Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СПИД.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
161.79 Кб
Скачать

Бiз салауатты өмiр салтын таңдаймыз!

«Отан» Республикалық саяси партиясының «Жас Отан» жастар қанаты кеңесiнiң ұсынысымен «Ине» республикалық әлеу­меттiк акциясы ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты - жастар мен жа­сөспi­рiмдер арасында са­лауат­ты өмiр салтын қалыптастыруды насихаттау, оларды спортқа тарту,  нашақорлыққа, маскүнемдiкке салынуды азайту және оның алдын алу, ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес болып табылады. Аталмыш акция шеңберiнде, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап, Cалауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығымен бiрлесе жастардың арасында шығармашылық жұмыстардың республикалық конкурсы өткiзiлуде. Байқау екi турдан тұрады. Бiрiншiсi - iрiктеу, ол аймақтарда өтедi. Екiншiсi - қорытынды шығаратын республикалық комиссиясының деңгейiндегi сын. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар «Отан» партиясының филиалдарына хабарласулары керек.  Жұмыстарды аймақтық комиссияларға өткiзу мерзiмi бiр ай. 

Аталмыш сайысқа белсене қатысып отырған аймақтар ретiнде Алматы, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарын атап өткенiмiз жөн. Мысалы, Алматы облысының Сарқанд ауданында алғашқы iрiктеу туры өттi. Конкурсқа қатысқан 25 адамның шығармашылық жұмысынан бесеуi ең үздiк деп танылған екен. Бұл жұмыстар облыстық комиссияда жоғары баға алып, жеңiмпаздар грамоталармен марапатталды.

Жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау қызу жүргiзiлiп жатыр. «Жасотаншылар» белсендiлiк танытып, медицина қызметкерлерiмен, ғалымдармен, өнер, спорт қайраткерлерiмен бiрлесе түрлi бiлiм ордалары мен еңбек ұжымдарында кездесулер өткiзуде. Бұл кездесулердiң жастарға берерi көп екенi анық. 

Қазақстанда спид дертіне кезіккендер онша көп емес, бірақ есірткі және нәпсіқұмарлық кесірінен бұл ауруға кезіккендер саны жедел көбейіп отыр.

Адам құқықтарын қорғайтын ұйым Хьюман Райтс Уотч Қазақстандағы СПИД дерті жөнінде ресми дерек- мәліметтер жариялады.

Әлем елдерімен салыстырғанда СПИД дертіне кезіккен адамдар саны жағынан Қазақстандағы жағдай онша алаңдайтындай деңгейде емес. Бірақ бұл аса қатерлі дерт қазақ жерінде жедел тарауда, деп жазылған халықаралық адам құқықтары ұйымы Хьюман Райтс Уотч жариялаған дерекнамада.

2002 жылғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 мыңдай адам спид ауруын жұқтырған екен. Бұл Орта Азиялық қалған 4 мемлекетті қосқандағы аурулардан екі есе көп деген сөз.

БҰҰ СПИД - пен күрес бөлімшесінің деректеріне қарағанда СПИД - ке кезіккен адамдардың 85 пайызы наркоман - бәңгілер екен. СПИД өзгелерге сол бәңгілер қолданатын ине арқылы өтіп отырар екен. Ал Қазақстандағы наркомандар саны қазірдің өзінде 200 мыңнан асыпты. Бұл дерттің асқындауына, сондай-ақ адам құқықтарының қасақана бұзылуы да өз кесірін тікелей тигізетін көрінеді.

Орталық Азия және Ресей бойынша СПИД жөніндегі кеңесші Марие Струтердің бұл мәселе бойынша пікірі төмендегідей.

"Полицияның дөрекі әрекеттерінен, зорлық – зомбылық көрсетуінен және нәпсіқұмарлық әрекеттерінен құпия сауда қазіргі кезде қызып тұр. Олар дер кезінде емделуден де қашады", – дейді Струтер.

Мария Струтердің айтуынша, 1991-жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері нәпсіқұмарлардың саны еселей өсе түскен. Оларға көмектесетін полицияның өзі ретін тауып ол азаматшаларды зорлау, ұрып – соғу немесе қорқытып ақша алуды жиілеткен.

Оның айтуынша, полиция ол дертке кезіккендерді шамалы ғана есірткімен ұстаса болды, олардың "бизнесі" қызи түседі. Оларды қорқытып үркітіп барынша мол ақша жымқырып қалуға кіріседі.

Ал, Алматыдағы сауықтыру орталығында ем алып жатқан Наташа есімді келіншек тілшімізге былай дегенеді: "Ия полиция маған хайуандарша қылық жасады. Аузына келгендерін айтып, боқтап намысыма тиді. Екеуі мені зорламақшы да болды. Маған адам деп қарамады.

Кейбір құрбыларымды бір топ полиция кезектесіп отырып зорлады", - деді Мария.

Әділет министірлігі есірткімен күрес комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы СПИД жөнінде деректер келтірмегенімен, министрліктің бұл мәселеде БҰҰмен өзара ынтымақтаса отырып жұмыс істеп жатқандығы жөнінде айтады. Қазақстан СПИД-пен күрестің 5 жылдық бағдараламасын жасап, оған 150 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр екен.

