Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 16. Тақырыбы:Монғолдар мен монғол шапқыншылықтары.

1.Шыңғыс хан.

2.Ұлыстардың құрылуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

Өздері жаулап алып, билеп-төстеп отырған бағынышты басқа халықтарға мұңғұлдардың сіңісіп, өз тілінен, өз дінінен, ата-баба дәс¬түрі¬нен айырылып, өгейсіп бара жат¬қанын көріп, келер ұрпақ өздерінің шыққан тегінің қайдан екенін, ата-бабаларының кімдер болғанын, не істеп, не қойғанын есіне түсіріп, біліп жүрсін деген мақсатпен Ғазан ханның осы тарихты арнайы жаздырғанын Рашид ад-Диннің өзі “Жыл¬намалар жинағының” кіріспе¬сінде ашып айтады. Демек, осындай айқын мақсатты көздеген, өзін “нұрдан жаратылған” атадан тараған “алтын текті” Шыңғыс ханның тікелей ұрпағымын деп білетін Ғазан ханның өзімшіл менмендікті жеңіп, мұңғұлдардың түріктерден шық¬қанын, өздері жаулап алып отырған түрік тайпаларымен түбі бір туыс екенін мойындап, солай деп жазылған кітапты ықыласпен қабылдауы – оның жұртқа мәлім тарихи шындықтан аса алмағанын, адалдықпен ақиқатқа жол бергенін танытады. Үшіншісі – “Жылнамалар жинағын” шығарушылардың бірінші томның бірінші кітабына берілген анықтама-түсініктемені: “Первого тома “Сборника Летописей” с повестованиями о появлении тюркских народов и об обстоятельствах их разделения на различные племена” (Рашид ад-Дин. 1952. стр.71), деп атап көрсетіп, ашып жазуы. Мұнда да тарихи шындықты мойындау “мен мұндалайды”. Арнайы тапсырмамен моңғол¬дар тарихын жазуға арналған шығарманың беташар кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, бірінші кітап түрік ха¬лық¬¬тарына арналмас еді, оған жоғары¬дағыдай анықтама-түсіндірме берілмес еді. Осы айтылған жайларды екшей келіп, мәселенің байбына жетіп, тереңдей үңілсек, даланың ауызша тарихының хатқа түскен басқа жанама деректерінің де “мұңғұлдардың шықан тегі – түрік” екенін одан әрі айқын¬дай түсетінін көреміз. Бұл ретте “Жылна¬ма¬лар жинағы” жалпы көшкіншілердің атасы деп есептелінетін Абулджа (Йафет) ханның жайлауы Ортақ, Қазтақ, ал қысқы жайы¬лы¬мы Бурсун, Какьян, Қарақорым болғанын және олардың Талас пен Қары-Сайрам қалаларынан қашық емес екені жөнінде нақты дерек берсе (Рашид ад-Дин. 1952. стр. 80-81), даланың ауызша тарихын өзінше жүйелеп, хатқа түсірген Шыңғыс ханның ХVІІ ғасырда өмір сүрген тағы бір тікелей ұрпағы, Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүр дәл осы деректерді одан әрі жетілдіре нақтылап, “Жылнамалар жинағындағы” парсыша бұзылып берілген түріктік жер-су аттарын төл қалпына келтіріп, түрікше қалай аталатынын дәл береді. Мысалы, ол жаңағы Ортақ, Қазтақ деп аталатын таулардың көне түрікше атауы “Ор-тағ”, “Кер-тағ” екенін, олардың қазір “Ұлығ-тағ”, “Кішік-тағ” деп аталатынын ашып жазады (Кононов А.Н. Родословная туркмен. Сочинение Абул-Гази хана хивинского. М.-Л. 1958. стр.40). Сондай-ақ осы еңбектен “Жылнамалар жинағын¬дағы” “Бурсун”, “Қарақорым” деп аталған жерлердің бүгінгі күнге дейін ежелгі атауын өзгертпей, бастапқы күйінде бізге жеткен, қазіргі Қазақстан жеріндегі өзімізге белгілі “Борсық” және “Қарақұм” деп аталатын әйгілі құмдар екенін бірден танимыз. Оның шынында да осы құмдар екенін Әбілғазының келесі: “Когда наступала зима, он зимовал в устье Сыр, в Кара-кумах, и в Бурсуке” (Кононов А.