Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 18. Тақырыбы:X-XV ғасырлардағы Иран.

1. Хулагидтер мемлекетінің құрылуы мен гүлденуі.Газанхан реформалары.

2.Иранға Әмір Темір шапқыншылығы.XV ғасырдағы Иран.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Иранға монғолдардың басып кіруі,Хулагидтер мемлекетінің құрылуы мен гүлдену.Газанхан реформалары.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Хорасанды,Ауғанстанды жаулап алды.Моңғолдардың Иранды түгелдей жаулап алуы XIII ғасырдың 50-жылдарына аяқталады.1258 жылы Шыңғысханның немересі Кулагу аббасидтер халифатын бағындырды.шыңғысханның мұрасы бойынша Иранмен Кавказ жерл ері Жошы ұлысына қарауға тиіс болса да, шын мәнінде бұл елдерді ұды ханның наместниктері басқарды.Кулагу өз еркінше бұл жерде бесінші моңғол ұлысын құрды.Бұл хулагидтер мемлекеті деп. аталды (1256-1353 жж)

Жошы мұрагерлері мұнымен келіспеді және барлық уақытта Кавказ елдерін жэаулап алуға ұмтылып отырды. Жошы мұрагерлері мен Хулагидтер арасынан бітіспес соғыстар жүріп отырды. Хулагидтер ильхан титулын ұстанды, яғни тайпа “ тайпа ханы “ легенді білдірді. Хулагидтердің билігіне Иран, Ауғаныстан, Кавказ мемлекеті, Ирак, КішіАзияны шығысы кірді.Ильхан ордасы оңтүстік Азербайджан болып, ильхан көшпелі өмір салты мен өмір сүрды.иран мен Азербайджан шаруаларының аур жағдайы Газан хан (1295-1304жж) үкіметінің ішкі саясатын өзгертуге түрткі болды.Ол мұсылман Діні өкілдерін жергілікті чиновниктермен жақындасып ,исламды мемлекеттік дін мәртебесіне көтеруді мақсат етті.1298 жылы Газан ханның уәзірі Рашид-ад-дин ұсынысы бойынша бірқатар реформалар жүргізілді.Басқарушы саяси билік монгол-түрік әскери-көшпелі тобынан жергілікті отырықшы чиновник тер қолына өтті.аграрлық реформа жүргізіліп, салық жүйесінде өзгерістер жасаоды.

3.Ииранға Әмір темір шапқыншылығы.XV ғасырлардағы Иран.

Орта азияда темір мемлекетінің құрылуы (1370ж) иран тарихында алкен маңызға ие болды.темір әскері Иранды басып алуды 1381 жылы бастап, 1393 жылы аяқталды.1381 жылы Темір әскері серзеварды басып Альп, Сербе дар мемлекетін жойды.1383 жылы Сербедардың Себзевардағы жаңа көтерілісін Әмір Темір әскері Исфахандағы халық көтерілісін бастр.Көтеріліске шыққан шаруалар мен қолөнершілерді баса отырып,темір Ирандағы Ірі феодалдардың қолдауына ие болды.Әсіресе,өз күштеріне халық көтерілісін баса алмаған монгол-түрік көшпелі ақсүйектерден қолдау тапты.Темірдің мұрагері Шахрух сұлтан (1405-1447 жж) Хорасанды өзі басқарды.Орта Азияны өз баласт Ұлықбек билігіне берді.Басқа балалары мен немерелеріне батыс иранды үлеске берді.Шахрух парся және тәжік феодалдарына ,мұсылман Дінине арқа сүйеді.Темір мұрагерлеріне мемлекеттің әскери -әкімшілік бірлестігін сақтаудың өзі қиын болван.Шах үкіметі халық қозғалысынан қорғанды.Газан хан жүргізген саясатты жүргізуге тиіс болды. XV ғасырдың I –жартысында Гранда тағы да халық қозғалысы басталды.1405 жылы сербе дар қозғалысының жаңа кезеңі басталды.

Лекция 19-20.

Тақырыбы: X-XV ғасырлардағы Үндістан.

1.Дели сұлтандығының құрылуы.

2.Дели сұлтандығының гүлденуі .

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

XII ғасырдың аяғына қарай Индия экономикасы өз дамуында елеулі жетістік терге жетті . Ауыл шаруашылығында әр түрлі дақылдар өсірілді . Ганг өзенінің шығысында негізінен күріш егіді . Бенгалия мен Бихардан батысқа қарай күріш орнына бидаи өсіру кең өріс алды . Раджасхандағы негізгі дақылдар қоса бір жерде бұршақ тұқымдастар да егілетін . Шағын учаскелер май алатын зығыр , сезам сияқты өсімдіктерге бөлінетін . Бенгалияда джут пен мақта да өсіріледі . Ылғалды жерлерде қант тростниктері , бояу алынатын өсімдіктер өсірілді Ганг алқабынан ылғалды жерлерінен жылына 2 мәрте өнім жиналып отырды . Ал батыстағы ылғалы жеткіліксіз ,суғару жүиесі жоқ жерлерден өнім 1-ақ рет жиналды Раджастхан ,Пенжаб ,Синд ж/е Белуджистан аудандарында мал. шаруашылығы басым болды . Өзен ,көлдері жоқ жерлерде қауым мүшелері қолдан құдықтар қазып , баиламалар жасады су оңаи

Шығатын әр үйдің н/е 2-3 үйдің жеке меншік құдықтары болды . Су тереңнен қиын шығатын жерде құдықтар аз қазылды , ондай жерделі құдықты бүкіл қауым бірлесе қазып пайдаланды . Ал баиламалар он ы тұрғызған қауымның , н/е федалдың меншігі болды ,

XII ғасырға қарай сотүстік Үндістан бұрыннан келе жатқан қалалар өсіп , кеңейіп қана қойған жоқ , сонымен қатар көптеген жаңа қалалар да пайда болды бұл қалалар бұрынғысынша негізінен Үндістанның федалдық княздерінің астанасы болды . Олардың ішіндегі ірілері өзен- көлдердің жағасындағы қалалар . Ол қалалар қол өнерінің ж/е сауданың орталықтары болды , жергілікті федалға , сондаи –ақ қалаға жақын жердегі федалдарға қызмет көрсетті .

