Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / Диплом / 3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау.docx
Скачиваний:
164
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
44.58 Кб
Скачать

3 Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздігі

3.1 Еңбек қорғау

1. «Қауіпсіздік және еңбект қорғау заңы» 28.02.2004 жылдан №528 ПҚРЗ.

1.1 «Қауіпті өңдірістік обьектілердегі өңдірістік қауіпсіздік туралы заң» 03.04.2002 жылдан №314-11 ҚРЗ;1.2 «Өрт қауіпсіздігі туралы заң» 22.11.1996 жыл.

2. Қ.Р еңбек кодексі 22.05.2007 жылдан №132-135(24710)

Дипломдық жобаның нақты бөлімі «ҚР-ның еңбек кодексінің» дәйектемесімен 15.05.07. № 252 ҚР ІІІ заңы бойынша жазылған, 22.11.96 бастап «Өрт қауіпсіздігі туралы заңы», № 314 – ҚР ІІІ заңы бойынша 03.04.02 бастап «Қауіпті өндіріс обьектілеріндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңы». Сонымен қатар «Газ және мұнай өңдейтін кенорындарындағы жалпы қауіпсіз ережелерге» сәйкес 25.11.71. бастап «ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы» 488 – 1. 22.01.93. бастап «ҚР-дағы еңбек туралы заңында» 493 – 1. 10.12.99. бастап «Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы заңында» көрсетілген, Алматы, 2004.

Еңбекті қорғау туралы заңдар – Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау Заңы және басқа да Заңдар мен еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы, орта жөніндегі нормативтік актілерден тұрады.

Еңбекті қорғау заңының 2-ші бабы бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.

Кәсіпорындардағы әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау Заңы бойынша жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау туралы баптар көрсетілген:

- өндірісте жұмыс жасайтын тұлғалардың еңбегін қорғау, еңбек жағдайындағы жалақыларын төлеу және жұмыстан шығару;

- әрбір тұлға талаптарға сай еңбек жағдайына құқығы бар;

- әрбір жұмысшы демалуға құқығы бар;

- Қазақстан Республикасының әрбір тұлғасы мемлекеттік құқық қорғау жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар.

3.2 Өндірісте еңбек қорғау негіздері

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әр қызметкердің қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары болуына құқығы бар. Конституцияның бұл талабы жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіздендіру мәселелеріне кәсіпорындарының әкімшілігі мен қызмет басшыларының жауапкершілігін арттырады.

Еңбек қорғау мәселелерінің мақсаты-өндірістік жағдайларда жұмыскерлердің организіміне жағымсыз әсерін тигізетін зиянды факторларды толығымен жою. Өндірісте зиянсыз және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін жүргізілетін нақтылы шаралар жасау арнайы ережелер мен нормалармен белгіленеді. Кәсіпорындардыа өндірістік травматизімді азайту үшін жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдері жөнінде дер кезінде және сапалы нұсқау беріліп отыру керек.

Барлық кәсіпорындарда олардың қауіп-қатерлік өзгешелігі мен дәрежесіне және жұмысшылардың мамандық дәрежесімен еңбек стажына қарамай еңбек қорғау жөнінде нұсқау міндетті түрде жүргізілу керек.

Еңбек қорғау проблемасында кеңінен жүргізілетін насиғат өндірісте еңбек жағдайларын жақсарту және травмотизім мен кәсіби ауруларды азайту үшін қолданылатын шаралардың бірі болып есептеледі.

Өндірістік қауіптіліктер – кәсіпорындарда түрлі жағдайлардың әсерінен кенеттен адамның организіміне зақым келіп, лезде денсаулықты төмендетуі мүмкін. Мәселен, машиналар мен механизімдердің ашық қозғалмалы бөлшектері, құрал-жабдықтардың өткір жиектері, ыстық заттар мен от-жалындар, корпусінде тоқ пайда болған электр қондырғылары, ауада көп мөлшерде улағыш заттардың болуы.

Адам организімнің зақымдану мүмкіндігін туғызатын әртүрлі жағдайлардың тоғысуын қауыпті оқиға деп санайды. Ал егер бұл жағдайлар адам организміне зақым келтірсе, мұндай оқиғаны сәтсіз оқиға деп атайды.

Өндіріс жағдайларында кейбір факторлар адамның денсаулығына әрдайым үздіксіз, ұзақ уақыт бойы зиянды әсерін тигізіп тұрады, ал оның зардабы біраз уақыттан кейін ғана білінеді. Сонымен, адам организіміне әрқашан және көп уақыт бойы зиянды әсерін тигізетін еңбек процестерінің және санитарлық ортаның жағдайсыз факторларын өндірістік зияндылықтар деп атайды.

Еңбек ету кезінде адам еңбек құралдарымен, басқа адамдармен, құрылғылармен қатынаста болады.

