Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 23. Тақырыбы:Кейінгі орта ғасырлардағы Жапония.

1.Жапонияның біріктіру жолындағы күрес.Токугава сегунатының құрылуы.

2.Экономикалық-әлеуметтік даму.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1.XV-XVI ғасырлар жапон тарихында “сәнгоку дзидай” ,яғни “соғысушылар провинциялар кезеңі” деп. аталады.Үзілмес өзара соғыстар бүкіл Жапонияны қамтыды.соғысушы провинциялар кезеңінің бастр соғысы Онин соғысы болды.Өзара соғыстың күшейуі шаруалардың онсызда қиын жағдайын одан әрі әлсіретті.Яғни өңдеп отырған жері қысқарды , жаңа салықтар енгізілді,қосымша алымдар қосылды.Бұның барлығы шаруалар көтерілісінің өсуіне әкелді.Өзара соғыстар нәтижесінде көптеген аудандар аштыққа, эпидемияға ұшырады.Жапонияның барлық әлеуметтік топтары қатаң орталық биліктің қажеттігін сезінді.тіпті шаруалардың өзі біріккен тұрақты би лікті қажет етті.Себебі шаруалар соғыстарға байланысты үздіксіз шаруашылықтың қирауынан, ешқандай заңмен шектелмеген феодалдардың барлық өсіп отырған талаптарынан әбден қажыған еді.Осындай жағдайда өзіне көрші княздіктерді қосып алғысы келетін 3 феодал әскер басылар елді біріктірушілерге айналды.Олар өздерінің иеліктеріне орталық Жапония провинцияларын бірінен-соң бірін қосып Ала бастады.Сондықтан орталықтанған мемлекеттің құрамынга біртіндеп қадам баса бастады.

Бұлар тарихта Жапонияны біріктіруші деген ат пен енген :Ода Нобунага, Тоетоми Хидэси және Токугава Иэясу болды.

Ода Нобунага ұсақ феодалдың отбасынан шыққан ,Овари провинциясынан шықты.Оның әкесі Оданы отбасынан бөлек Ногая замогына отырғызған.1551 жылы әкесінің өлімінен соң ол оқпен атылатын қару көмегімен бөтен жерлерді басып ала бастайды.Ол ел территориясын жартысын бағындырады,шаруалар көтерілісін аяусыз басады.1582 жылы ол қоршауда өзін-өзі өтірді.

Елді біріктіру ісін одан әрі Оданың қызметкері шаруадан шыққан Тоетоми Хидэси жалғастырды.Оның ішкі саясаты ода саясатының жалғасы болды және жаулап алған жерлерде жер өлшемін жүзеге асырып, жерлерді тікелей бақылауға алынатын иеліктер категориясына жатқызды.Ол жерден екі миллион коку күріш Алу керек болатын /бір коку –160 кг / .Тікелей бақылауға алынатын иеліктерге :Осако, Киота, Нара, Оминато және сыртқы саудамен байланысы бар Кюсю ,Нагасаки , Хаката кірді.Оның бастр Назар аударған мәселесі аграрлық реформа болып, ол бойынша шаруаларды жерге бекіту ,феодалдық әлеуметтік құрылымдарды нығайтты.Елде санақ жүргізіп, шаруалар екі топқа бөлінді:бірінші негізгі салық төлейтін шаруалар , екінші жерсіз ,санаққа кірмейтін ,жерге бекітілмеген шаруалар.Өзі шаруалардан шықса да ол шаруалар көтерілісін аяусыз басып отырды.1588 жылы шаруалардан қару-жарақтарды тартып Алу туралы жарлық шығарды.Ол бойынша әскерлер, саудагерлер,шаруалар жеке-жеке бөлінді. XV ғасырда Жапония тұрғындарының саны 16,64 миллион адамға жетті және 3 сословиеге жіктелді:Самурайлар /си/ ,шаруалар/но/ , қалалықтар /симин/ болып бөлінді.Соңғылары көпестен ,қолөнершілерден тұрды. Сыртқы саясатына агрессиялық бағыт ұстанды 1592 жылы Кореяға 137 мыңдық әскермен басып кірді. 1598 жылы жапон әскерлері артқа қайтаруға мәжбүр болды. Кореяның азаттық соғысын талантты адмирал Ли Сунсин басқарды. 1598 жылы Тойотоми қайтыс болды да оның орнына біріктіру ісін Токугава Иэясу жалғастырды. 1603 жылы Токугава Иэясу Сегун титулын қабылдап , Эдо қаласын астана етіп Токугава сегунатының негізін салды.