Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тарих

.pdf
Скачиваний:
243
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.08 Mб
Скачать

облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдықбайшыл билеуші тобы мен жергілікті əкімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ə.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ə.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.

Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады жəне осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды,— деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті əзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дəлелдеді.

Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып, жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды. Сол кезде “Қазақ” газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсетуді ұйғарды жəне осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз

еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бұған үн қосты жəне көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды.

Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтады. Ə.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жұмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бəрін көрсетті. Олар шақырылғандардың құқықтарын қорғау жəне олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мұның өзі кеңес заманында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақтұжырымекендігін көрсетеді. Алашкөсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ə.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мəмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Əшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Ə.Жангелдин, Б.Алманов жəне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов жəне басқалар жүргізген тəуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын əртүрлі дəрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстікшығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек жəне басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан əрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі əскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

200

201

3. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан

кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске

буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның

ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге əсері

партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны

 

жойды. Жұртшылық сөз жəне жиналыс бостандығын кеңінен пай-

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тəн дағдарыстың

даланды.

салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының

Уақытша үкіметтің ұлттық мəселе бойынша қабылдаған алғашқы

нəтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының,

актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының

оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік

құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып

құрылысқа жəне отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің же-

тастауыболды.Көктеніздегендеріжердентабылғандайболғанхалық

ңісімен аяқталды.

Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін

1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мем-

білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар

лекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік жəне қоғамдық

жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары

тəртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мəлімдеді. 2 нау-

қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық əкелген

рыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград

Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алла-

Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды.

дан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей та-

Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Де-

рихында бірінші рет діни нанымдық, нəсілдік кемсітушілік жойыл-

кларация да осы күні жарияланды. Онда: “Азаматтар! Мемлекеттік

ды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт

Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен

бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін

əскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі

тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор

режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрлым табысқа жетіп отыр.

қуанышпен қарсы алуының мəні де осында болатын.

Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды

Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы

болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура

қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған

түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның

алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”,— деп князь

оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында

Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл каби-

жəне, екіншіден, оларды өзіміз басқарсақ деген ескі үмітінің нығая

нет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс жəне т.б. істер

түскенінде еді”,— деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке ба-

бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз жəне баспасөз бостандығын

рынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының

жария етуді; 3) ұлттық, діни жəне сословиялық шектеушіліктерді

күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын,

жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын

ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия

жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын

жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов:

Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полиция-

“Сары əскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-

ны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органда-

қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей

рына бағындыруды жəне т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа

патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар

алатынын мəлімдеді.

еді”,— деп жазды.

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы

Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге

зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында:

жетісімен түрлі əлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері

«…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды,

жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары

жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған

арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды.

жұрттың бəріне тегіс жақсылық, бəріне тегіс қуаныш» — деп жар

Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары:

салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын

азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалиция-

202

203

лық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жыл-

Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші Дума мүшелері С.Мақсудов,

дың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару

В.С.Елпатовский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкап-

комитеттері құрыла бастады. Мəселен, 3 наурызда Көкшетауда,

ский жəне генерал-майор А.Дəулетшин енді. Комитеттің төрағасы

4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық

болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сыр-

ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі

дария, Жетісу, Закаспий облыстарында жəне Хиуа мен Бұқара

əлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл —

хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша

халықтың демократиялық басқару дəстүріне құлшына араласқанын

үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды.

аңғартады.

Ə.Бөкейханов Түркістан комитеті құрамына енгенімен, Торғай

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет

облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса

билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады.

алмады. Торғай облыстық комиссары Ə.Бөкейханов өз қызметінде

Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда

жергілікті жердің салт-дəстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтар-

ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз жəне сəуір ай-

ды, əсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орын-

лары ішінде ескі əскери губернаторлық, уездік, болыстық жəне

дарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның ұсынуы бойынша,

ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың

Қостанай уездік комиссары болып бірінші жəне екінші мемлекеттік

орнына Уақытша үкіметтің облыстық жəне уездік комиссарлық

Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комисса-

басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық жəне

ры болып Ғұмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл

ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер жəне олардың атқару

округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді.

орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында

Қазақ облыстарында болыстық комитеттердің құрылуы бары-

бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті жəне

сында да баяғыша болыстыққа таласқандай таласып, ескі əдетке

басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.

