Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

02-06-2014_21-54-37 / pikir Tan

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
12.71 Кб
Скачать

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

5В020500 – Филология: қазақ тілі мамандығының 4 курс студенті

Амантай Таңшолпанның «Қазіргі қазақ журналистерінің сөйлеу ерекшеліктері»

атты диплом жұмысына

ПІКІР

Журналистер тілін зерттеу – қазіргі қазақ тілі ғылыми парадигмасының өзекті де өміршең бағыты.

Тіл – қоғамдық құбылыс болған соң, ол біркелкі дамымайды. Тілдік орта, тілдік жағдаят, тілдің әлеуметтілігі сияқты экстралингвистикалық факторлар тілге үнемі әсер етіп отырады. Осы тұрғыдан келгенде, журналистер тілі – өзі өмір сүріп отырған қоғамның ғана тілі емес, сол ортаның тілдік ерекшелігі де.

Амантай Таңшолпан қазіргі теле-радио журналистерінің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу нысаны етіп алған. Теле-радио журналистерінің нақты сөйлеу әрекетіне, сөз саптауына, сөз орамдарына, интонация мен бейвербалдық амалдарнына ерекше мән берген.

Бірінші тарау теле-радио журналистерінің қоғамдық рөліне шолу жасап, олардың қоғамдық қызметі мен халыққа берер эстетикалық-танымдық мәдениетін тілге тиек етеді.

Сондай-ақ, студент теле-радио журналистерінің сөйлем құрауын прагмастилистикалық жағынан қарастырады. Яғни теле-радио журналистерінің сөз сөйлеу процесінде қолданылатын барлық тілдік амалдар мақсатты түрде, алдын ала дайындалған нұсқада жүзеге асады.

Сонымен бірге Амантай Таңшолпан теле-радио журналистерін басқа сала мамандарынан ерекшелеп тұратын тұсын арнайы тараушаға бекіткен.

Сөйлеу мәнері мен интонация – журналистің «екінші аты». Мұны зерттеуші өз зерттеуінде сөйлеу әрекеті мен интонацияның прагматикалық әсері тұрғысынан түсіндіреді.

Екінші тарау, теле-радио журналистерінің тақырып таңдау ерекшелігінен басталады. Әсіресе, журналистің сөз саптауы, сөзге шеберлігі, ситуацияны (жағдайды) дұрыс бағалай білу мен ұйымдастырушылық қабілеті ашып айтылған.

Теле-радио журналистерінің қоғамдық қызметінің ең маңыздысы – қарым-қатынас. Тілдік қарым-қатынас орнатудың кең тарған түрі – сұхбат. Студент осы ерекшелікті байқай отырып, «сұхбат» жүргізудің тілдік амалдарына терең тоқталады. Этикеттік норма мен тілдік норманың сақталу үлгілеріне нақты мысалдар келтіреді.

Бір сөзбен айтқанда, бітіруші Амантай Таңшолпанның жұмысы жоғары деңгейде жазылған. Студентті бакалавр академиялық дәрежесіне лайық деп, жұмысын «100» балмен бағалаймын.

Рецензент

Ф., ғ., доценті Тымболова А.

Соседние файлы в папке 02-06-2014_21-54-37