Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 9. Тақырыбы:III-XI ғасырлардағы Қытай.

1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы.

2.III-VI ғғ Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму .

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

1.II ғасыр аяғы мен III ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі болып, күрес барысында Ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты.Солардың бірі болып ,күрес барысында Ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты.солардың бірі Цао Цао солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік құрып,220 жылы оның баласт Цао пей өзін Вей мемлекетінің билеушісі деп. жариялады.Келесі Лю Бей елдің оңтүстік –батысында Шу мемлекетінің билеушісі деп. жарияланды.Ал үшінші Сунь Цюань Қытайдың оңтүстік-шығысындағы У патшалығының негізін қалады.Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп. аталды.

Вей мемлекеті (220-265 жж) –Солтүстік Қытайдың алкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін ,оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығында ;

Шу мемлекеті (221-263 жж) –Сыйчуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары; Юньнани мен Гуйчжоу алкен бөлігі және Гуансидың батысы

У мемлекеті (222-280 жж)-бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.

Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды.Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.

IV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды.

2. III – VIII ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму,қоғамдық құрылысы.

IV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі.Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті.Бұл Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті.Бұл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді.Суғару құрылымдары қирап ,түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды.ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды.Олар 311 жылы Лоянды,316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлкеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 жж) деп аталды.Ғұндардан кейін Қытайға сяньби,цян, цзе, ди тағы басқа тайпаларышабуыл жасады.Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. IV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхэ бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 жж) мемлекетінің негізін қалады.Тоба әулетінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады.Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. IV -V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2 пайыз қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25 пайызға өсті.