Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-1 / Документ / Образец / Қорытынды

.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
12.54 Кб
Скачать

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жобада «диаметрі 105-216 мм болатын автоматты бұрғылау кілтінің конструкциясын игеру» толығымен оң шешімін тапты. Оның құбырлар тізбегін бұрау-ажыратуда қолданылатын басқа кілттермен салыстырғандағы ерекшеліктері, артықшылықтары мен тиімділігі талданды. Сонымен қатар автоматтандырылған бұрғы кілті және оның құрамдас бөліктері, олардың қысқаша сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі қарастырылды.

Автоматты бұрғы кілтінің айналдыру моментінің шамасы туралы дұрыс ақпараттың болмауынан және оны нақты ретке келтіру мүмкін емес болғандықтан, құбырлар тізбегін бұрау-ажырату бойынша жұмыстарды нақты әрі сапалы түрде орындалуы қамтамасыз етілмейді.

Патентті-ақпараттық шолу мақсаты ұңғыма құбырларының бұрандалық қосылыстарын сапалы бұрап бекіту және бұрап ажыратуды қамтамасыз ететін, сонымен қатар, айналдыру моментінің дәл көрсетуге мүмкіндік беретін кілтің жолдары қарастырылды. шолу барысында бұрғы кілттерін дайындаудың 2 нұсқасы қарастырылған, модернизацияға жататын түйіндерге ерекше назар аударылды.

Есептеулер берілген модернизацияның тұрақты, шаршаңқы мықтылық, қор және ұзақтылығының жеткілікті екендігін көрсетеді.

Жабдықтарды пайдалану кезіндегі еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары қарастырылды.