XII ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістан жаулап алушылардың қолында блды.1175 жылы гуридтер әулетінің өкілі Газни Шихаб-ад-дин Мухам мед Гури Газнавилер әулетін құлатып,билікке келген соң Газнавилер әулетінің соңғы билеушісі тығылған Пенжабқа шабуыл жасады.Бұл облысты басып алған соң одан әрі шығысқа жылжи берді.1192 жылы Тараин түбінде Аджимира мен Дели князі Притхни Раджей басқарып келе жатқан үнді князлерінің одақтастар әскерін жеңіп, ол бүкіл Доабо (Джамна мен Ганга) арасында өз билі гін орнатты. 1199-1200 жылдары ол Бихар мен Бенгалияны бағындырды.жаулап алынған жерл ер Гуридтер державасының мемлекеттік жерінің құрамына енгізіліп ,оның жоғарғы егесі Мухам мед Гури болды.Ол бұл жерлерді әскербасшыларға феодалды негізде берді.Оман Кутуб-ад-дин Айбекті басшы етіп қояды.

1206 жылы Мухам мед Гури қайтыс болады.Әскербасылар жаңа билеуші Газнидің билі гін мойындамайды және олар Солтүстік Үндістан территориясында өздерінің жеке газниге тәуелсіз ,астанасының атымен аталатын Дели сұлтандығының негізін қалады.Бұл мемлекеттің басшысы болып алдыңғы наместник Кутуб-ад дин Айбек тағайындалды.

Кутуб-ад дин Айбек сұлтан болған соң Демиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады.Айбек Демиде бірнеше Ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді.Мысалы:Лал Кот, “Кувват ул ислам” бекіністерін салдырды.

Кутуб-ад дин Айбек негізгі әлеуметтік тірегі -әскері болды.мемлекеттік дін -ислам діні болып жарияланды.XII ғасырдың аяғымен XIII ғасырдың басында мұсылмандар саны артты.Айбек мыңдағын храмарды жойып,орнына мұсыман мешіттерін тұрғызды.Мемлекеттік тіл-парсы тілі болды.

1210 жылы Кутуб-ад дин Айбек ат үстінде ойындарында (чауган) аттан құлап қайтыс болды.Торік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210-1236жж) отырғызды.Илтумыш тұсында Дели сұлтандығы Бенгалия билеушілері

алым-салық төлеп тұруға келісім берді.1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағндырды. Шамс-ад-дин Илтумыштың әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жадай жасады.

Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монгол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Шамс-ад-дин Илтумыш өлімінен соң оның жақындары мен әскери гулямдарының арасында өзара күрес басталды.

2.XIIIғасырдың II жартысында монгол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды.Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға Ірі феодалдармен күресуге тура кеді.Сұлтан Алау-ад –Дин Хильджа (1296-1316жж) өзінің кошті жалдамалы әскерінің арқысында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді.Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік Крісті көтеруге ,әскерді нығайтуға ,феодалдарға өзінің абсолют тік билі гін орнатуға бағытталған реформалар басталды.Алау-ад –Диннің негізгі іс-шаралары:

  • Салық жүйесін өзгерту.

  • “базарлық құрылымды енгізді”.

  • әскерді қайта құрды,он күшейтті

  • икталық жүйені байта орнатты.

  • Алғаш рет аттарды таңбалауд енгізді.

  • Елде қатаң репрессиялық режим орнатты.

  • Бай адамдардың бір-бірінің үйіне қонаққа баруға тиым салды.

Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау әскерді күшейтті,солтүстік –шығыс шекарада монғолдарға бірқатар ауыр шабуылдар жасауға және Декана жорық бастауға мүмкіндік берді.Атақты әскербасшы Малик Кафур кішкене облыстармен ,Малабарадан басқа түгел Деканды бағындырды.Алау-ад-Дин –талантты қолбасшы,ақылды ,шешімтал саясаткер болды.оның өлімінен соң оның орнатқан жүйесінің тіпті ізі де қалған жоқ деп. жазды -Барани

Сұлтанның экономикалық жағдайының гүлденуі Мұхаммед Тоғалақ (1316-1320жж) кезінде болды.Ол өз әкесін жасанды түрде өлтіру арқылы билікке кеді.Мұхаммед Тоғалақ тәжірибелі әскербасы еді және өзі II Александр Македонский сияқты әлемді билегісі кеді.Салық жүйесіне өзгерістер жасады, икталық жүйені нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізді.мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыстыруы, Дели сұлтандығының әлсіруіне жол ашты.Мұхаммед Тоғалақтың сәтсіз іс-әрекеттерінің бірі-ақша реформасы болды .елде ашаршылық басталды,халық көтерілісі көбейді.1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды.