардан тұратын халифтың берілген малайлары. Бірақ гулядар аз уақыт ішінде үлкен күшке айналып , өз иеліктерін халифке жеткізген дәрежеге жетті.

Аббасидтер билікке халық көтерілісінің нәтижесінде келген еді. Бірақ бұлардың халық мүддесін ойламауы елде наразылыққа әкелді. 751 жылы Бұхарада, 755 жылы Нишапур мен Рейде , 776 – 778 ж.ж. Мауренахрда , 778 –779ж.ж. Гурганда көтерілістер болды . Ең ірі көтеріліс Азербайжандағы Бабек көтерілісі.

9 ғасырдың басынан Аббасидтер халифаты жеке -- жеке эмираттарға бөліне бастады . Себебі: халықтардың жеке облыстардың эканомикалық даму , этникалық құрамы, мәдениеті , тілі, діні әртүрлі болды. Мемлекеттік жер иелену есебінен ірі жер иеленушілердің күшейуі , бағынышты халықтардың тәуелсіздік күресінің өсуі араб халифатының құлауына әсер етті.