Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ДИПЛОМ / черн / сакш

.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
130.98 Кб
Скачать

10 Өндірістің техникалы-экономикалық негізделуі

Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде бағдарламаны нарыққа енгізгенде оның экономикалық көрсеткіштері айқындалған [3].

Жалпы жағдай

Электроника аймағында соңғы жылдардағы жеткен жетістіктері, электрлік өлшеуіш құралдары микроэлектроникада кең көлемде таралған.

Электроника аймағында соңғы жылдардағы жеткен жетістіктері, электрлік өлшеуіш құралдары микроэлектроникада кең көлемде шартталған.

Интегралды микросхемамен транзистордың алмасуы аспаптарды қайта өңдеудің іздеуге және ішкі жаңа әдістермен стимурленген, өткен жылы болған көптеген қиыншылықтардағы реализация, аспаптардың сенімділігі төмен және бағасы жоғары. Бұл жағдай дискретті логикалық элементте орындалатын түйіндер бөлігін басатын сандық жиілікті өлшеуіш үшін ерекше мәнге ие.

Жас мемлекетіміз дамушы ел болса да, басқа елдерден ақпараттық технологиялар саласы жағынан қалыспауға тырысады. Елімізде жас мамандар дайындалуда, шетелдердің жаңа технологияларын игерудеміз. Ақпараттық технологиялардың дамуы еліміздің экономикасын алға тартуда, одан әрі көркеюіне ықпал етуде.

Ұсынылған қызметтердің бірігейлігі мынады: сатыр алушы электронды санауыштың жанына өзінің жеке картасы бар аппарат қойылуда. Карточкалы аппаратураны орнатуға шығындалмайды. Егер әрбір пәтерде электрлі санауышы болса онда оған электромеханик тегін карточкалы аппарат орнатылады.Егер электр энергиясына төлем жүргізгіңіз келсе жеке карточкаңызды карточкалы аппаратқа енгізіп, қанша энергия қолданғаныңызды тіркеп, арнайы электр энергияға төлем жүргізетін орындарға барасыз.Онда карточкаңызды беріп ыңғайлы түрде төлем жүргізе аласыз.

Берілген аспаптың айырықша ерекшелігі – автоматты түрде мәліметті жинау,электр энергиясы жайындағы есеп оңайлатылған түрде болуы, бақылау адамның қатысуынсыз жүреді және электэнергиясының локализация шығынын табу мүмкіндігі.

Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде бағдарламаны нарыққа енгізгенде оның экономикалық көрсеткіштері айқындалған. Есеп жүрісі бойынша олар мынадай топтарға бөліп қарастырылған:

  1. Жобалауға кететін шығындар;

  2. Барлық шығындар;

  3. Кірістер;

  4. Пайда;

  5. Таза пайда:

  6. Тиімділік;

  7. Шығынды өтеу мерзімі;

  8. Техника-экономикалық көрсеткіштер.

Жобалауға кететін шығындарды келесідей жіктеуге болады:

  • әдебиеттік зерттеуді өткізу;

  • патенттік зерттеуді өткізу;

  • командировкаға бару;

  • жазғы демалыс үшін жалақы;

  • ауырғандарға төлемдер;

  • әлеуметтік салық;

  • жобалау және жүйені жасау тобына арендаға үй алу үшін төлем;

  • жабдықтарды алу;

  • электроэнергия үшін төлем;

  • кірістердің тура кірістер деген түрі есептелінді.

Экономикалық есептеулер жүрісінің қорытындысы бойынша дипломдық жұмыста ұсынылатын зерттеу жұымыстары экономикалық жағынан өзін толығымен ақтай алатыны шықты.

