Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
44
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
102.53 Кб
Скачать

5. Экономикалық бөлім

5.1 Жобалаудың экономикалық тиімділігінің жоспары

Экономикалық баға беру кезінде өндірістік кез-келген объект немесе үрдіс ең бірінші мына көрсеткіштерді анықтау керек: қабылданатын өнімнің өзіндік құнының бірлігі, капиталды шығындар, еңбек өнімділігі және капиталды шығындарды толықтыру мерзімі. Осы көрсеткіштердің ішінде маңызды рөл ойнайтын көрсеткішке өнімнің өзіндік құн бірлігін жатқызамыз, себебі бұл көрсеткіште капиталды шығындардың, еңбек өнімділігінің барлық қасиеттері бейнеленген. Сондықтан өнімнің өзіндік құн бірлігін анықтамағанша, келесі үш көрсеткішті қолдана алмаймыз.

Осы тенденцияны және экономиканың нақты ережелерін ескере отырып,капиталды салыстырмалы және пайдалану шығындарына ерекше мән береміз. Жабдыққа сәйкес келетін барлық пайдалану шығындары өнімнің өзіндік құнын құрайды. Әдетте, жабдықты және бұрғылау әдісін таңдауда экономикалық салыстыруды тек өтімділікке, техникалық сипаттамаларының параметрлеріне қарап таңдайды. Жаңа техниканы енгізуде ғылыми техникалық прогресс (Ғ.Т.П.) деп, ғылыми және техниканың дамуын, прогрессивті технологияны енгізуді, өндірісті рационалды ұйымдастыруды айтамыз.

Ғылыми техникалық прогресс мықты кәсіпорында жаңа машиналар және жүйелермен реттейтін, басқаратын құралдармен принципиалды жаңа техника және өнім түрлерін құрудың, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға жоспарлы жұмыстарды өңдеудің негіздерін қарастырады. Қондырғының техника-өнімділік сипаттамаларын жақсарту мен жаңарту (модернизациялау), оның қуаты, өнімділігі, ұзақ мерзімділігі және тағы басқа параметрлері техникалық прогресстің бір маңызды жағы болып табылады. Жобалану бағытындағы дипломдық жобаларда келесі техникалық және экономикалық бағыттар қарастырылуы қажет:

1. Жоба тақырыбының техникалық және экономикалық негізі;

2. Қажетті бұйым түрін таңдау;

3. Сұлбалық және құрылымдық шешімдердің техникалық және экономикалық анализі;

4. Жобаланатын қондырғының өзіндік құнын анықтау;

5. Амортизациялық шығындарды есептеу;

6. Жобаланған қондырғының экономикалық тиімділігі туралы жалпы нәтиже алу.

Қазіргі уақытта мұнай-газ бұрғылау өнеркәсібінде соңғы ұңғыма бұрғылау процессінің тиімділігін сипаттайтын жабдықтың параметрлерінің көрсеткіштері прогрессивті технологиясы өңделуде. Өндірісте жаңа техника және технологияны енгізу, келесі экономикалық нәтижелер орын алса ақталады:

- бірлік ұңғыма бұрғылауға кететін шығындарды азайту;

- бұйымның сапасын көтеру;

- еңбек өнімділігін арттыру.

Техниканы жетілдіруге жұмсалған қосымша капитал салымдар, бұрғылауға кеткен шығындар экономикасымен қайтаруы керек.

Электробұрғымен бұрғылау артықшылықтары:

1) Қатты абразивті емес тау жыныстарын бұрғылауға тиімді;

2) Электробұрғының қуаттылығы бұрғылау ерітіндісінің мөлшеріне және қасиеттеріне және электробұрғыны түсіру тереңдігінен тәуелсіз;

3) Көлденең бағытталған ұңғымаларды бұрғылағанда;

4) Алмас қашаумен бұрғылау кезінде тиімді.

Электробұрғылардың кемшілігі:

1) Жоғары білімді персоналды талап етуі;

2) Сальниктердің тозуы орамының изоляциясының бұзылуы кабельдің жиі үзілуі себебінен ремонт аралық жұмыс мезгілінің азаюы;

3) Жоғарғы вольтті ток желісі торабының болуына байланысты қолданылуы [6].

Ғылыми техникалық прогресс мықты кәсіпорында жаңа машиналар және жүйелермен реттейтін, басқаратын құралдармен принципиалды жаңа техника және өнім түрлерін құрудың, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға жоспарлы жұмыстарды өңдеудің негіздерін қарастырады. 5.1-кестеде тередігі 3500 метр ұңғыманы бұрғылаудың жоспарлы ұзақтығы көрсетілген.

Соседние файлы в папке Экономика