Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 22. Тақырыбы: XI-XV ғасырлардағы Туркия.

1.I Мұрат ,Баязит сұлтандар.

2. II Мехмед тұсында Осман империясы.Константинопольдың құлауы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1354 жылы Османдық түріктер Балкан түбегін жаулап алуға Крісті .Европада алғаш рет Галлиополь қаласын басып алды.бұл кезде Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді.Орхоннан кейін I Мұрат /1359-1389жж/ сұлтан деп. танылды.Ол Баланда Адриинопольді, Фракияны,Филиппольді ,Марица өзенінің алқабын басып Альп, тез қарқынмен батысқа жылжи берді.Оман түріктердің астанасын I Мұрат сұлтан Адрианопольге ауыстырып, ол қаланы Эдерне деп. атай бастады.1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасады.Шешуші шайқас Косова маңында өтіп, 20 мың серб әскері 30 мыңдық торік әскерінен жеңіліс табады. Милош Облич деген серб жауынгері сұлтанның шатырына кіріп, I Мұратты қапыда өлтіреді.Енді Европаға қауіп төне бастады.Рим папасының көмегімен түріктерге қарсы бірнеше крест жорықтары ұйымдатырылды, бірақ барлығы сәтсіз аяқталды. I Мұраттың баласт Баязид сұлтан /1389-1402жж/ Болгарияны, Македонияны бағындырды.Енді Фессалоникиді Альп,Константинопольдің берілуін талап ете бастады.Европаға қоныстанған түріктер отырықшылыққа көшті. I Баязит 1402 жылы шілдеде Анкара маңында Ақсақ Темірмен шайқаста жеңіліп, Темір осман түріктерін бағындырды.Ә Темірдің кеті сімен-ақ Баязиттің балалары арасында алауыздық болып ,таққа талас басталды.Бұл алауыздықты 1413 жылы Мехмед жеңіп шықты.Ол торік елін байта қалпына келтірге тырысты.

3. XV ғасырдың 20-жылдарында Баязид балаларының арасындағы алауыздық басылып ,Туркия байта күшейген соң барлық назарын Константинопольге аударды.1422 жылы түріктер Константинопольді қоршауға алды.Бірақ елдегі ақсүйектер бүлігіне байланысты қоршауды тоқтатуға мәжбүр болды.Византия Македониямен Фракиядағы бірқатар иеліктерін Туркияға берке мәжбүр болды.1430 жылы түріктер Византияның ең Ірі экономикалық орталығы Фессолониканы басып алды.Вмзантия Рим папасынан көмек сұрады.Бірақ папаның көмегі сәтсіз болды.1452 жылы түріктер Константинопольді басып алу үшін тікелей әзірлікке кірісті.Олар Константинопольге блокада ұйымдастырып,1453 жылы сәуірде құрлықтағы және теңіздегі алкен күшпен Византияның астанасын қоршайды.Астана тұрғындарының түріктерге қарсы ерлікпен күресіне қарамастан Константинополь 1453 жылы 29 мамырда толық жеңілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатты.Византиямен бірге түріктер Орталық Грециядағы және Пелопонестегі басқа аймақтарды да өздеріне қаратты.

1461 жылы Трапезунд империясының астанасы да түріктер билігіне көшті.1463 жылы түріктер Боснияны басып алған соң шығыспен теңіз саудасындағы қожалық түріктер қолына көшті.1468 жылы Албанияны түгелдей бағындырды.1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны генуялықтардан тартып алды, содан соң Донның Азова қосылатын алқабын тартып алды, онда Азов қамалын салады.

XV ғасырды 2-жартысында торік-осман дар Қырымды бағындырады.Бірнеше ұрысардан соң Дунай княздіктері Молдава мен Валахияны бағындырды.