Экономикалық есептеулер

Дипломдық жұмыста қарастырылған аспапты толығымен зерттеу үшін уақыт қажет. Экономикалық есептеулер бөлімінде біз аспапты зерттеуге қанша уақыт кетеді және оған кеткен шығындар қандай мерзімде өтелетінін есептейміз. Сонымен қатар бұл зерттеулерді жүргізу тиімділігін қарастырамыз. Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде аспапты жұмысын зерттеу жұмыстары жүргізілгендегі оның экономикалық көрсеткіштері айқындап көрсетеміз.

Жобалауға кететін шығындар

Әдебиеттік зерттеуді өткізу

Зерттеу барысында мамандар тобы техникалық құжаттармен, нарықтың экономикалық жағдайымен танысып, талдау жүргізеді. Мұнда аспапты сатып алу және қызмет көрсету жұмыстарына жоспар алдын-ала жасалынып, дайындық жүргізіледі. Аспаптың жұмысын зерттеу үшін көп маман қажет емес. Оны ұйымдастыру үшін бізге негізгі үш маман жеткілікті болады. Олар:

- Инженер – зерттеу барысында аспаптардың дұрыс жұмыс істейтіндігін қадағалайтын маман;

- Оператор – өлшеу жүргізген кезде өлшеу мәндерін тіркеп, жазып және есептеп отыратын маман;

- Электр механик – барлық жөндеу, орнату, іске қосу жұмысын жүргізетін маман.

Аспапты зерттеуді ұйымдастырудың әдебиеттік зерттеулерін өткізуге кеткен уақыт пен маманның жалақысын ескере отырып маманның осы әдебиеттік зерттеуге кеткен жалпы жалақысын есептеп алып, келесі кесте 11.1-ге енгізіп аламыз. Маманның жалақыларын қазіргі уақыттағы жалақыларымен теңестіріп аламыз.

Инженердің айлық еңбек ақысы – 80 000 тг, оператордың – 60 000 тг, электромеханик – 40 000 тг. Адам/күн құнын анықтау үшін айлық еңбекақы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді – 24 күн.

10.1 – кесте

Әдебиеттік зерттеуді өткізу

Маман

Жалақы, мың тг

Күндік

Жалақы,мың тг

Зерттеуге кеткен уақыт, ай

Барлық жалақы,

мың тг

Инженер

80

3,3

1

80

Оператор

60

2,5

1

60

Электромеханик

40

1,7

1

40

Қорытынды А

180

Патенттік зерттеуді өткізу

Жұмыстың келесі кезеңі – патенттік зерттеу жұмыстары. Кесте 11.2-де зерттеуге қатысатын адамдар саны және олардың жалақысы, зерттеуге кеткен уақыт, жалпы жалақысы келтірілген.

10.2 – кесте

Патенттік зерттеуді өткізу

Маман

Жалақы, мың тг

Зерттеуге кеткен уақыт, ай

Барлық жалақы,

мың тг

Инженер

80

1

80

Қорытынды Б

80

Іссапарға бару

Жоба өзін экономикалық тұрғыдан өтеу үшін жаңа технологиялар мен идеялар пайдалануы керек, зерттеулер заманға сай болуы қажет. Аспапты зерттеу кезінде инженер ақырғы технологияларды ендіреді. Оператор тәжірибеден және оқудан алған білімдерін ортаға қосады. Бұл екі маман командировкаға жарты айға оқуға барды.

Мұнда мынандай мәселелер шешілді: қажетті жалақы, командировкаға қанша адам барады, олардың мамандығы, айлық жалақысы, кеткен уақыт, жол ақысы бекітіледі. Бұл шығындар кесте 11.3-де келтірілген.

10.3 – кесте

Іссапарға баруға шығын

Маман

Жалақы, мың тг

Зерттеуге кеткен

уақыт, ай

Барлық жалақы,

мың тг

Инженер

80

0,5

40

Оператор

60

0,5

30

Қорытынды В

70

Жазғы демалыс үшін жалақы

Әр бір жұмыскер 12 ай жұмыс істегеннен кейін бір айға демалысқа шығуға қақысы бар. Заң бойынша демалыс 18 күн (күнтізбе бойынша), сондай ақ заң бойынша инженерлерге 10 күн қосылады, дәрігерлерге 12 күн қосылады және т.с.с. Екінші рет демалыс 11 айдан кейін беріледі. Барлық қызметкерлерге жалақы төленеді. Ол төмендегідей есептелінеді:

(10.1)

мұндағы А, Б, В – 11.1, 11.2, 11.3 кестелерінің қорытынды сомалары

мың теңге.

