Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 30. Тақырыбы:Үндістан Ұлы Моғолдар империясының тұсында.

1.Акбар тұсындағы Ұлы Моғолдар империясы.

2.Ұлы Моғолдар империясының әлсіреуі, европалықтардың келуі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1.1526 жылы Ауғаныстанның таулы өткелдері арқылы Үндістанға Темірдің шөбересі Бабыр басып кірді.Алдын Бабыр Самарқанның билеушісі болды, бірақ ол жерден жергілікті феодалдар қуады. Мауереннахрдан қуылғаннан кейін Бабыр Ауғаныстанды және Шығыс Иранды (Хорасан) жаулап алды.Кабул мен Газна қалалары Бабырға қарады.Бабыр осы жерден Солтүстік Үндістанға жорық жасады.20 мыңдық әскері негізінен түріктерден ,хорасандықтардан ,ауғандардан тұрды.Үндістан үшін шешуші шайқас 1526 жылы 21 сәуірде болды.Мұнда Делидің соңғы сұлтаны Ибрагим өлтірілді.Бабыр Делиді бағындырып Үндістанның мұсылман және үндіс княздарын бірігіп,Рана Санга басшылығында 100 мыңдық әскер құрып, Бабырға қарсы шығады.Бірақ, Канваге шайқасында одақтастар жеңіліс табады,келесі жылда Бабыр Бихан мен Бенгалияны бағындырды.Солтүстік Үндістан ,Ауғанстандағы оның иеліктерінде Ұлы Моғолдар империясы XV-XVII ғасырларда ірі державаға айналды.Діни жағынан Ұлы Моғолдар империясының тұрғындары екіге бөлінді.Бірі мұсылман,екіншісі индуизм болды.Ұлы Моғолдар империясындағы аграрлық қатынастар алдыңғы күйде болды.Моғолдар жоғарғы егесі болды.1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң орталық үкімет біраз әлсіреді.Өз інілеріне енші иеліктер беруі моғолдық билеуші топ арасындағы қырқыстарға әкеп соқты.1537 жылы Хумаюнға қарсы көтерілісті Бихарлық ұсақ феодал Фарид басқарды. Хумаюн Фаридтен жеңіліп, Иранға қашты.Таққа Шер шах деген атпен Фарид отырды.(1539-1545 жж) Фарид қоғам талабына сай өзгерістер енгізді.Бүкіл ел кішігірім әкімшілік парганадарға бөлінді.Ол орталықтың бақылауын күшейтті.1545 жылы Шершах өліп, Хумаюн сол жылы Кабулды,Кандагарды басып алды.1554 жылы Үндістанға басып кіріп, қайтадан таққа отырды.Хумаюн 1556 жылы өзінің астрономиялық обсерваториямында текпешектен құлап өлді.Шах деп оның 13 жасар баласы Акбар жарияланды.

2.Акбар тұсында (1556-1605 жж)Iұлы Моғолдар империясының шекарасы кеңейді.Оның құрамына шығыс пен оңтүстікке Бенгалия ,Орисса,Гуджарат, Кашмир провинциялары,Хандеши сұлтандығы мен Ахмеднагар енді.Солтүстікте Ираннан тартып алынған маңызды сауда орталығы кандагар қаласын қосып алды.Акбардың алдыңғы билеушілерден ерекшелігі өзіне қызметке индус феодалдарын тартуы еді.Мұнымен қатар ол үндіс саудагерлеріне де жақсы қатынаста болды.оның тұсында индуизмге табынғанды қудалау тоқтатылды, үндіс тұрғындары өте ауыр джизья жан басы салығынан босатылды.1593 жылы дін сенімдегі еркіндікке байланысты жарлық шығарылды.Алдын зорлап мұсылман дініне өткізілген индустардың барлығына дін еркіндігі берілді.Акбар тұсында да салық жүйесі реттелді.Акбардың жарлығы бойынша бүкіл Үндістанда жерді өлшеудің бірдей түрі енгізілді.Өте үлкен Ұлы Моғолдар империясы акбар тұсында 15 провинцияға бөлінді.Провинцияларды шахтың наместниктері басқарды.Акбар Үндістанның ирригациялық жүйесін кеңейтті.Акбардың барлық саясат мемлекетті орталықтандыруға ,падишах билігін нығайтуға бағытталды.Бірақ ол феодалдық ортаның салт-дәстүрін ,ру-тайпалық қатынастың ,Үндістанның әлеуметтік құрылысын ескермей кете алмады.Сондықтан оның құрған басқару жүйесі өзінен алдыңғы мұсылман билеушілерінен мүлде басқа болды деу қиын.Орталыұ үкімет 3 ведмостваға:әскери,қаржы және сот бөлінді.Акбар тұсында көптеген құрылыстар салынып,астанасы Дели сол кездегі қалалардың ішіндегі ең гүлденген қалалардың біріне айналды.

3.Акбардан кейін таққа 1605-1628 жылдары Джахангир отырды.Ол өте қатал адам болған.Бірақ уақыт өте келе шарап пен нашақорлыққа беріліп кетеді.Ол түнде қанды бұйрықтар бергенін азанда білмей таң қалатын болды.Мемлекеттік істерді оның сүйікті әйелі Нур-Жахан қолына алды.Солтүстік Үндістанда Мевар ражпут княздығын бағындыру монғол әскерлерінің жеңілісімен аяқталды.Деканда Жахангир Ахмеднагар мен соғыс жүргізіп, жеңілістен соң Голконда мен Биджпурден айырылды.Иран шахы I Аббас Кандагарды жаулап алды.Тақ мұрагері Шах-Джахан тақтың өзінен тимей қалуынан қорқып әкесіне қарсы көтеріліске шықты.Шах-Джахан өз провинциясы Гуджараттан әскер жинап шабуылға шығып, бірақ жеңіліс тауып, Деканға қашып кетті.Кездейсоқ әкесі қайтыс болды да Шах –Джахан таққа отырды.

Таққа талас болмау үшін барлық аға-інілерін ,туысқандарын өлтіруге бұйпық берді.Шах-Джахан тұсында (1628-1658 жж) Ұлы Моғолдар империясы күшейіп, Ахмеднагар мен Биджапурды басып алды.галконда салқы төлеп тұрды.Соғыста жеңуіне Декан мен Гуджараттағы ашаршылық ,феодалдық алауыздық себеп болды.

1658 жылы қарт Шах-Джахан ауырады да , оның балаларының арасында 3 жылға созылған талас басталды.Осы соғыста ағаларын өлтіріп, Аурангзеп (1658-1707 жж) жеңіске жетті.Ұлы Моғолдар империясының құлауы басталды.

Аурангзеп өлімінен кейін Ұлы Моғолдар империясы ыдырап, Үндәстанда феодалдық бытыраңқылық орын алды.Мұны Европа отаршылдары пайдалана білді.Үндіс раджаларымен княздарының өзара қырқысуына араласа отырып, олар Үндістандағы иеліктерін кеңейтті.XV-XVI ғасырларда Үндістандағы негізгі отаршылдар Үндістанның оңтүстік-батыс жағалауындағы Малабарда нығайтып алған португалдықтар еді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Филология-тарих” факультеті

“ Тарих” кафедрасы

“Орта ғасырлар тарихы (шығыс)” пәні бойынша тарих

мамандықтарының студенттері үшін