Н. 1952. стр.40) деген дерегі де айғақтап тұр. Әбілғазының бұл арада “он зимовал” деп отырғаны Абулджа-Йафеттің тікелей ұрпағы, ежелгі мұңғұлдың атақты ханы – Қарахан. Жоғарыда айтылған деректерден біз Рашид ад-Дин айтқандай “жалпы көшкін¬ші¬лердің атасы Абулджа (Йафет) хан” бол¬сын, болмаса Әбілғазы айтқандай “мұңғұл¬дың ханы Қарахан” болсын, бәрібір осы әңгімеге арқау болып отырған ежелгі мұң¬ғұлдардың басқа емес, сол көне замандарда қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түрк тектес халықтардың бірі екенін көреміз. Бұл деректердің біз үшін құндылығы да осында. Өйткені бұл өз тарапынан қазіргі зерттеу¬шілерге бұрын қалыптасқан ізденіс бағытының жаңсақтығын көрсететін екі бірдей мәселенің басын ашуға көмектеседі. Оның бірі – қазіргі зерттеуші ғалымдардың моңғол халықтарының шығу тегін тек Орталық Азияны мекендеген тай¬палардың арасынан ғана іздеуінің қателігін көрсетеді. Бұдан мұңғұл¬дардың (протомоң¬ғол¬дардың) Ор¬та¬лық Азияға қазіргі Қазақстан жерінен барғанын, ендігі жерде олардың шығу тегін ерте замандар¬да осы аймақтарды мекен¬деген ежелгі түрік тектес халықтардың арବсынан іздеу қажеттігі келіп шы¬ғады. Екіншісі – осы қателіктің не¬гізінде қытай деректерінде кездесе¬тін “дунху” деп аталатын халықты әлем тарихшы¬лары¬ның “протомоң¬ғол¬дар” деп та¬нып, онысын тарихи шындық ретін¬де ғы¬лы쬬ға енгізуле¬рі¬нің дұрыс еместігі. Бұл ретте, тіпті, басқаны айтпағанда, байырғы Шығыс тарих¬шыларының бәрінің еңбектерінде егіз халық ретінде жұ¬бын жазбай қатар көрсетіліп келген татар мен моң¬ғол халықта¬рын кейін көне қы¬тай шекарасына келген¬дегі тарихын білмегендіктен, еуропалық таным-түсініктегі зерттеушілердің жалпы болжам¬мен оларды бір-біріне жат халыққа айнал¬дыруы, соның салдарынан моңғолдың “дунхуға” телініп, ал татардың сол заманда қытайша қалай аталатынының белгісіз болып қалуының өзі біраз жайды аңғартса керек. Бұл арада көне қытайлық¬тар¬дың татар¬лармен қарым-қатынасы бол¬ма¬ды деуге тағы негіз жоқ. Өйткені, Шығыс тарихшы¬лары мұңғұл хандығы мен татар хандығы¬ның арасындағы қақтығыстың татардың Байду ханының тұсында басталып, Сүйініш ханының тұсында өршігенін, соғысқан сайын татарлардың жеңіліп, ығыса-ығыса ж.ж.с. дейінгі ІV ғасырдың аяғында Қытай шекарасына жеткенін айтады. Н.Бичурин Хондемирдің Оғыз-хан жөніндегі дерегін талдағанда: “Огуз-хан объявив себя ханом, во-первых пошел войною на Татар-хан (дунху), который кочевал близ границы Китая и его победил” (Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. І М-Л, 1950. стр.57), – деген дерек беріп, татарлардың Қытаймен көрші екенін және олардың дунху екенін ашып көрсетсе, Әбілғазы хан: “...татарлардың көп санды рулары Қытайға жақын Бююрнавар (Буир-нор болуы керек.– Қ.С.) жерін мекендеді, қытай билеушілеріне бағынып, олардың қызметінде жүрген, сондай-ақ оларға ауық-ауық қарсы шығып, көтеріліс жасаған кездері де болды. Бірақ қытай билеушілері көтерілісшілерге қарсы қалың қол шығарып, оларды қайта бағындырып, иеліктерін қаңыратып бос қалдырып отырды” (Абул-Гази.1996. стр.34). деп жазады. Олай болса, Қытай шекарасына мұңғұлдардан да бұрын жетіп, қытайдың жеті патшалығы тұсында олармен көрші болған және сиуңнулардан да бұрын сол жеті патшалықтың бірі – Жыу (Чжеу) патшалығымен соғысқан татарларды кім дейміз? Сондықтан тарихи тағдыры бір, сөйлер тілі ортақ екі халықтың ежелгі қытайлықтар берген халықтық атауларын ендігі жерде қазіргідей құбылтпай, шатыстырып біріне бірін телімей, сиуңнуды – “мұңғұл”, дунхуды – “татар” деп атап, бір байламға келгеніміз жөн болмақ.