Сонымен біздің есептеуіміз бойынша жазғы демалыс үшін 27,5 мың теңге бөлінеді.

Ауырғандарға төлемдер

Ауырғандарға төлемдерді барлық кестелердің қорытынды сомаларының және жазғы демалыс жалақысының қосындыларынан 1,5% алынады.

. (10.2)

мың теңге

Яғни, мамандардың ауырғандары үшін 5,4 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік салық

Бұл салықтарды жұмыс орны төлейді. Әлеуметтік салық қазіргі зейнеткерлер мен мүгедектер үшін жиналады. Міндетті әлеуметтік салық жұмысшының жеке шотына салынады. Оны жұмыс күндері жоғалғанда төленеді және жұмыссыздық жағдайда.

А÷Д сомасынан жеке зейнеткерлер қорына 10% шегеріледі, қалған сомадан 21% әлеуметтік салық есептелінеді. Яғни

(10.3)

мың теңге.

Демек, әлеуметтік салық 76,2 мың теңге болады.

Жобалау және жүйені жасау тобына жалға үй алу үшін төлем

Әрбір маманға 5 м2 таза жұмыс ауданы керек. Коридорды, туалетті, қоймаларды санасақ бір маманға шамамен 8м2 аудан керек. Сондықтан әр маманға 8 м2 жұмыс ауданын жалға аламыз. Сол себепті біз мамандарымызға байланысты ауданы 24 м2 бір бөлмені жалға аламыз. Үй толығымен жабдықталған. Үйді жабдықтармен жалға алу бағалары жайлы ақпаратты қажетті баспасөз құралдарынан алып, оның орташа мәнін 1 м2 2 мың теңге деп аламыз. Сонда айына 48 мың теңге төленеді.

48 мың теңге × 12 ай = 576 мың теңге

Жабдықтарды сатып алу

Жұмысты тез және жылдам жүргізу үшін, керек деген жабдықтарды алу керек. Олар: компьютер, принтер, факс, ұялы телефон, модем және тағы басқа да техникалық заттар болуы мүмкін. Біздің заманымызда бұндай құралдарды табу қиынға түспеді, себебі қазір көптеген фирмалар мен компаниялар техникалық заттарды сату мен жалға берумен айналысады. Мысал, бұндай жабдықтарды L-gyC-m, Alsi, Pulser, Alser, Imanali ,Сайман т.б. арнайы фирмалар мен компаниялардан алуға болады. Жабдықтардың саны мен оған төленетін айлық төлем кесте 11.4 -де көрсетілген.

10.4 – кесте -Жабдықтарды сатып алу

Жабдық

Өлшем бірлігі

Баға мың тг.

Саны

Барлық баға, мың тг.

Компьютер

дана

60

1

60

Принтер

дана

15

1

15

Санауыш

дана

25

1

25

Кабель

м

3

10

30

Модем

дана

5

1

5

Қорытынды:

135

Материалдар

Техникалық заттармен қоса кеңсе тауарлар да жұмыста қажет болады. Кеңсе тауарларды сатумен көп деген отандық және шетелдік фирмалар айналысады.

Соның ішінде біздің елімізде ең үлкені және аты шыққан өзіміздің отандық ABDI компаниясы.

Сол компаниядан кеңсе таyaрларды алған дұрыс деп санаймын. Себебі, мұнда заттар арзан және сапасы жағынан әлде қайда жоғары. Ал қалған қажеті материалдарды арнайыландырылған компаниялардан аламыз.