Бірақ Мария Струтердің айтуынша, СПИД-ке кезіккендерге заң тәртіп орындары қызметкерлерінің адам ретінде қарап, құқықтарын аяқ асты етпеулері керек, деп есептейді. СПИД-пен күрес орталықтары Денсаулық Министірлігі қарамағында құрылғанымен олардың өзінің арасында кейде келіспеушіліктер болып жатады. Заң тәртіп органдары жағынан зорлық – зомбылық әрекеттері жиі кездеседі. Сондықтан наркомандар олардан қашып, алыс жүруге әрекетттенеді", - дейді Струтер.Струтердің айтуынша, СПИД-пен ауырып азап шегіп жүрген қазақ азаматтары полицияның зорлық - зомбылығына кезігіп тағыда бір рет қорланады. Оның үстіне отбасы, жұмыс орнында да сенімнен жұрдай болған олар енді айдалада қалған бейбақтай күн кешеді. Сонымен мамандардың топшылауынша, Қазақстандағы спид жағдайы барған сайын күрделене түсуде. Сондай-ақ, бұл дерт Орта Азиядағы көршілес қалған төрт мемлекет Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды да қауып астынада қалдырып отыр. Марие Струтердің айтуынша, бұл елдердегі жағдай да Қазақстанға өте жақын. Есірткі қолданушыларға орай жасалатын қысым, қорлық-зорлық бұл аймаққа да тән құбылыс көрінеді. Бірақ СПИД вирусына қарсы күрес бұл мемлекеттерде әлі бірер жүйелі түрде жолға қойылған емес, - дейді Струтер ханым.

Оңтүстік Африкада спидке қарсы күрес конференциясы өтті.

Спидке қарсы күреске арналған конференция барысында Оңтүстік Африка өкіметі біраз сындар астында қалды.

Аталған конференцияны Оңтүстік Африка өкіметі осы аптада, өз елінде өткізген еді. Оның барысында басқосуға қатысушылар бұл ел өкіметін СПИД ауруымен ауырғандар санын азайтуда ешқандай шаралар қолданбай отырғаны үшін айыптады. Дей тұрғанмен аталған конференцияның бұл елде өтуінің өзі Оңтүстік Африка өкіметінің СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетуіне түрткі болуы мүмкін,- деген де негіз бар. Ол бағдарлама бойынша аталған ауруға қарсы дәрілерді арзан бағаға кедей адамдардың алуына жағдай жасалатын болады. Жағажай қаласы Дюрбанда өткен бұл төрт күндік конференция барысында, ғимарат сыртында шерушілер өз наразылықтарын білдірісті.

Оңтүстік Африкада ВИЧ ауруына шалдыққандар әлем бойынша ең көп санды құрап отыр. Шамамен 4 миллион 800 мың оңтүстік африкалықтар осы ауруға шалдығып отыр. Күн сайын бұл елде аталған ауру белгісімен 600-дей адам өмірден өтіп жатады екен. Ол ауруға қарсы дәрі-дәрмектер сырқаттардың өмірін ұзарта түсер еді-, дейді мамандар. Алайда, өкімет өкілдерінің айтуынша, мұқтаждарға дәрілерді бұлайша үлестіріп беру тым қымбатқа түспекші. Олардың айтуынша, оңтүстік африкалық кедей емес азаматтарға да дәрі-дәрмектерді алу аса оңай емес. Денсаулық министірі Манто Тшабалала-Мсимаң ханым арқылы ел өкіметінің айтуынша, олар әзірге аталған бағдарламаны ел өміріне енгізуге дайын емес. Оның айтуынша Ұлттық Қазына министрлігі мен өзі басқарып отырған министрлікке ұсынылып отырған бұл бағдарламаның жайы талқыланған екен. Алайда, оны жүзеге асыруға әзір дайындықтар жоқ. Министрдің бұл мәлімдемесіне шерушілер қатты наразылық танытты. Соның бірі- Заские Ачмат деген азамат: “Біз министр Тшабалала-Мсимаңға біздің ауруханаларға кел. Бізбен бірге үйлерімізге бар. Қабірханаларға кел, сөйт те біздің халқымыздың не істеп жатқанын көр. Бұл ауруға қарсы күресте өздеріңнің не тындырып жатқандарыңды сонда көресің, дегіміз келеді,”- деді шерушілер атынан.

Дей тұрғанмен елдің Батыс мүйісіндегі провинцияда СПИД ауруына қарсы күрес бұдан бірнеше жыл бұрын басталып кеткен екен. Соның нақты нәтижелері, тұтас елде күрес шараларын жүргізу жолында, ел өкіметіне үлгі бола алады. Атап айтқанда 1999-шы жылы бұл аймақта анасының ауруы балаға ауыспасын, деген бағытта көптеген алдын-алу шаралары жүргізіліген болатын. Қазірдің өзінде бұл провинцияда 10 мыңнан аса әйелдер ауруларына қарсы емдік дәрілерді қабылдауда. Өкілдердің айтуынша, алдағы 10 жыл ішінде тағы 30 мыңдай адамға осындай қол ұшын беру жоспарлануда. Сондай-ақ аталған провинцияның шалғай ауылдарында тұратын қарапайым халықты тегін түрде тексерулерден өткізіп тұру да қарастырылуда. Оған жұмсалатын қаржылар шет елдік көмек көздерінен алынып отыр, - дейді Азаттық радиосының тілшісі Рон Синовиц мамандар пікіріне сүйене отыра.

Елбасының жарлығымен 2002-ші жыл “Денсаулық жылы ” блып жарияланды. Бұл медицина тарихындағы үлкен белес, үлгі ретінде бағаланылатын қадам деп есептеймін. Елбасының бұл шешімін медицина қызметкерлері де, көпшілік қауым да қуана қарсы алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]