Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СПИД.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
161.79 Кб
Скачать

IV. Ғасыр індетіне қарсы ұлттық бағдарлама қажет

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде “соңғы уақыттары Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың жағдайын шынайы тұрғыда емес, тіпті теріс жағынан көрсететін материалдардың берілуі жиілеп бара жатқандығына” орай жасаған мәлімдемесіне байланысты түсінбеушілігін білдіреді. Үстіміздегі жылғы 20-30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-сессиясының негізгі пікір-таластарына қатысады. Сессия барысында Министр ВИЧ/СПИД-ке қарсы күресті жақтау туралы Декларацияны іске асыруға арналған жоғары деңгейдегі БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық мәжілісіне, Қосылмау Қозғалысына мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайын өткізілетін кездесуіне, сонымен қатар, Ислам Конференциясы Ұйымының мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің жыл сайын өткізілетін үйлестірушілік кездесуіне қатысады. БҰҰ Бас Хатшысы, Германия, Франция, Бельгия, Корея Республикасы, Түркия, Ауғанстанның Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулері жоспарлануда. Сол жылы барлығы төрт сәби есепке алыныпты. Олардың екеуі аборт жасатып, екеуі аман-есен босанған. Қазір алғашқы сәби бір жастан асты. Екіншісіне алты ай толғалы отыр. Сәби іште жатқаннан-ақ анасы арқылы ВИЧ инфекциясына қарсы ем-дом жасаған СПИД-ке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың дәрігерлері кезінде сәбидің болашағы жайлы ештеңе айта алмаған еді. Сәби инфекциямен зақымданғанның өзінде оны екі жасқа дейін айыру мүмкін емес деген тұжырым айтылған. Алайда, Алматы қаласындағы СПИД орталығына жаңа технологиялық жабдықтар берілуіне байланысты өмірге келгеніне көп болмаған сәбиден де ВИЧ инфекциясын анықтауға мүмкіндік туды. Жақында біздегі екі жас нәресте Алматыдан арнайы тексеруден өтіп қайтты. Екеуінің бойында да қауіпті дерттің ұшығы жоғы анықталды. Іште жатқан кезінен сәбидің ғасыр індетіне шалдықпауына бар күш-жігерін жұмсаған дәрігерлердің еңбегі ақталды. Дегенмен, қуануға әлі ерте болып шықты. Облыстағы СПИД орталығына тағы бір барғанымызда жайсыз мәліметтерді естіп көңіліміз түсті. Аталмыш орталықтың эпидемия бөлімінің меңгерушісі Шәмшия Шукалованың айтуынша, биыл ВИЧ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдердің саны жеті адамға жетіпті. Инфекциясы бар әйелдің жатырындағы сәбиді дүниеге сау күйінде келтіру көп жағдайда мүмкін емес нәрсе. Оған соңғы зерттеулердің қорытындылары дәлел. Мұндай сәбидің өмірі ұзақ болмайтыны да белгілі болды. Осындай тұжырымдарға сүйене отырып, сәби күткен аналарға аборт жасауға кеңес бердік. Барлығы келісімін берді. Оларға мерзімін өткізбей түсік те жасадық. Тек биылғы жылдың мамыр айында тіркелген бір әйел ғана қарсылық білдіріп отыр. Түсіндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бір ескерер жай - екіқабат әйелдердің өздері және кейбірінің күйеуі нашақор. ВИЧ инфекциясы осы нашақорлар арасында өршіп тұрғаны баршаға аян,-дейді Шәмшия Ибатқызы. Қауіпті дерттің қармағына іліккен аналардың ішінде өзіміздің қара- көздеріміздің бар екені қынжыларлық жай. Ойланбай жүріп от басып, өз өмірін бүлдіріп қана қоймай, дүниеге келер сәбиді қыршынынан қиды. Бұдан өткен ауыр күнә бар ма? Күні кешеге дейін облысымызда мұндай фактілер тіркелмей келді. Аталмыш орталықтың жұмысы нашарлап кетті дейтіндей емес. Былтыр облыстық бюджеттен бөлінген 20 миллион теңге жаңа техникалық аппараттармен жабдықталып, үлкенді-кішілі кітапшалар шығарып, барлық жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түрмеде, колонияда, нашақорлар арасында тексерулер жүргізілуде. Осындай атқарылған істердің арқасында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 145 адам анықталды. Барлығы қатаң бақылауға алынып, басқаларға жұқтырмаудың тәсілдері жөнінде ақыл-кеңес беріледі. Нашақорларға тегін шприцтер таратылады. Вирусты жұқтырғандардың дені 18-29 аралығындағы жастар болғандықтан мектептерде, жоғары оқу орындарында және басқа да жерлерде арнайы кездесулер, әңгімелесулер өткізіледі. Ғасыр індетінен сақтану шаралары осылай кеңінен насихатталуда. Бірақ осыған қарамастан қауіптің кейін шегінер түрі көрінбейді. Жұқпалы вирустың қаланы қойып, ауылдарға тарай бастауы маман-дәрігерлерді қатты алаңдатып отыр. Жақында Бөрлі ауданынан екеуі тіркелсе, Шыңғырлаудан үш адам табылыпты. Сондай-ақ Теректіден біреуі, ал Зеленов ауданынан төртеуі бірдей "тажалдың" тырнағына іліккен. Бұлардың бәрі қалаға жақын аудандар. Ертең шалғайдағы аудандардан да вирусты жұқтырушылар шығып жатса, жағдайдың тіптен ушығары сөзсіз.