Біздің зерттеуге қажетті материалдардың тізімі кесте 10.5-те көрсетілген. Бағаларын қазіргі нарықтық бағаға сай алдық.

10.5 – кесте-Материалдар

Материал

Өлшем бірлігі

Баға мың тг.

Саны

Барлық баға, мың тг.

Компакт дискілер

дана

0,05

50

2,5

Флэшка (1 Гб)

дана

0,85

3

2,55

Қағаз

қорап

0,5

20

10

Қаламдар

дана

0,02

25

0,5

Құрал-саймандар комплекті

дана

3

1

3

Жұмыс киімі (инженерге)

дана

10

1

10

Қорытынды:

28,55

Электроэнергия үшін төлемді дәлелдеу

10.6 – кесте -Электроэнергия төлемдері

Жабдық

Электроқуат

Бір айдағы жұмыс

Квт.Сағ

Эл.эн бағасы, мың тг

Айлық шығын мың тг.

Компьютер

0,4 кВт

24 сағ×25,4 күн

244

0,0088

2,14

Принтер

0,3 кВт

8 сағ×25,4 күн

61

0,0088

0,54

Санауыш

0,1 кВт

24 сағ×25,4 күн

61

0,0088

0,54

Қорытынды:

3,23

Кестедегі айына кететін шығынды 12 айға көбейтіп жылына кететін шығынды есептеп аламыз. 3,23×12 ай=38,76 мың теңге

Телефонды қолдану үшін төленетін төлем

Тқ = 470 теңге × 12ай = 5,64 мың теңге қалалық телефон үшін.

Тұ= 1,5 мың теңге× 3 адам ×12 ай= 54 мың теңге ұялы байланыс үшін.

Т=Тқұ=5,64+54=59 ,64 мың теңге.

Коммуналдық шығындар

Пайдаланатын су және канализацияға кететін шығындары төмендегідей анықталады:

Шс=60×25×С×Бс, (10.5)

мұндағы 60 – бір адамға жұмыста кететін су(л);

25 – бір айдағы орташа жұмыс күндері;

С – жұмыскерлер саны;

Б – 0,5 тг/л судың және канализацияның бағасы.

Шс=60×25×3×0,5=2,25 мың тг

Амортизациялық төлем

Амортизация шығындарына қолданылатын құрылғының құнынан алынады. Құрылғылар тізімі 11.7-кестеде.

Амортизация сомасы келесі формуламен анықталады:

А= Құрылғы бағасының 8%

10.7 – кесте - Арнайы құрылғылар

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бағасы ,мың тг

Амортизация нормасы,%

Амортизация сомасы ,мың тг

Компьютер

дана

1

60

8

4,8

Санауыш

дана

1

25

10

2,5

Принтер

дана

1

15

10

1,5

Кабель

м

1

3

10

0,3

Модем

дана

1

5

20

1

Қорытынды

10,1

Тура кірістер

Мұнда санауыш аспабын бір жылда зерттегенде оның бір сағат зерттеуі қанша тұратын және бір жылда қанша кіріс түсетінін есептелінген. Бұл аспаптың зерттеу жұмыстары үшін осы аспапты шығаратын заңды тұлғалар төлейтін болады. Зерттеудің бір сағаты – 800 теңге, яғни 0,8 мың теңге. Көрсетілген қызмет үшін қосылған құн салығы (Ққс) кіреді. Қосылған құн салығы – 16%. Біз күніне 8 сағат жұмыс істейміз, бір айда орташа 24 күн істейміз деп алып бір айда қанша табыс түcетін есептедік.

8 сағат×25 күн=200 сағат/ай

200 сағ/ай×12 ай =2400 сағат

2400сағ×0,8 мың теңге=1920 мың теңге

1920 мың тг. + 16%ҚҚС= 2227,2 мың тг.

Жалпы пайда

Пайда – шығарған бұйымның өз құнының толық есептелгеннен кейін менеджер және экономист коньюктураға орай пайданы қосып, фирмалық бағаны бекітеді.

