Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 4.

Тақырыбы:VI-XI ғасырлардағы Арабия.

Жоспар:

1.III-VI ғасырлардағы арабтардың әлеуметтік-экономикалық даму, Діні, сияси тарихы.

2.Исламның пайда болуы.Аравияның бірігуі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

  1. 3-6 ғғ арабтардың әлеуметтік-эканомикалық дамуы, діни, саяси тарихи.

Арабия түбегі 3 млн шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл

Территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарыннның

әлеуметтік-эканомикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларрына қарай оның түрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ғана бөлігінде егіншілік дамыды. Иемен-

нің қару-жарақ шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы

көшпелі малшылар бедддддуиндер деп аталды. Бедуиндер негізінен

түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы , қой, ешкі өсірумен шүғылданды

6-7 ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүектері қора-қора малымен ,

жайылымдарымен ерекшеленіп түрды. Бұлармен қатар өздерінің заңды түрде тәәуелсіз деп есептейтін бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Арабтаррда маңызды мөлшерде таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінгеен шетжерліктер болды.

Құл еңбегі эканомикалық құрылыстың негізі болған жоқ.

Иемендегі құл иеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезеңі

Сәйкес келді. 6 ғасырда Византтия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия

Арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.

  1. Исламның пайда болуы. Арабияның бірігуі. Алғашқы қауымдық

Құрылыстың ыдырауы , тайпалық ақсүйектердің жерді, малды,

Маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған

Оңтүстік Арабия құлиеленуші мемлекеттің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен , сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі

Тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен

Ацналасуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Куреиш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға

Сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай

Насихаттаушы Мұхаммед (570-632жж) болды: Ислам діні 610 жылдары шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы

Мүшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна

Мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны

40-50 адамға жете бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғымен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады.

Ол бойынша хашимиттермен сауда жасауға, іс жұргізуге, некеге тұруға тиым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхамедті қолдаушы Абу-Талиб , сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды.

620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыроиын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты

үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.

Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қаираткергеайналды. Иасриб қаласы Мадина (Мадинат ан-наби Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.

Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.