салған жағдайлар да кездесіп тұрды. Ол жөнінде “Қазақ” газетінде:

Батыс майдан штабы жанынан земскі жəне қалалық одақтардың

“Көкшетау уезі Айыртау болысы сайлауында зор талас болды.

бұратана бөлімін басқарып жүрген Ə.Бөкейханов 20 наурыз күні

Председательдікке сайланған Ысқақ Баймұрат баласы қонақасына

Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі

көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақша шығарып, үлкен партия

патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір

жасап барып сайланып шықты. Махмұд төре Уəлиханов сайлауды

өкілінің империяның əкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық

бұзуға жол іздеп Көкшетауға келді” — делінген.

деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дəрежесінде қызмет

1917 жылы сəуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінің

жасамағандығы мəлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар

шешіміне сəйкес болыстық, ауылдық-азаматтық комитеттер ұйым-

болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді.

дастыру үшін Ақтөбе уезіне 9 адамнан, Ырғыз уезіне 9 адамнан,

Бұл тұрғыдан Ə. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген

Қостанай уезіне 12 адамнан, Торғай уезіне 6 адамнан тұратын ко-

Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші

миссиялар құрылды. Бұл комиссиялар болыстық комитеттерді

қазақ болатын.

ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіп, сайлаудың дұрыс

1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары бо-

өтуін бақылауға алды. Ақтөбе уезіне С.Досжанов, И.Ермұратов,

лып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары қарайтын

Ж.Кенжебаев, Е.Өтемісов жəне т.б. құралған комиссия келіп 3

Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев

маусымғадейін14болыстаболыстықкомитет,3ауылдықкомитеттің

жіберілді.

құрылуының басы-қасында болды.

1917 жылы сəуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түр-

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғам-

кістан өлкесінде нақты тəртіп орнатып, күнделікті туындап отыра-

дық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне

тын мəселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан

облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен əсер етті. Мысалы, 1917

уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума

жылдың 10 наурызында — Оралда (төрағасы — Əлібеков); 11 нау-

мүшесі Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ə.Бөкейханов, екінші

рызында — Семейде (төрағасы — Р.Мəрсеков); Омбыда (төрағасы

204

205

— Е.Итбаев); наурыздың аяғында — Верныйда (төрағасы — И.Жайнақов) құрылған жəне т.б. облыстың қазақ комитеттері «Қазақ» газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық жəне басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ə.Бөкейханов — Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ə.Кенесарин, Р.Мəрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, əсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2—8 сəуір, 300-ден астам делегат, төрағасы — А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12—13 сəуір, 81 делегат, төрағасы — И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19—22 сəуір, 800-ден астам делегат, төрағасы — Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сəуір — 5 мамыр, 150ге жуық делегат, төрағасы — А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мəселесін, діни, мəдени, қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев жəне басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде «Алаш» қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.

Сонымен қатар, байырғы қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ə.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мəскеуде өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады.

1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандарсъезіболыпөтті.Съездеұлттық-аумақтықфедеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мəселелері қаралды.

Қазақстанда алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. Жұмысшы жəне солдаттарға қарағанда шаруа депутаттарының Кеңесі кейінірек, яғни мамыр жəне маусым айларында құрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін алғашқы кезде эсерлер мен меньшевиктердің ұсақ буржуазиялық партиясы өкілдері басқарды. Бұған большевиктердің əлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму дəрежесінің төмендігі себеп болды. Кейбір мəліметтерге қарағанда, 1917 жылдың наурыз-сəуір айларында Қазақстанда 25тен астам Кеңестер, оның ішінде 8 жұмысшы, 9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кеңестері жұмыс істеген. Өзінің пайда болуынан бастап Қазақстан Кеңестері, əсіресе, жұмысшы жəне шаруа депутаттарының Кеңестері өздерінің құрамы жөнінен көпұлтты болды. Кеңестердің құрамына: орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер жəне басқа халықтардың өкілдері енді. Солдат депутаттары Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар кірді.

Орталық Азияда жəне Қазақстанның оңтүстігінде мұсылман депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы 16—21 сəуірде Ташкентте мұсылман депутаттары Кеңестерінің І өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол Уақытша үкіметті қолдады жəне Ресейді басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға жəне басқа да ұлттық аймақтарға кең көлемде автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Құрылтай съезіне дайындалуға жəне «Шура-и Ислам» мұсылмандар партиясының бағдарламасын тануға шақырды.