Жылғы жалпы пайда – бұл жылғы барлық кірістерден шығындар шегеруіне тең сома.

Жылғы жалпы пайдадан 30% заңды тұлғалар табыстық салық ретінде бюджетке төленуі тиіс. Қалғаны таза пайда болады.

Кіріс –2227,2 мың тг. Шығын – 1289,4 мың тг.

Жалпы пайда = кіріс-шығын=2227,2мың тг. – 1289,4мың тг.=937,8мың тг.

937,8 мың тг - 30% = 656,46 мың тг.

Таза пайда 656,46 мың тг.

Тиімділік. Бағдарламадан түскен жылғы таза пайданы барлық шығынға бөлсек тиімділік шығады.

.

Тиімділік – 52,9%. Әлем тәжірибесі бойынша тиімділік мөлшері 12% кем болмауы тиіс.

Шығынды өтеу мерзімі. Егер шығарған капиталдың тиімділігі тиімділік ережесінен яғни, Т>12% артық болса, сол шараны немесе құрылысты енгізуге болады. Өтеу мерзімі тиімділікке кері шама.

жыл.

Берілген бағдарламаның шығынын 2,3 жылда өтелуі тиіс.

Техника – экономикалық көрсеткіштер

Мұнда біз алдында шығарылған экономикалық есептеулердің нәтижелерін енгіземіз.

10.8 – кесте-Техника-экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Мәні

Жалпы шығын

1289,4 мың тг.

Жобаны жасаған адамдар саны

3 адам

Жобаға қажет уақыт

2,5 ай

Жобаның енгізілетін саны

1 дана

Жылғы кіріс

2227,2 мың. тг.

Жылғы пайда

937,8 мың тг.

Таза пайда

656,46 мың тг.

Тиімділік

50,9 %

Шығынның өтем мерзімі

1,96 жыл

11 Еңбек қорғау

Бұл дипломдық жұмыстың еңбек қорғау бөлімі МСТ 12.1.005-88 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар», СНжЕ II-12-77 «Жобалау нормалары. Шудан қорғану», СНжЕ 23-05-95 «Табиғи және жасанды жарықтандыру», СНжЕ 2.01.02-85 «Өртке қарсы нормалар», СНжЕ 21-01-97 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі», МСТ 13761-68 «Ғимараттардағы өндірістік шулары зерттеу және есептеу», МСТ 17187-81 «Шуөлшегіштер. Жалпы техникалық талаптар мен сынау әдістері», СНжЕ 2.2.4.548-96 «Өндіріс орындарының микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптар», МСТ 23426-79 «Шу. Өндірістік ғимараттардағы қашықтық басқару мен қадағалау кабиналарының дыбыстық оқшаулауды өлшеу әдістері», МСТ 12.1.013-78 «Электр қондырғыларын қондыру ережелері» талаптарына сәйкес орындалды.

Жарықтандыру [13]

Өндірістік ғимараттарды жарықтандырудың келесі тәсілдері бар: табиғи, жасанды және аралас.

Табиғи жарықтандыру адамдардың үнемі болатын өндірістік ғимараттар-да қолданылуы керек. Табиғи жарықтандыру қабырғалық, төбелік, аралас (төбелік және қабырғалық) болып бөлінеді.

Жарықтандыру жағдайлары сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады. Оларға жарық күші, жарық ағыны, жарықтануы, жарықтығы, спектрлік құрамы, жарықтану мен жарықтықтың тұрақтылығы жатады.