Кен байыту фабрикасындағы адам өміріне жағымсыз қайғылы жағдайлар туғызатын негізгі факторлар:

- кенді ұсататын ірілі орташа және майда ұсақтаушы конусты, ұрмалы және барабанды ұсақтағыштың кезіндегі салғырттықтың салдарынан;

- шөгінді машиналардың және бункерлердің ішін тазалау кезіндегі машинаның толық токтан ажыратылмағанына көз жеткізбегендіктен;

- өндірісте көптеген технологиялық операциялар жүргізілу барысында шаң шығу процесімен байланысты болады, мысалы, материалды ұсату, іріктеу, тасымалдау, аудару, өңдеу тағы басқа әрекеттер. Ол адмның тыныс жолдарына, өкпеге, денеге, көзге, ас қорту органдарына зиянды әсерін тигізіп, соңы жұқпалы ауруға ұласатын жағымсыз жағдайларға;

- шу мен діріл зияндылық болып есептеледі; организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болса, денеде әртүрлі аурулар туғызауы мүмкін. Шу адамның еңбекке қабілеттілігін азайтады, тез шаршау пайда болады. Қатты шудан бас ауру, қорқыныш сезім, ұйқы қашу, ашушаңдық, тұрақсыз эмоциялық күй, тағы да басқа жағымсыз жағдайлар туғызады.

- өндірісте электрлік тоқтан болатын қайғылы оқиғалар, уақытша жұмыс қабілеттігін жоғалту орташалап алғанда 1% құрайды, ал қайғылы апаттар 40% олардың жалпы сандарынан алғанда 80% қайғылы оқиғалар электр тогының қуаты 127 және 220В шамасында болғанда.

- тоқ күшінің ұлғаюы, ең қауіпті әрекет.

Одан басқа да адамға өндірістік жағдайдың әртүрлі параметрлері әсер етеді. Мұның бәрі жиынтығында адам еңбегінің белгілі бір жағдайларын сипаттайды. Еңбек ету жағдайынан үлкен дәрежеде адамның денсаулығы мен еңбек ету қабілеттілігі тәуелді. Жаман жағдайларда тез еңбек өнімділігі төмендейді және жарақаттар мен кәсіптік ауруларға есік ашылады.

Өндірістік зияндылықтар әртүрлі ауруларда туғызады, олар кәсіби аурулар болып саналады. Сонымен, кәсіби аурулар деп адам организмде өндірістік зияндылықтардың әсерінен пайда болып, әрі қарай өрістеуге шалдыққан ауру процессі.

Мұндай зияндылықтарға жататындар: жұмыс орындарында жағымсыз метреологиялық жағдайлар: ауаның көп шаңдығы мен газдығы, шуыл, вибрация, ультра дыбыс, радиоактивтік тағы да басқа зиянды сәулелер; жұмыс орындарының қолайсыз жарықтылығы; жұмыс кезіндегі адам денесіне қауіп төндіретін заттар; өндіріс бөлмелері мен жұмыс орындарының ластығы, тағы басқалар.

Өндіріс шаңы кәсіби зияндылық болып есептеледі. Ол адмның тыныс жолдарына, өкпеге, денеге, көзге, ас қорту органдарына зиянды әсерін тигізеді.

Шу мен діріл зияндылық болып есептеледі; организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болса, денеде әртүрлі аурулар туғызауы мүмкін. Шу адамның еңбекке қабілеттілігін азайтады, тез шаршау пайда болады. Қатты шу бас ауру, қорқыныш сезім, ұйқы қашу, ашушаңдық, тұрақсыз эмоциялық күй тағы да басқа жағымсыз жағдайлар туғызады.

Шу адамның серіктігін, психикалық реакциясын, зерделігін айтады, жұмыс кезінде қателіктерді көбейтеді, бұның бәрі сәтсіз оқиғаларды көбейтуі мүмкін.

Қатты шудың салдарынан құлақтың есту қабілеті кемиді, біртіндеп саңыраулық пайда болады, кейде адам тіпті керең болуы мүмкін. Шудың әсерінен адам организмінде бірнеше функционалдық өзгерістер пайда болады: нерв жүйесінде, жүрек-тамыр жүйесінде, тыныс алу және ас қорту органдарда, заттар алмасу процестерінде.

Шулы жұмыстарды істейтін адамдардың арасында гастрит аурулары да кездеседі.

Дірілдердің салдарынан қажығандық, бас айналып ауруы, нерв қозуы, журек-тамыр жүйесінде өзгерістер, қан тамырларынан қысылуы буындардың ауыруы, қол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдалуы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орнынан қозғалуы тағы да басқа поталогиялық өзгерістер туады. Бұл ауруларды «тербеліс» аурулары деп атайды.

Соседние файлы в папке Диплом