- Алтын діңгегіміз ауылдың өзегіне құрт түсер болса, өзгемізден не хал сұрарсың. Бірте-бірте қанатын жайып келе жатқан осы бір індет бүгін облыстың өзіне қауіп төндіріп тұр. Бұған көз жұмып қарауға болмайды. Ал, бізге биылғы жылы СПИД-ке қарсы күрес шараларына ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Мұндай жайбарақаттыққа жол беруге болмайды. Вирустың тарап бара жатқанына қарағанда есепке ілікпей жүргендердің әлі де болғаны. Індетпен көп болып күреспесек, жалғыз орталықтың шамасы жетеме,-дейді. Бұл сөздің жаны бар. Қаншама жастарымыз айықпас дертке шалдығып, отбасына, қоғамға кесел болып жүр. Бәріміз бірігіп күреспесек, бұл беті қайтпайтын ауру екенін түсінетін уақыт жеткен сияқты. Өмірге болашағы бұлыңғыр сәби әкеле жаздаған жеті ананың мәселесін әзірге түсінікпен "шештік". Екі сәбиді аталмыш орталық дәрігерлері үлкен еңбекпен өмірге аман-сау әкелді. Әлі де өз қамқорлығына алып, балалардың денсаулығы жақсы болуына барынша күш салуда. Тағы бір вирус жұқтырған ана айы-күнін күтіп жүр. Әзірше біреу дейміз. Ертең ондай аналардың саны көбеймесіне кім кепілдік бере алады?

Алматы. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат. Орталық қалалық клиникалық ауруханада мамырдың 4-інде Алматы қалалық денсаулық департаменті мен демікпемен ауыратындардың «Салауатты Отан» медициналық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік демікпе ауруы күні-2004» шарасы өтеді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараны ұйымдастырушы демікпе ауруына қарсы GINA ғаламдық бастама өкілдерінің мақсаты – жұртшылық пен коммерциялық құрылымдардың назарын осы қауіпті дерттің алдын алу мен оны асқындырмай емдеуге аудару. Бүгінде дүние жүзінде 150 миллионнан астам адам демікпе ауруынан зардап шегеді. Дәрігерлердің айтуынша, егер оны емдеуге дер кезінде мән бермесе, 2025 жылға қарай аурудың саны 100 миллион адамға жететін көрінеді. Соңғы 8 жылда бұл аурудан опат болғандар саны орта есепте 30 пайызға көбейген. Қазақстанда да бұл аурудың беті қатты. Оның себебі, біздің елде азаматтардың көпшілігі өз денсаулығына салғырт қарауы салдарынан ауру асқынғанда, яғни емдеуге бой бермейтін кезде ғана алғаш рет тіркеледі. Ең жаманы, бұл ауру жастар мен жасөспірімдер арасында көбейді, тіпті ол 8 айлық және 1 жастағы сәбилерден де табылып отыр. Демікпеге шалдыққан әрбір ауруды емдеуге 2 мың АҚШ долларынан астам қаржы керек. Мамандардың айтуынша, әлемде демікпені емдеуге жұмсалатын шығын СПИД пен құрт ауруын емдеуге жұмсалатын қаражатты қоса есептегеннен де асып кетеді екен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]