Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

02-06-2014_21-54-37 / pikir

.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
17.16 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ

4 КУРС СТУДЕНТІ ИСАКОВА УЛПАННЫҢ «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САЯСИ МЕТАФОРАЛАР» АТТЫ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА

ПІКІР

Бітіруші Исакова Улпанның «Қазақ тіліндегі саяси метафоралар» деп аталатын дипломдық жұмысы қазіргі тіл білімінде жеткілікті зерттелмеген тақырыптардың бірі. Саяси метафораның ерекшелігіне қатысты теориялық еңбектер көбінесе орыс тілінде. Соған қарамастан жан-жақты зерделеп, саяси метафораның табиғатын түсініп аша білген. Ұсынылып отырған диплом жұмысының өзектілігі қазіргі қоғам дамуының тілдегі көрінісін метафора арқылы танытатындығында.

Исакова Улпан дипломдық жұмысының тақырыбын қарастыруда айқын мақсат қоя білді және осы мақсатқа жету жолында алға қойған міндеттерді толық орындады.

Студенттің жұмысқа қызығушылығы жоғары. Мұны саяси метафораларды жан-жақты талдауынан көруге болады. Әсіресе тілдік материалдарды көп жинаған. Тұтастай алғанда, дипломдық жұмысты жазу барысында студент көп теориялық еңбектерді қарастырып, өз білім деңгейімен ұштастыра білген, сонымен қатар саяси метафораларды жеткілікті деңгейде қарастырып, зерттеу нысаны бойынша нақты мәліметтерді пайдаланған. Жұмыста қолданылған әдістер де ғылыми әрі жүйелі түрде орындалған. Осының негізінде өзіндік ғылыми ізденіс жүргізгендігін байқауымызға болады.

Бітіруші Исакова Улпан өз жұмысында орыс ғалымдарының мәселен, А.П. Чудинов, Н.Д. Арутюнова және қазақ ғалымдарының Б. Хасанов еңбектерін, сондай-ақ басқа да дереккөздерді тиісінше дұрыс пайдалана білген.

Қорыта айтқанда, студент Исакова Улпан «Қазақ тіліндегі саяси метафоралар» атты дипломдық жұмысы тақырыптың таңдалуы, материалдардың сұрыпталуы және ғылыми аппаратының тереңдігі жағынан бітіру жұмыстарына қойылатын талаптарды толық қанағаттандырады. Осыған байланысты жұмыс қорғауға жіберіледі.

Ғылыми жетекші

Филология ғылымдарының

докторы, профессор Г. Смағұлова

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ

4 КУРС СТУДЕНТІИСАКОВА УЛПАННЫҢ

«Қазақ тіліндегі саяси метафоралар» тақырыбына жазылған диплом жұмысына

ПІКІР

Бітіруші Исакова Улпанның қорғауға ұсынылып отырған «Қазақ тіліндегі саяси метафоралар» тақырыбына жазылған диплом жұмысының мақсаты – қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафораларды анықтау.

Жұмыста студент тақырыпқа қатысты саяси метафораның табиғатын, пайда болуын, метафораның қолданылу аясына қатысты түрлерін айқындап, олардың саясатта, ұлттық баспасөз беттерінде көп қолданылатындығын көрсетіп кеткен. Сонымен қатар жұмыста саяси метафораны анықтаудағы негізгі тілдік критерийлерді белгілеген. Жұмыстың мазмұны сипаттау, баяндау, талдау, салыстыру, саралау әдістеріне негізделген.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараулы негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау «Метафораның зерттелуі және түрлері» деп аталады.Ол «Саяси қарым-қатынастағы метафораның қызметі», «Саяси метафора туралы» деген бөлімдерден тұрады. Екінші тараудың атауы «Метафора қызметтерінің парадигмалары». Екінші тарау «Қазақ тіліндегі саяси метафора және дискурсивтік талдау», «Саяси метафораның модельдену ерекшеліктері» деген екі бөлімді қамтиды.

Жұмыстың тілі жатық, стильдік, орфографиялық қателер кездеспейді. Тараулар арасында жүйелік сақталған, тараушалардағы талданатын мәселелер бірін-бірі толықтырып отырады. Жұмыс диплом талаптарына сай жазылған.

Бітірушінің мәліметтерді логикалық жақтан жүйелі бере білуіне және алынған нәтижелеріне байланысты қорғалып отырған жұмысты аяқталған, біртұтас еңбек деп есептеуге болады.

Қорыта айтқанда, бітіруші Исакова Улпанның «Қазақ тіліндегі саяси метафоралар» атты диплом жұмысы тақырыптың таңдалуы, материалдардың сұрыпталуы және ғылыми аппаратының тереңдігі жағынан бітіру жұмыстарына қойылатын талаптарды толық қанағаттандырады, осыған байланысты жұмыс біздің тарапымыздан «өте жоғары» деп бағаланады.

Диплом жұмысына пікір білдіруші

ф.ғ.д. проф. Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ Қалиев Б.

Соседние файлы в папке 02-06-2014_21-54-37