Осы жерде айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде мұ- сылмандарқозғалысынегізінде«Шура-иИслам»партиясықұрылған болатын. Ташкенттегі съезде (1917 ж. сəуір) қалыптасқан «Шура-и Ислам» партиясының Шымкентте, Əулиеатада, Перовскіде, Қазалыда жəне басқа қалаларда жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман дінінің православие дінімен тең құқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Меккеге қажылыққа баруға рұқсат ету жəне басқа да діни құқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мұсылмандар кірді.

206

207

Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде əлеуметтікэкономикалық жəне саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар — Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері жəне мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мəселелерді шешуге тырысты.

Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, əсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз əсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын əзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының əлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға əрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.

Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21—28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана жəне Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мəселе күн тəртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мəселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мəселесі; əйелдер мəселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы жəне т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мəселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мəселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тəуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ə.Бөкейханов қазақ ұлттық-аумақтық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті

парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бұл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: «Қазақ облыстары аумақтық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс» деп жазылды. Сондай-ақ, жер мəселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында «Қазақ» газетінің жетекшілері, қазақ ұлттықлибералдық қозғалысының көсемдері Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Х.Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды.

Съезде қаралған барлық мəселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мəнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дəуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде «ұлтшылдықтың», «буржуазияшылдықтың» ешқандай да белгісі болған емес. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тəуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

208

209

11-тақырып

түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған

ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ МЕН АЗАМАТ

большевиктердің

халыққа

бейбітшілік,

жұмысшыларға

зауыт

пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен

СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1917—1920 жж.)

бостандық беру жөніндегі уəдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін

 

орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак əскерлері мен құлаған

1917 ж. Қазан төңкерісі жəне оның Қазақстандағы

Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі

жағдайды одан əрі шиеленістіре түсті.

 

 

қоғамдық-саяси өмірге əсері

Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық

Азамат соғысы жəне социалистік құрылыстың басталуы

көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары жəне Бөкей Орда-

1. 1917 ж. Қазан төңкерісі жəне оның Қазақстандағы

сында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей

жəне Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі

қоғамдық-саяси өмірге əсері

күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес

Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мəселені шеше

өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың жəне жергілікті горни-

зондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск

алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия

(Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж.

алу мəселесін күн тəртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға

30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі

8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мəселелерді

1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нəтижесінде орнады. Ал

шешпеуі халық наразылығын одан əрі күшейтті. 1917 ж. жазының

1917 жылдың қараша айының орта кезінде

Кеңес өкіметі Черняев

соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның

(Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес

Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі

өкіметі Əулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде

большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корни-

жəне облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен ор-

лов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді.

нады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде

казак-

Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде

орыс əскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз

оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге

қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркент-

берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы

те, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сəуірдің бас кезінде

көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын

Лепсіде орнады.

 

 

 

 

орнатуға бағытталды.

1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс ба-

Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз

сталды.Келесікүнікөтерілісшілерқаланыңеңмаңыздыобъектілерін

орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге

басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Əскери-революциялық

өлкенің шаруашылығы мен мəдениетін қайта құру шаралары

комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады.

қатар жүргізілді. Өнеркəсіп орындарында, мəселен Спасск зау-

Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

ытында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-

кəсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемле-

ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тə-

кет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2- Бүкілресейлік съезінде

різді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің

қабылданған Жер

туралы

декрет бойынша алғашқы шаралар

Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес

жүргізіле бастады.

 

 

 

 

өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін

Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық жəне

созылды. Бұл процесс аймақтың əлеуметтік-экономикалық жəне

уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін

мəдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен,

нығайту ісі, ауылдық жəне селолық Кеңестерді құру ісімен бірге

жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе

жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық жəне мəдени жағынан

210

211

артта қалуынан туындаған

қиыншылықтар, əлі де күшті рулық

құрылуы 1918 ж. сəуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында

байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің

өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі

органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты.

Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария жəне Жетісу об-

1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып,

лыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918

билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да

ж. қаңтарда кеңестердің 3 — Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған

болса, ауыл-селоларда əлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес

“Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларация-

өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті бол-

сында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осы-

ды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне

лайша, əуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналы-

қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын

сы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы

басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды.

шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды.

Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық жəне уездік

Қазақстанның қалған жерінде — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облы-

кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, уездік, болыстық

старында жəне Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға

кеңестерде жер, азық-түлік,

шаруашылық, сот, бақылау, қаржы

дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан əрі жалғастырылды.

бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске

Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық

асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау

қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ

т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар

съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту

жұмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру

процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мəнінде кеңестік

барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс əрекеттер орын

мемлекеттікті құру жəне оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті.

алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.

Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен

Əсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алды-

шешілуімен

келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мы-

мен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселелері өткір сипат алып,

нада еді: бірінші — қазақ зиялылары əуел бастан тəуелсіз ұлттық

талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі

автономия құруды жоспарласа, екінші — олар Қазан төңкерісін

принциптері маңызды екі құжатта — 1917 ж. 2 қарашада қабылдан-

қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз

ған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” жəне 1917

орнағанүкіметдепесептеді.Сондықтанда„Алаш”зиялыларыұлттық

ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей жəне

мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,

Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918

М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов

ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің

құрастырған бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінің 1917 ж.

дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары

21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он

Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның

тармақтан тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда

кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік

“Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті жəне 1917

федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декла-

ж. 5—12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық

рацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының

съезде қазақ халқының əртүрлі топтарының өкілдерін біріктірді.

негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде

Төралқа төрағасы

Бақтыгерей

Құлманов жəне орынбасарлары

құрылады” делінген.

 

Əлихан Бөкейханов, Əзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов жəне

РКФСРқұрылғаннанкейінелдіңШығысындажаңаавтономиялық

Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез

республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Бо-

өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін,

льшевиктік ұйымдар, Қазақстан жəне Түркістанның Кеңестері

қазақ автономиясын құру жəне оның үкіметін қалыптастыру

кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайын-

мəселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.

дала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан

Съезде

қазақ

автономиясы

құрамына Бөкей ордасы, Орал,

автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның

Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары жəне Закаспий облысы

212

213

мен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын “аман алып қалу мақсатымен” “Уақытша Халық Кеңесі” түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап жəне бүкіл қазақ халқына “бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп… басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің əмірін екі қылмай орындау керектігі” баса ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның əрбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары белгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталық əкімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзеге асыруға тиіс болды.

Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мəселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел жəне Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мəскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен жəне Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ə.Бөкейханов жəне Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мəртебесі туралы болды. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі “Сарыарқа” газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: “Ресейдегі халықтардың құқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт мəселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қабылданды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін

жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, əлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен”,— деген мазмұнда болды.

Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нəрсе оның жалпы қазаққырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияныңөзараүндесекендігінмойындауыеді.Міне,осыүндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мəлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі “басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару” үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мəселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мəлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарынбілдіріп:“Желтоқсанның 5-нен13-інедейінОрынбордаболған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Əмудария əнделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиіс-тін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һəм Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғынсүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті.

Өкінішке орай, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жау-

214

215

ап бермеді. Себебі, алашордалықтардың автономия құру жөніндегі

мен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық

талаптары Кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. Ұлт

негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік

мəселесін пролетарлық диктатураның құрамдас бөлігі ретінде

негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы

қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың ұсынысы керағар

Кеңес үкіметінің бұл мəселе жөніндегі ұстанымы: “Өзін-өзі билеу

болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28

принципі социализм үшін күрес құралы болу керек жəне социализм

наурызында Мəскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин жəне

мүдделерінебағындырылуытиіс”,—дегенгесайды.Кеңесөкіметінің

мұсылмандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жедел-

мұндай ұстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин

хат келді. Жеделхатта “қырғыз істері бойынша Комиссариат құру

мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді.

үшін тез арада өкілдер жіберу” жөнінде айтылды. Мұның өзі Кеңес

Мəселен, Ақмола Кеңесі Мəскеуден келіссөздер жүргізу нəтижесінде

өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті.

орталықтан мынадай мазмұндағы жеделхат алған, онда: “Кеңес

Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына

билігі большевиктердің қабылданған бағдарламасына сəйкес пат-

Мəскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел жəне Жаһанша

ша өкіметі кезінде қаналған барлық халықтарға автономия береді.

Досмұхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің

Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия құруға дайында-

тұтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы

ла берсін”,— делінген.

облыстық кеңестерге əмір бергендігі жəне Алашорда өкіметінің

Əйтсе де іс жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де,

қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уəде еткендігі айтыл-

талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов

ды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан

1918 жылдың 1 сəуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт

қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін

істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының

сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. “Сырда-

ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада

рия” газетінде жарияланған осындай мəліметтер шындыққа жана-

ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мұндай

сады. Оған дəлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің Ұлт істері

талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың Кеңес

жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура теле-

үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы

граф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929

нəтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш партиясына ұлттық бур-

жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын

жуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын,

келтіруге болады. Онда былай делінген: “Келіссөздерде мен Совет

пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады.