Заттың көрінуі жарықтану деңгейімен, объектінің айқындылық фонымен, жарықтықтың таралуымен және объектінің бұрыштық өлшемімен анықталады. Бөлменің кез келген нүктесінің табиғи жарықтандырылуы табиғи жарықтан-дыру коэффициентімен (ТЖК) сипатталады, себебі табиғи жарықпен жарықтан-дыру күннің бұлттануына байланысты тәулік, жыл бойына тұрақты емес. ТЖК – ашық аспандағы диффузиялық жарықтан пайда болатын, табиғи жарық-танудың (бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың кейбір нүктесіндегі) сыртқы жарықтанудың сол кездегі мәніне пайыздық қатынасы.

Көпөлшемді өндірістік орындардың ТЖК ең кіші мәні жарықтың жойылған нүктесінде нормаланады:

- биіктігі 1,5м бөлме – I-IV разрядтық жұмыстар үшін;

- биіктігі 2м бөлме – V-VII разрядтық жұмыстар үшін;

- биіктігі 3м бөлме –VIII разрядтық жұмыстар үшін.

Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыруға қойылатын талаптарды (ТЖК, нормаланған жарықтандыру) 1-кестеден алынады.

Шу

Біздің заманымызда шу адамға ерекше әсер етеді. Дыбыс энергиясы барлық жерде пайда болады және жасанды жолмен жаратылып барлық жерге енеді. Дыбыс толқындары көбінесе ретсіз қиылысып, әсерлі күшке дейін жетеді де, адамға қатты әсерін тигізеді. Сол кезде біз шуға шағымданамыз [17].

Шу – кедергі келтіретін, жағымсыз, әртүрлі жиіліктегі және үдемелі қарқындықтағы кездейсоқ дыбыстардың жиынтығы.

Шу, қоршаған ортаның жағымсыз физикалық және өндірістік факторлардың кеңінен таралған түрі.

Шу әсерінен пайда болатын аурулар – мүкіс, асқазан ауруы, асқазан және жіңішке ішек жарасы көп жағдайда, шулы жерде жұмыс істейтін адамдарда жиі кездеседі. Шу жүрек ауруларына, психикалық ауруларға, сонымен қатар, қатерлі ісіктің пайда болуына себепші болады. Ол жүйке жүйесін әлсіретеді, ағзаның жалпы кедергісін төмендетеді. Шулы жағдай адамның еңбек өнімділігін төмендетеді [19].

Өндірістегі шу технологиялық жабдықтардың, отынды құрылғылардың, электрлік машиналардың, жану үрдістерінде және т.с.с. жұмыс істеуінен пайда болады. Әртүрлі шуларды бөлшектеп жазу мақсатымен, оларды акустикада бірнеше түрге бөледі:

1 ақ шу – спектральды тығыздығы белгілі бір диапазондағы жиілікке байланысты емес шу;

2 қызғылт шу – октавалық жолақта тұрақты энергиясы бар шу, яғни, әрбір октавалық жолақта жиілікке кері пропорционал дыбыс энергиясы болады;

3 үздіксіз шу – деңгейі белгіленген немесе белгісіз уақыт аралығында өзгеріссіз қалатын шу;

4 ауыспалы шу – деңгейі уақыт аралығында өзгеріп тұратын шу;

5 кездейсоқ шу – берілген уақытта амплитудасы мен жиілігі анықтал-маған шу;

6 кең жолақты шу – энергиясы жиіліктің кең диапазонында таралатын шу (бір октавадан көп);

7 импульсті шу – қысқа ұзақтығымен, әдетте 1 секундтан төмен, өте жоғары қарқындылығымен, лезде пайда болуымен, сөну жылдамдығы мен спектральді құрамы тез өзгеруімен сипатталатын шу;

8 үндестілік шу – кейде “әндеткіш” деп аталатын шу, уақыт аралығында ретсіз өзгеретін, кейбір жиілік басымырақ болатын шу;

9 қауіпті шу – оның әсерінен кейбір адамдардың есту қабілеті өзгеретін шу.

Рұқсат етілген шу деңгейінің мөлшерлері 1 және 2-кестеде келтірілген.

Шуды өлшеу үшін келесі аспаптар қолданылады.

Соседние файлы в папке черн