өкіметінің декларациясының идеяларына сəйкес қазақ халқының

Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөз-

өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім.

дердің нəтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде құрылған, жетекшісі

Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан тұратын

Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік

талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған

партиясы” деп атаған “Үш жүз” партиясы да ықпал жасады. Бұл

қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы

негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның

ұлттық автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған

саяси көзқарасы мен практикалық іс-əрекеті 1917 жылдың күзінен

қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмұны Алашор-

1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Əуелгі кезде

да Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Құрылтай

«үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу

съезін шақыруға əрекеттер жасалады дегенге сайды… Біз Сталинге

бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап Кеңес үкіметін

телеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мəлімдеп,

жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып

сол кезде Москвада жүрген Досмұхамедовтерге Орталық үкімет

кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктер-

алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық… Осылай-

мен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.

ша Халел жəне Жаһанша Досмұхамедовтердің Мəскеуге Кеңес

 

үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталин-

 

216

217

2. Азамат соғысы жəне социалистік құрылыстың басталуы

1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ

 

гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің

Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол

белсенділік көрсетуіне орай ең басты пəрменді күш — Сібір мен

себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дəл

Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік

шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді əрекеттеріне

шығаруына байланысты əскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл кор-

қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пай-

пус революцияға дейін Австро-венгрияның тұтқын солдаттарынан

да болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың

— чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың

басшылығымен ақ гвардия əскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін

бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп,

шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак əскерлері

Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды.

кеңесінің “əскери үкіметі” жəне революцияға қарсы ошақ Оралда да

Мамыр айының аяғында В.В. Куйбышев В.И.Лениннен

құрылды. Құрылған облыстық əскери үкімет көп ұзамай жергілікті

Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы көмек

кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда жəне Орал

сұрады, олай болмаған күнде Торғай мекенінің 12 мың тұрғыны

қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш “əскери

аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа

үкімет” Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші

əскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның бөлімдері құрылды,

болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село ша-

кейін бұл бөлім Ақтөбе майданының құрамына енгізілді. Ақ

руаларына сүйенді жəне меньшевиктер мен “Алаш” партиясының

гвардиялықтар негізінен Орынбор жəне Илецкі аудандарында

жетекшілерінен қолдау тапты.

Дутовтың басшылығымен əрекет етіп, олар Ташкент пен Самара-

Жоғарыда атап көрсеткендей 1918 жылдың көктемінде кеңестік

ны Орталықтан бөліп тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған

билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Ала-

əскер Орынборды екінші рет басып алды да, Түркістанды орталық

шорда, енді большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге

Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуық)

ұйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Құрыл-

Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер жəне Н. Ка-

тай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына

ширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шығыс майданның негізін

сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, аза-

құрды. Басқа бөлімдер Ақтөбе жəне Орск қалаларына шегініп, 1918

мат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен

жылы шілде айында Г.В. Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға

одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамы-

бірікті. Қызыл Армия күштері қанды қақтығыстар жүргізіп Орскіні

зында Ə.Бөкейханов, Ə.Ермеков пен əскери бөлім меңгерушісі ка-

ұстап тұрды.

 

питан Қ.Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша

1918 ж. күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшындардың

үкіметтері əскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш

келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты.

орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта

Азия-

Алашорда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша

ны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта ба-

Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен

сып алу ұсынылды. “Орынбор тетігі” яғни стратегиялық

негізгі

пулемет алды жəне таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын

темір жол қиылысы большевиктер өкіметін кəдімгідей ойландыр-

ұйымдастыруға уəде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы,

ды, сондықтан В.И.Лениннің нұсқауымен 1918 ж. Ə.Жангелдин

20000 патрон, əскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі

басқарған 600 адамнан тұратын Балтық матростарының отряды

атты полк: біріншісі — Қостанайда, екіншісі — Ырғызда құрыла ба-

қосылған əскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген

стады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында құрамында 38 офицері

қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданы-

мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты əскер полкі ұйымдас-

на қару-жарақ пен оқ-дəрі жеткізді. Мəскеуден Ақтөбе майданына

тырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген

ақша қаражаты мен оқ-дəрі, қару-жарақ тасымалдау үшін құрылған

Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға

əскери экспедиция құрамына Австро-Венгрия мен Германияның

қатысты.

бұрынғы тұтқындарынан құралған 150 шетел интернационалдары

218

219